Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ағылшын тілінде сандар да сөйлейді

29 ақпан 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Ағылшын тілі
Атырау қаласы,
КМҚК №55 балабақшасының ағылшын тілі маманы
Сабитова Асылзат

Тақырып: Ағылшын тілінде сандар да сөйлейді

Мақсаты: Балаларды 1 ден 10 ға дейін тура және кері санай білуге машықтандыру. Сұраулы "What is it?", "How many?", "What colour?" сұрақтарын қолдана білуге және оған жауап бере білуге дағдыландыру. Балалардың шет тіліне деген, математикалық ұғымға деген қызығушылықтарын арттыру.
Қажетті құралдар: Сандар жазылған карточкалар, көңіл – күйді бейнелейтін смайликтер, түрлі – түсті шарлар, тақта, үнтаспа мен музыкалық центр, мультимедиа.
Әдіс - тәсілдер: Балалармен ағылшын тілінде амандасу. Сандарды тура және кері санау.
Көрнекілікті пайдалану, ойын ойнату, музыкалық - ырғақты жаттығу жасату, видео көрсету.

I. Ұйымдастыру бөлімі
Амандасу (Greeting)

Teacher: - Good morning, children!
Children: - Good morning, Assylzat Sabitkyzy!
Teacher: - Балалар, біздің бүгінгі оқу іс - әрекетіміз ерекше болғалы тұр. Сендердің ағылшын тілін қалай меңгеріп жүргендеріңді көру үшін бізге бүгін қонақтар келіп отыр. Қәнекей, қонақтарымызбен де ағылшын тілінде амандасып жіберейік.
Children: - Good morning, teachers!
Шаттық шеңбер

Teacher: - Well done! Let` s make a circle and sing a song «Make a circle».
Make a circle big, big, big
Small, small, small
Big, big, big
Make a circle small, small, small
Hello, hello, hello!

Make a circle round and round
Round and round
Round and round
Make a circle round and round
Hello, hello, hello!
Make a circle up, up, up
Down, down, down
Up, up, up
Make a circle down, down, down
Now sit down!

II. Негізгі бөлім
Teacher: - Жарайсыңдар! Балалар сендер менімен бірге «Сиқырлы сандар әлеміне» саяхат жасап қайтқыларың келе ме?
Children: - Иә
Teacher: - Олай болса, қалай ойлайсыңдар, біз «Сиқырлы сандар әлеміне» немен жете аламыз?
Children: - by car, by bus, by train, by plain etc.
Teacher: - Дұрыс айтасыңдар. Біз күн сайын көлікке де автобусқа да мініп жүрген болармыз. Олай болса, саяхат жасау үшін біз бүгін пойызға мінейік.(пойыздың дауысымен балалар шеңбер бойынша жүріп, «Сиқырлы сандар әлеміне» келіп тоқтайды, балалар пойыздан түскен бойда оларды Даша атты сүйікті кейіпкері қарсы алады)
Teacher: - Балалар, бұл кімнің дауысы? Сендер бұл қызды танисыңдар ма?
Children: - Иә, бұл Даша
Teacher: - Ол сонда қазақ тілінде емес, қай тілде сөйлеп тұр?
Children: - Даша ағылшын тілінде сөйлеп тұр
Teacher: - Солай ма? Олай болса, кәніки біз де Дашаға ағылшын тілінде сөйлеп те, санап та білетінімізді көрсетейік. (Балалар интерактивті тақтада көрсетіліп жатқан «How many?» бейнежазбасына назар аударады)
Teacher: - Жарайсыңдар! Балалар, таспада көрсетілген «How many?»
сұрағы қандай мағынаны білдіреді?
Children: - Неше? Қанша?
Teacher: - Бәрекелді, балалар, кәніки барлығымыз тағы да мына ғажайып тақтамызға назар аударайықшы. Дашаның бізге де айтары бар секілді. (№1 бейнетаспаны қосып, Дашаның анасы екеуі ойын – сауық кешеніне барғысы келетінін, бірақ бару үшін бірнеше тапсырманы орындау керектігін айтады)
Teacher: - Балалар, Даша анасы екеуі көлікке мініп, ойын – сауық кешеніне бара жатқан кезде алдарынан нелер шықты?
Children: - Baby dugs.
Teacher: - Дұрыс айтасыңдар. Біз Даша мен оның анасына көмектесуіміз керек. Олардың алдынан шыққан кішкентай үйректер біздерге мынадай тапсырма дайындап қойған екен. Бұл тапсырманың аты "What is it?", "How many?" деп аталады. Бұл тапсырманың шарты: бір сурет көрсетіледі. Мен сендерге "What is it?" сұрағын қоямын. Сендер маған «It is a …» cөз тіркесін қолдану арқылы суретте не бейнеленгенін айтып бересіңдер. Сонымен қатар "How many?" сұрағына суретте көрсетілген заттарды санап беру арқылы жауап бересіңдер. Ойынның шарты түсінікті болса, бастаймыз. Stand up, Asima. Come, here! What is it?
Children: - It is a car.
(Ойын осылай жалғасады. Бейнетаспада Даша мен анасы үйректердің аналарынының қасына оралғанын көріп қуанып жатқаны көрсетіледі. Алайда, жолда келе жатқан кезде олардың алдын пойыз бөгейді.)
Teacher: - Балалар, Даша мен оның анасы бізден тағы да көмек сұрап жатыр. Олардың алдынан не шықты?
Children: - blue train.
Teacher: - Дұрыс айтасыңдар. Пойыз өзінің сандар жазылған шарларын жоғалтып алыпты. Ал оның түрлі – түсті шаралары бізге қонаққа келіп, бірге ойнағысы келіп тұр екен. Түрлі – түсті сандар жазылған шарлармен ойнаймыз ба?
Children: - Иә.
Teacher: - Олай болса, қазір біздер «Шардағы сандарды тап» атты қимылды ойынды ойнаймыз. Бұл ойынның шарты: мен сандар жапсырылған 10 түсті шарларды жерге қоямын. Алдымен 10 бала шығып, шарларды айналып билейді. Мысалы мен five дегенде бір бала шапшаңырақ 5 саны жазылған шарды көтеріп, ол шардың түсін ағылшын тілінде атауы керек. Кім тез ойлап, тез табады сол ақылды бала болады. Ойын осылай жалғасады.
(Балалар шарларды көрсетіп, "What colour" сұрағы бойынша олардың түсін атайды)
Teacher: - Жарайсыңдар, ақылдыларым. Даша мен оның анасы сендердің пойызға көмектескендерің үшін қуанып жатыр. Алайда, Дашаның анасы су үсті көпірінен өте алмай тұр. Себебі, көпір сынып қалған екен. Ең алдымен, көпір ағылшын тілінде қалай болатынын айтайықшы.
Children: - bridge

Сергіту сәті (Physical training)
Teacher: - Бәрекелді!!! Ал енді көпір жөнделу үшін біз сандарға арналған әдемі сергіту сәтін орындап жіберейік.
Біз сынып қалған көпірді де «How are you today?» атты ырғақты – музыкалық әуен арқылы сиқырлап жөндеп жібердік. Well done, thank you!(Бейнетаспада көпірдің жөнделіп, Даша мен оның анасы қуанып жатқаны көрсетіледі. Ойын – сауық кешеніне жетуге аз – ақ қалғанда, олардың алдын қу түлкі бөгейді. Ол көліктің барлық дөңгелектерін шешіп алады. Даша мен оның анасы оларға көмектесулерін сұрайды)
- Балалар, қу түлкі Даша мен оның анасына көліктің дөңгелектерін қайтару үшін бізге тапсырма дайындап қойған екен. Тапсырмасын орындаймыз ба?
Children: - Иә.
Teacher: - Олай болса, біздің келесі тапсырмамыз «Жұмбақтың жауабын тап» деп аталады. (Балалар жұмбақтың жауабын тауып, оны ағылшын, орыс тілінде айтады. Бұл тапсырманың да жақсы орындалғанын көріп, қу түлкі Даша мен оның анасына көліктің дөңгелектерін қайтарады. Олар армандаған ойын – сауық орталығына да жетеді. Балаларға да алғысын білдіреді.)

III. Қорытынды
Teacher: - Бәрекелді балалар. Біздің бүгінгі оқу іс - әрекетіміз керемет өтті. Сендер де белсене қатысып, Даша мен оның анасының алдынан кездескен тапсырмаларды бұлжытпай орындай білдіңдер. Оқу іс - әрекетін қорытындылай келе, барлығымыз 1 ден 10 ға дейін тура және кері санайық.
Children: - one, two, three, four, five, six, seven, eight, nine, ten.
ten, nine, eight, seven, six, five, four, three, tow, one
Teacher: - Балалар, мен сендердің бүгінгі оқу іс - әрекетінің ұнаған немесе ұнамағандығын көру үшін сендерге мынадай смайликтер таратып берейін. Балалар, егер сендерге оқу іс - әрекеті ұнаса, күліп тұрған смайликті көтеріңдер. Ал ұнамаса, қабағын түйіп тұрған смайликті көтеріңдер.(Балалар өз еркімен смайликтерді жоғары көтереді)

IV. Мадақтау. Бағалау
Teacher: - Балалар, бүгінгі оқу іс – әрекетіне сендер жақсы қатыстыңдар.
Teacher: - Well done. Thank you. The lesson is over! Good bye, children!
Children: - Good bye, Assylzat Sabitkyzy. Good bye, teachers!
Teacher: - See you soon!
6 245
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ғажайып түстер – Funny Colors
Ғажайып түстер – Funny Colors
Мақсаты: Түстердің атауын ағылшын тілінде атауға үйрету. Эстетикалық тәрбие беру. Балалардың танымдық қызығушылығын арттыру.
Astana is the heart of the country
Astana is the heart of the country
Мақсаты: балаларға Астана қаласының әсем ғимараттарымен таныстыру. Елорда туралы түсініктерін кеңейту, балалардың сөйлеу дағдыларын арттыру.
Farm and wild animals
Farm and wild animals
Үй жануарлары мен жабайы жануарлар туралы түсіндіру, олар туралы әңгіме құрауға үйрету. Әр бір жануардың ағылшын тілінде айтылуымен таныстыру.
hello
hello
«Шет тілі», «ағылшын тілі» ұғымдарын қалыптастыру, атап айтқанда – тілдік коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру.
Animals. Жануарлар
Animals. Жануарлар
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың жануарлар, олардың атаулары жайында ағылшын тілінде алған білім, білік дағдыларын тереңдету.
Жыл мезгілдері – Seasons
Жыл мезгілдері – Seasons
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №11 "Балапан" балабақшасының ағылшын тілі мұғалімі Өркен Айтқалиев
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×