Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ағылшын тілінде сөйлеуді қалыптастырудың әдістері

17 желтоқсан 2016, Сенбі
Категориясы: Ағылшын тілі
Ағылшын тілінде сөйлеуді қалыптастырудың әдістері

Тіл – қарым - қатынас құралы. Тіл сөйлеу арқылы жүзеге асады, сөйлеу арқылы ғана дамып, өмір сүреді. Біз шет тілін оқыту туралы айтқанда, оны ең алдымен қатынас құралы ретінде оқимыз.

Сөйлеудің негізгі мағынасы адамның әлеммен қарым - қатынасы адам санасында көрініс табатын ой. Сөйлеудің негізгі объектісі адамның шыншыл өмірмен байланысты. Биляев ойынша шет тілін игеру яғни басқа тәсілдермен және жолдармен санадағы ойды шығару. Сөйлеуді адамдар бірдеңені айту қажеттілігі туған кезде қолданады. Ағылшын тілін оқытудың алғашқы сатыларында оқушыларда ағылшын тілінде өз ойын жеткізу қажеттілігі туады. Ол қарым - қатынас жасап отырған қимыл іс - әрекет негізінде көрінеді. Мысалы бірдеңені жеткізу, сұраққа жауап беру, өтінішті орындау сондай - ақ қаламды әперу, есікті ашу, тақтаны сүрту т. б. Бұл жағдайлардың негізгі мақсаты күтілетін қорытынды. Ағылшын тілінде ойды жеткізу кезінде оқушы естегі сөздерді теріп (анализ) оны ойды жеткізу үшін сөйлеу бүтініне қосу керек (синтез). Сөзді жадыда сақтау үшін оларды белгілі бір нәрсемен қатысты жүйелеу керек. Олар парадигматикалық және синтагматикалық бола алады. Сөйлеудің осы екі түрі көп болса оқушының сөйлей алу қабілеті жоғары болады.

Парадигматикалық байланыс негізінде сөздерді әртүрлі белгісіне қарап есте сақтай алады.
- жазу кезіндегі бірдей дыбысталу two - too
- one - won, see - sea
- мағына жақындығына байланысты Мысалы: small - little
- мағынасының қарама - қарсылығына байланысты answer - ask
Cөйлеу кезінде синтагматикалық байланыста үлкен роль атқарады. Яғни басқа сөздермен сәйкес келу негізінде мысалы order деген сөз келесі сөз тіркестерінде қолданылады.
- order - something (order dinner, order breakfast, a new coat etc )
- order to do something (order to stand up, to close the door, to stay in bed)
- give an order to do something (to stand up, to stay after classes)
Осы сөздердің таңдалынып алынуына сөйлеушілер арасындағы қарым - қатынас лексикалық сөздік қорлары қатысты құралдарды таңдап алу процесінде мынадай жағдайлар іске асады.
- күнделікті қолданылатын ағылшын тіліндегі бірліктер
Good afternoon, thank you my name is, I am on duty, may I come in.
Сөздердің орнын ауыстыру және құрылымын өзгерту. Мысалы: My name is деген дайын тіркестен name is бірлігі өзгеріссіз қалып my түрін his, her немесе my sister’s деп ауыстыруға болады. Осы құрылымды өзгерту кезінде біріншіден ойлау тікелей мен арқылы жүзеге асып 2 - ші жағдайда грамматикалық құрылымы іске асады. Шет тілін оқытудың қиындығы осында. Адам ойын жеткізер кезінде оны бірінші ойлап алады ал ол ана тілінде іске асады. Сөйлеу құрылымының 3 - ші бөлігі ойды жүзеге асыру бөлімі.

Сөйлеу аудирование, оқу және жазумен тығыз байланыста. Аудирование мен сөйлеу ойды ауызша жеткізу ретінде бір - бірімен тығыз байланысты. Сөйлеу бұл тікелей оқумен байланысты. Яғни сөйлеу мен дауыстап оқудың қарым қатынасын дәлелдеп жату артық. Сөйлеу жазумен де байланысты. Мысалы оқушы жазу үстінде өз ойынан сыбырлап айтып отырады.

Сөйлеу монологтық және диалогтық түрде жүзеге асырылады. Ол методикалық мақсат негізінде де жүзеге асады яғни әрбір сөйлеу формаларының лингвистикалық ерекшеліктерін көрсету негізінде. Монологтық ойлауға ойды толық жеткізу және бір - бірімен байланысты болу деген мінездеме тән. Диалогтық сөйлеу клишелерін және элиптикалық сөйлемдерді қолдану негізінде жүзеге асады. Мысалы сөйлеу практикасында жалпы сұрақтарға иә, жоқ деген қысқа жауап ала аламыз. Оқушылар көбінесе бұндай жауапқа қанағаттанбай толық жауап сұрайды. Мысалы is it tuesday today деген сұраққа yes, it is немесе yes it is already tuesday today деп жауап беруге болады. Альтернативтік сұрақтарға жауап ретінде мынандай мысалдар келтіре аламыз. Yes, it is an English book or Russian one сұрағына it is a Russian one немесе a Russian one деген жауап ала аламыз.

Арнайы сұрақтарға мынадай жауап ала аламыз what is red. The flower is who will go to the cinema. My brother will. деген сияқты жауап алуға болады.
Монологтық сөйлеуге «хабарлау» деген мінездеме бере аламыз. Оларға мынандай мысалдар көрсете аламыз. Мысалы оқушылар қайда оқимыз немесе бүгін қай күн деген сөздерді ағылшынша жеткізе алу қажет. Ағылшын тілің оқыту кезінде оқушылар сөйлеуге ұмытылады. Тіпті оқушылардың лексикалық сөздік қорлары минималды дәрежеде болса да олар тілдің коммуникатививтік қызметін сезіне бастайды. Ағылшын тілін оқытудың алғашқы жылдарында оқушыға сұрақтарды қою, оған жауап беру т. б сияқты ұсақ сөйлеу бірліктерін оқытушы сұрайды. Сөйлеу кезінде оқушы кем дегенде үш сөйле монологтық сөйлеуге сөйлеу дайындықсыз іске асады, яғни тілдің тіл материалының көлемі бес сөйлемнен кем болмау керек. Оқытудың екінші жылында диалогтық сөйлеу кезінде әңгімені жүргізе алу қабілеттілігі болу керек, ол сұрақ пен жауап, ұсыныс, бұйыру негізінде жүзеге асады. Ол тікелей тілдік мәтіннің бағдарламасына қатысты болу керек және ол 4 сөйлемнен кем болмауы қажет. Кейбір монологтық сөйлеу күрделірек яғни оның көлемі 7 сөйлемнен жоғары болу керек. Ауызша сөйлеу шет тілін үйретудің маңызды құралы. Сөйлеу – сабақтың маңызды бөлігі. Ауызша сөйлеу - оқушылардың мәтінді тыңдау мен оқу кезіндегі оқылған материалды тексеру құралы.

БҚО, Орал қаласы,
№20 ОЖББМ ағылшын тілі пәні мұғалімі
Малюкова Гүлжиһан Шамұратқызы

Толық нұсқасын жүктеу
3 654
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жазғы тілдік мектеп бағдарламасының жобасы
Жазғы тілдік мектеп бағдарламасының жобасы
Үштілді білім беруді қалыптастырудың тұрақты үрдісі әлеуметтік субъектілер қарым - қатынасындағы ойлау мен тәлімнің, қатысымдық дағдылар мен толеранттылықтың демократиялық типінің дамуына мүмкіндік береді.
Ересек тобында ағылшын тілінен үйірме жұмысының перспективалық жоспар және Бағдарлама
Ересек тобында ағылшын тілінен үйірме жұмысының перспективалық жоспар және Бағдарлама
Ағылшын тілі – XXI ғасырдың тілі. Еліміздің шет елдермен қарым – қатынасымыз күшейіп отырған кезде балалардың шет тіліне қызығуын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру әрбір шетел тілі мұғалімінің міндеті.
Шалқан ертегісі
Шалқан ертегісі
Балалардың ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын ояту, ертегіні қоя отырып, олардың сөйлеу тілін дамыту, ағылшын тілінде ертегі айтуға үйретту, сөздік қорларың молайту, қатесіз сөйлеуге дағдыландыру.
Ұжымдағы адам
Ұжымдағы адам
Адамдардың қарым - қатынасы дегеніміз - өз ара пікірлесу ақпарат алмасу идея бөлісу.
Ағылшын тілі пәнінен факультатив сабағының күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Ағылшын тілі пәнінен факультатив сабағының күнтізбелік - тақырыптық жоспары
ШҚО, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы, М. Ломоносов атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Абраимова Еркежан Мураткановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×