Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ағылшын тілі сабақтарында идиомалар мен тұрақты сөз тіркестерін қолдана сөйлеуге үйрету

08 қаңтар 2019, Сейсенбі
Категориясы: Ағылшын тілі
АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ИДИОМАЛАР МЕН ТҰРАҚТЫ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІН ҚОЛДАНА СӨЙЛЕУГЕ ҮЙРЕТУ
Summary
This article touches upon the problem of using idioms and set expressions in students` speech. Great attention is paid to the understanding the meanings of idioms and their role in foreign language learning.

Біз «тіл - тірі құбылыс» деген сөз тіркесін жиі кездестірсек те, көпшілігіміз оның мәніне, яғни оның не мағына беретіндігіне көңіл аудара қоймаймыз. Кез - келген тілдің сөздік қоры білімдегі жаңа дамулармен бірге өсу үстінде болады. Жаңа идеялар жаңа атауды қажет етеді. Мәселен, информатика, әлеуметтану, жарнама, саясат, экономика ғылымдарына байланысты көпдеген жаңа сөздер пайда болды. Компютер технологиясы төмендегідей сөздерді, яғни software, diskette, high - tech, on - line, printout, modem, computer - literate, to format сияқты сөздерді туғызса, экономика ғылымы wege - freeze, price - freeze, stagflation деген сияқты сөздерді дүниеге әкелді, т. с. с. Сонымен қатар, тілге қатынастың өзгеруі орын алып отыр. Сөз стилі тұрғысында айтар болсақ, егер бұрын сленг болып есептеліп келген сөздер қазіргі кезде ауызекі тілде қолданылатын сөздер қатарына жатқызылатын болды.
Идиома деген не?
Идиома дегеніміз бірге алынған кезде құрамындағы жекеленген сөздердің мағынасын мүлдем басқа мағына беретін бірнеше сөздер жиынтығы болып табылады /1/. Идиомалар ағылшын сөздігінің маңызды бөлігін құрайды. Олар әр түрлі формалы немесе құрылымды болып келеді. Идиома дұрыс құрылымды бола алады, сондай - ақ бұрыс немесе грамматикалық қате құрылымы да бола алады. Мағынаның айқындығы грамматикалық дұрыстыққа тәуелді емес. Бірер мысалдар келтірейік:

1. Формасы жағынан дұрыс емес, мағынасы айқын, мысалы:
«give someone to understand», «do someone proud», «do the dirty on someone».
2. Формасы жағынан дұрыс, мағынасы айқын емес, мысалы:
«have a bee in one`s bonnet» (be continually occupied with one idea or thing), «cut no ice» (make no impression, have no influence on), т. б.
3. Формасы жағынан дұрыс емес, мағынасы айқын емес, мысалы:
«all at sea» (being helpless), «all fingers and thumbs» (awkward) /2/.
Біз идиомалардың көпшілігінің екінші топқа жататындығын байқаймыз. Алайда осы топтың өзінде кейбір идиомалар басқаларына қарағанда айқынырақ келеді. Мысалы, «to give someone the green light» мағынасы «to give someone permission to start» ретінде түсіндіріледі. Ал кейбіреулерінің мағынасын білу қиын, өйткені ол жекелеген сөздердің түпкі мағынасымен байланысты. Мысалы, «to tell someone where to get off» (criticize someone strongly; tell someone what you think of him), «to drop a brick» (say or do smth that is tactless, causes embarrassment), «to call the shots» (have control of a situation, tell others what to do and how to do it), «to carry the can» (be obliged to accept the responsibility or blame if smth goes wrong). Бірқатар «тұрақты идиомаларды» кез - келген бөлігінде өзгерте аламыз (етістіктің шағынан басқасын). Мәселен, «bring home the bacon» «to fight shy of something», « to get down to business». Ал кейбіреулерін әр түрлі варианттарда қолдануға болады, мысалы «to know one`s onions/ stuff» (know one`s subject or how to do something very well ), «a hard/ tough nut to crack» (a difficult problem to overcome; a difficult person to deal with), «to take/ have/ enjoy/ forty winks» (a short sleep during the day), «to come to a bad/ nasty/ sticky/ no good/ untimely end» (become a criminal, have to go to prison, suffer disgrace) /3/.
Оқушыларға кездесетін ең үлкен қиындықтардың бірі - идиоманы қандай жағдайда қолдану орындылығын білу болып табылады. Оларға ағылшын тілі сабақтарында көбінесе бейтарап идиомаларды беруге тырысқан абзал, өйткені мұндай идиомалар барлық дерлік жағдайларда қолданылуы мүмкін.
Оқушыларға айтарлықтай қиындық туғызып жүрген тұрақты сөз тіркестерді, яғни етістіктердің предлогтар мен үстеулі демеуліктермен жасалған сөз тіркестері, мысалы «take off», «sit in on», «leave out».... Мұндай етістіктер ағылшын тілінің барлық түрлерінде кездесетін типтік және жиі құбылыс, әсіресе ауызекі ағылшын тілінде көптеп кездеседі. Кейде етістік + предлог немесе демеулік тіркесі жоғары идиоматикалық мағынаға ие болады. Тіркестің жалпы мағынасы оның құрамындағы жеке сөздердің мағынасына жуықтамайды. Мысалы, «pack sth in» етістігі сөйлемде ешқандай қиындық тудырмайды:
«She opened her suitcase and packed all the clothes in.»
Алайда, «He decided to pack his job in» сөйлемінде ол «leave, abandon» мағынасында қолданылып тұр. Сол сияқты «take someone off» мысалында бұл «басқа жерге апарып тастау» (take away to another place) мағынасын білдіреді.

«As soon as Tom arrived Bob insisted on taking him off». Алайда «әзіл - сқақты еліктеу» мағынасында қолданылуы да мүмкін: «Liz can take the Queen off very well».
«Take off» тіркесінің кейбір сөз тіркестерімен бірге келген жағдайдағы мағыналары төменде келтіріліп отыр:
1. The aircraft/ flight/ pilot/ passenger took off. (i. e. left the ground);
2. The thief/ boy/ dog (persons or animals) took off. (i. e. ran away in a hurry);
3. The sales/ product/ economy took off. (i. e. began to improve greatly, make a profit).

«М. Ғабдуллин атындағы
орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ағылшын тілі пәні мұғалімі: Б. А. Даулетбаева
Ағылшын тілі сабақтарында идиомалар мен тұрақты сөз тіркестерін қолдана сөйлеуге үйрету жүктеу
901
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Оқи отырыңыз
Ашық сабақ "Our body" 2 сынып ағылшын тілі
Ашық сабақ "Our body" 2 сынып ағылшын тілі
Ашық сабақ "Our body" 2 сынып ағылшын тілі
Ағылшын тілі пәні бойынша 10 сыныбында жүргізілетін «Елтану» тақырыбындағы қолданбалы курсқа арналған бағдарлама
Ағылшын тілі пәні бойынша 10 сыныбында жүргізілетін «Елтану» тақырыбындағы қолданбалы курсқа арналған бағдарлама
Ағылшын тілі пәні бойынша 10 сыныбында жүргізілетін «Елтану» тақырыбындағы қолданбалы курсқа арналған бағдарлама
Ағылшын тілі пәні бойынша 10 «a»сыныбында жүргізілетін «Елтану» тақырыбындағы қолданбалы курсқа арналған бағдарлама
Ағылшын тілі пәні бойынша 10 «a»сыныбында жүргізілетін «Елтану» тақырыбындағы қолданбалы курсқа арналған бағдарлама
«Елтану» қолданбалы курсы Ұлы Британия мен АҚШ - тың саяси құрылымы, мәдениеті, білім және экономика негіздері бойынша оқушылардың білімдерін толықтыруға, жоғары сынып оқушыларына мамандық таңдауларына бағыт беруге негізделген.
Practical research the semantic difference and similarities of colour idioms in the English language
Practical research the semantic difference and similarities of colour idioms in the English language
Түстерді семантикалық мағынасына және ұқсас жақтарына қарай идиомалық топтарға бөліп, мағынасына қарай қолданылуын зерттеу. Әртүрлі әдебиеттерден, сөздіктерден материалдар жинақтап, олардың мағыналарын ашу.
Importance of innovative technology in the teaching of foreign languages
Importance of innovative technology in the teaching of foreign languages
Ағылшын тілі пәні мұғалімі Карманова Жамал
English around us
English around us
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы. «№3 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ Ағылшын тілі пәні мұғалімі Омарова Айгуль Серикжановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.