Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жазғы тілдік мектеп бағдарламасының жобасы

03 маусым 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Ағылшын тілі
Жазғы тілдік мектеп бағдарламасының жобасы

Түсінік хат
Үштілді білім беруді қалыптастырудың тұрақты үрдісі әлеуметтік субъектілер қарым - қатынасындағы ойлау мен тәлімнің, қатысымдық дағдылар мен толеранттылықтың демократиялық типінің дамуына мүмкіндік береді. Қазақ және орыс тілдерімен қатар ағылшын тілі адамдардың қарым - қатынас, өзара түсіністік пен өзара әрекетінің құралы ретінде, басқа мәдениеттерге тарту және мектеп оқушыларының зияткерлік қабілеттерін дамытудың маңызды құралы ретінде толық көлемде танылатын болды.

Жазғы тілдік мектептерді ұйымдастыру мектеп оқушыларының тілдік дайындығын күшейту қажеттілігінен туындады. Жазғы мектеп аясында оқушыларға өздерінің өзге тілді қарым - қатынасын білім, білік, дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік беріледі, білім алушылардың қатысымдық дағдыларын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Жазғы тілдік мектеп үлгісі мектеп оқушыларына қарым - қатынасты ұйымдастырудағы, елтану саласы сынды қарым - қатынас құралы (лексикалық өлшем, грамматикалық формалар және сөз тіркестері, тілдік қарым - қатынас формуласы) ретінде де қолданудағы қосымша ақпараттар алуда шет тілінің практикалық маңызына көз жеткізуіне мүмкіндік береді.

Ұсынылып отырған бағдарлама – жазғы тілдік мектеп жағдайында ағылшын тілін оқыту стратегиялары нұсқасының бірі. Жазғы мектеп оқытушыларына бағдарламаларды, түпнұсқалық материалдарды және оқу процесін ұйымдастырудағы тактикалық мәселелерді шешуде әдістемелік қамтамасыз етуді таңдауда дербестік беріледі.
Тілдік топтарды қалыптастыру үшін оқушыларды саралау ағылшын тілін оқу деңгейі диагностикасы негізінде жүзеге асырылады. Тілдік құзыреттерді бағалау жүйесі тілдік қызметтің төрт түрі арқылы тілді практикалық меңгерудің әр деңгейі бойынша стандартталған талаптарымен қамтамасыз етіледі.
Бағдарлама келесі бөлімдерді құрайды:
1. Жазғы тілдік мектепте үш тілді оқытудың принциптері.
2. Жазғы тілдік мектеп бағдарламаларының мазмұны.
3. Жазғы тілдік мектептің оқыту әдістері мен құралы.
4. Жазғы тілдік мектептегі білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.
5. Жазғы тілдік мектептегі деңгейлік дайындықты бағалау жүйесі.
Жазғы тілдік мектеп бағдарламасының жобасы жүктеу
5 438
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жазғы демалыс лагерінің жұмыс жоспары
Жазғы демалыс лагерінің жұмыс жоспары
Жазғы демалыс лагерінің жұмыс жоспары.
Сөз мәдениеті және тілдік қарым - қатынас
Сөз мәдениеті және тілдік қарым - қатынас
"Аққыстау орта мектебі" ММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Есбосынова Жансая
Қазақ тілінен 6 сыныпқа орта мерзімді жұмыс жоспары
Қазақ тілінен 6 сыныпқа орта мерзімді жұмыс жоспары
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Әйтеке би кенті, №165 С. Сейфуллин атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Жанпейсов Қуаныш Сейтқұлұлы
Баяндама: "Қазақ тілін оқытудың жаңа әдістері. Тыңдалым дағдысы туралы"
Баяндама: "Қазақ тілін оқытудың жаңа әдістері. Тыңдалым дағдысы туралы"
БҚО, Орал қаласы, А. С. Макаренко атындағы №6 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ракишева Миргуль Ерболатовна
Жазғы демалысты ұйымдастыру бағдарламасы
Жазғы демалысты ұйымдастыру бағдарламасы
Астана қаласы, № 55 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Тулегенова Данар
Ұжымдағы адам
Ұжымдағы адам
Адамдардың қарым - қатынасы дегеніміз - өз ара пікірлесу ақпарат алмасу идея бөлісу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×