Сабақтың тақырыбы: My family
2 сынып
Сабақтың мақсаты:
білімділік: «My family» тақырыбы бойынша репродуктивті және рецептивті қарым - қатынасын қалыптастыру; есептік сан есім мен әліпбиді қолдануларын белсендіру; рецептивті граматикалық материалдарды белсендіру; әріптіркестерінің оқу дағдысын, орфографиялық дағдыны қалыптастыру.
дамытушылық: өтілген лексикалық материалдарды тікелей белсендіре отырып оқушылардың дамыту; old - new антоним сөздерін енгізу арқылы сөздік қорларын байыту; әріптерді цифрларды ажырата білу дағдыларын арттыру; басқа елдің мәденеиетіне деген жағымды қарым - қатынастарын қалыптастыру; саусақ бұлшық еттерінің икемділігін арттыру; ойын арқылы белсенді іс - әрекетке тарту.
тәрбиелік: үлкендермен, өз отбасындағы кішілермен, мұғаліммен, сыныптастарымен сыйластық қарым - қатынаста болу; мұғаліммен, сыныптастарымен сыйластық қарым - қатынаста болу; сыныптағы жиһаздар мен оқу құралдарына ұқыпты болу.
Күтілетін нәтижелер:
пәндік: бастапқы есту және дыбыстау дағдылары мен білімдерінің болуы; «My family» тақырыбы бойынша сөздерді білу және қолдана алу; his/her тәуелдік есімдіктерін және to be етістігінің формаларын білу және сөйлемінде жекеше және көпше түрінде дұрыс қолдану; өткен тақырып бойынша сөздердегі th дыбысын дұрыс айту; father, mother, sister, brother, grandmother, grandfather, family сөздерінен тұратын белсенді лексиканы дұрыс табу.
тұлғалық: ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру; өз елінің тілін үйреніп жатқан елдің мәдениетіне құрметпен қарау.
жүйелі іс - әрекеттік: танысу жағдайындағы өтілген лексикалық - граматикалық құрылымдарды қолдану, оқулықты, жұмыс дәптерін қолдана алуға дағдыландыру.
Сабақты материалдық жабдықтау:
мұғалім үшін: СД - ойнатқыш, әліпби кесте, цифрлар карточкаларының жиынтығы, жануарлар мен оқу құралдарының суреті.
оқушы үшін: оқулық, жұмыс дәптері.
Пәнаралық байланыс: музыка («Hello, Hello!» әнін орындау), математика (0 - ден 12 - ге дейін санау), дүниетану (елі туралы мәліметтер, Англия және Қазақтан елінің мемлекеттік тілін үйреніп жатқан рәміздері).
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру сәті.
- Good afternoon children? I`m glad to see you! How are you?
- Good afternoon teacher! We are glad to see you too!
2. Сабақтың мақсаты мен тақырыбын хабарлау.
- Балалар, бақытты болу дегенді қалай түсінесіңдер?
Оқушылар әр түрлі жауаптарды береді, ал мұғалім көмек сұрақтарды береді. Мәселен «Сендердің қуанышты және бақытты сәттеріңде сендермен кім бірге болады?»
- Дұрыс айтасыңдар, әрине, бұл сендердің ата - аналарың, ата - әжелерің, аға - әпкелерің. Жақындары мен туыстары бар адам, шын мәнінде бақытты емес пе? Балалар, сүйікті де қымбатты адамдарымызды бір сөзбен қалай атаймыз? Дұрыс, отбасы. Бұл сөз ағылшын тілінде – family.
- Бүгінгі сабақта отбасы туралы емес, отбасы мүшелерінің ағылшынша дұрыс атауға, бір - бірімізге сұрақ қоюға жаттығамыз, жаңа сөздерді жаттаймыз және олардың жазылуын үйренеміз.
3. Тірек білімдерін белсендіру.
- Сендер бір жасқа есейдіңдер және енді біз тағы көптеген ағылшын сөздерімен танысып, жазуды және оқуды үйренеміз.
Фонетикалық жаттығу.
- Балалар, бүгін бізге Mr. Wise Crow келді, ол бізге сабақ барысында қолданылатын сөздердегі ағылшын дыбыстарын дұрыс айтып, жазуға көмектеседі.
- Good afternoon children? I`m glad to see you! How are you?
- Good afternoon teacher! We are glad to see you too!
- Балалар, аралар қалай ызылдайтынын еске түсірейік: /z/,/z/. Well, now say after me: is, his, please, zero.
- Ал енді шыбындар қандай дыбыс шғартатынын сипаттайық!
Егер тілдің ұшын тістің арасына қойсаңдар, бұл дыбыс дұрыс шығатын болады. Good! Listen and repeat after me: the, this, these, mother, father, father, brother, grandmother, grandfather. Very well! Кәне енді біресе аралар сияқты, біресе шыбындар сияқты ызындайық. Are you ready? Let`s start! Excellent! Now, children listen and repeat after me: this is …, is this, these are…
Phyme
Father, mother, sister, brother.
Hand in hand with one another.
- Super! Goodbye, children!
- Thank you, Mr. Wise Crow! Goodbye!
4. Амалдар тәсілі мен жаңа білімді меңгеру.
Оқулықпен жұмыс
1 - жаттығу. Listen and learn.
Мақсаты: «My family» тақырыбы бойынша сөздікті қайталау және grandmother, grandfather, parents сөздерін қайталау.
Мұғалім суретке қарауын ұсынады.
Оқушылар аудиоснкі тыңдайды. Мәтінмен жұмыстың бұл алгоритмін барлық оқу курсы бойында ұсынылады.
Track 4.
Ben: They are my parents.
Alibek: Who is she?
Ben: She is my sister, Mary. She is a pupil.
Ben: They are my grandparents.
Alibek: This is my mom. Her name is Gulmira. And this is my dad. His name is Marat.
Ben: Who is he? And who is she?
Alibek: He is my brother. She is my sister.
Alibek: I have a big family.
5. Түсіндіргендерін алғаш тексеру.
2 - жаттығу. Ask answer the questions.
Жаттығудың мақсаты: Who is he/she? Сұраулы құрылымымен жаттығу.
3 - жаттығу. Listen and sing «The family song»
My family жүктеу