Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Спандияр Көбеев

19 мам 2011, Бейсенбі
Категориясы: Ақын-жазушылар
Спандияр Көбеев (1878-1956жж.)


Спандияр Көбеев 1878 жылы 1-октябрьде бұрынғы Торғай облысы Обаған болысында туған. Ол алғаш ауылдық мектепте, кейін Қостанайдағы орыс-қазақ мектебінде, мұғалімдер даярлайтын курста оқиды. Қазақтың ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің шәкірті, әрі жолын қуушы Спандияр ұстазының дәстүрлерін бекем ұстанды. Ол революцияға дейінгі кезеңде әрі педагогтік, әрі жазушылық қызметпен шұғылданады.

С. Көбеев өзінің сүйікті қызметінен – жас ұрпақты тәрбиелеу ісінен совет дәуірінде де қол үзбейді, бар саналы өмірін сол мақсатқа арнайды. Осындай зор, бағалы еңбегі үшін Ленин орденімен екі рет наградталды, ал 1947 жылы Қазақ ССР Жоғары Советіне депутат болып сайланды. Спандияр 1956 жылы қайтыс болды. Спандияр Көбеевтің творчестволық іске ден қоюы оның ағартушылық қызметімен тікелей байланысты болған. Ол ел ішінде мұғалімдік, солардың ой-санасын оятуға көмектескен. Көбеев Пушкиннің «Дубровский» повесі мен Гогольдің «Өлі жандары» романының мазмұнын қазақшалап айтып беріп жүрген. Оны Крылов мысалдарымен табыстырған да – осы мақсат. Спандиярдың Крыловтан аударған қырықтан астам мысал-өлеңі 1910 жылы Қазанда «Үлгілі тәржіма» деген атпен басылып шыққан.

С. Көбеев 1912 жылы «Үлгілі бала» атты хрестоматиясын бастырды.бұл кітапқа автордың бірсыпыра төл шығармалары мен орыс жазушыларынан аударған еңбектері енді.

С. Көбеевтің творчестволық мұрасында «Қалың мал» романы ерекше орын алады. Жазушының бұл шығармасындағы негізгі кейіпкері Ғайшаның тағдыры арқылы қазақ қызының сол бір бейуақыттағы аянышты өмірін, аңсаған арманы мен үмітін, сол жолдағы талабы мен күресін шынайы түрде жинақтап көрсеткен және әлеуметтік теңсіздік пен соған қарсылық тақырыбын да қамтыған. Бұл Көбеевтің творчествосындағы прогресшіл бағыт пен демократтық беталыстың айқын да, даусыз шындығы еді.

Романда Революция алдындағы қазақ ауылында болған қат-қабат әлеуметтік өзгерістер шынайы суреттелген, дәуір шындығы боямасыз көрсетілген. Романда қалың мал әлегі, қазақ қызының аянышты да арманды тағдыры нанымды бейнелеумен қатар дала тіршілігіндегі әлеуметтік теңсіздіктің, жолсыздықтың сан алуан көрінісі батыл әшкереленген. Ел билеуші әкімдер мен үстем тап өкілдеріне қарсылық білдірген кедей бұқарасының әрекеті шыншылдықпен суреттелген. «Қалың мал» романы – тілінің тазалығы, көркемдігі жағынан да өзімен тұстас прозалық туындылардан өзгеше шығарма.
Жазушы романында халықтың сөз байлығын, мақал-мәтелдерді орынды пайдаланған, кейіпкерлер характерін даралап көрсеткен.

Көбеев ұзақ жылдар бойы ағартушылық жұмыспен айналысып, жас ұрпақты оқыту, тәрбиелеу ісімен шұғылданды, қазақ мектептерінде орыс тілі мен әдебиетінен сабақ берді. Ол өзінің ұзақ та жемісті ұстаздық еңбек жолын «Орындалған арман» атты мемуарлық кітабында баяндады. Мұнда автор өз көзімен көрген екі өмірдің қарама-қарсы бейнесін, басынан кешірген оқиғаларды баяндау арқылы көрсетеді.
Кітаптың революция алдындағы қазақ өмірі шындығының талай-талай көріністерін және сол оқиғаларға жазушының өзі қалай араласқанын, оның қандай көзқараста болғанын байқауға болады. Мемуардың соңғы тарауы жазушының совет дәуіріндегі өмірі мен еңбегіне арналған.

С. Көбеевтің жарық көрген шығармалары
С. Көбеев. Үлгілі тәржімә. Қазан, 1910; Үлгілі бала. Қазан, 1912, Қалың мал (Роман). Қазан, 1913; Алматы 1953. Орындалған арман. Алматы, 1951 1954, Таңдамалы шығармалары. Алматы, 1960.


Ақымақ теке. Спандияр Көбеев (мысал әңгімелар)
Қарға
Қасқыр менен қозы
Маймыл менен көзілдірік
Пәлеге ұшыраған қарашекпен
Арыстан менен кісі
Әкім тілеген көлбақалар
Үш қатынды бір кісі
Қасқыр менен кісі
Шортан менен мысық
Арыстан мен сары масалар
Әтеш пенен меруерт тас
Екі кептер
Түлкі менен жүзім жемісі
Құмырысқа менен шегіртке
Аю менен мүсәпір шал
Маймылдар
Шымшық пен көгаршын
Қасқыр менен мысық
Қасқыр менен тырна
Шал менен өлім
Үш жігіт пен бір шал
Емен ағашы мен тал шыбық
Асыл шөп
Есек пен сандуғаш
Аққу, шортан әм шаян
Қауіпті достар
Сандуғаш және шымшық
Арыстан мен тышқан
Аң ауласқан қоян
Жетімнің өлеңі
Мектепке шақыру
Өтірікші
Көлбақа менен юпитер
Қарашекпен әм жылан
28 071
0
дауыс


Жаңалықтар
Атасы мен немересі. Спандияр Көбеев
Атасы мен немересі. Спандияр Көбеев
Мәтінді талдап, өмірдегі ситуациялық жағдаяттардан шыға білу, алған білімдерін өмірде қолдана білуге, яғни функционалды оқу сауаттылығы – оқушылардың мәтін мазмұнын түсіне білуі және оларға ой жүгірте білу
Спандияр Көбеев шығармашылығы. Мысалдары мен әңгімелері
Спандияр Көбеев шығармашылығы. Мысалдары мен әңгімелері
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, Маңғыстау гуманитарлық колледжінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Кдырова Гулбану Гинаятовна
Қазақ әдебиеті пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспарлары
Қазақ әдебиеті пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспарлары
Кенесары Қасымұлы атындағы № 33 жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Халбаева Дариха Мүсәліқызының
Спандияр Көбеев "Құмырсқа мен көгершін"
Спандияр Көбеев "Құмырсқа мен көгершін"
Спандияр Көбеев "Құмырсқа мен көгершін"
Шал мен балалар
Шал мен балалар
Сабақтың тақырыбы: Шал мен балалар
"Сабырсыз, арсыз, еріншек" Абай Құнанбаев
"Сабырсыз, арсыз, еріншек" Абай Құнанбаев
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Сұттіқұдық ауылы, № 52 Б. Аралбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Мүспенова Күлшара
Пікірлер (0)
×