Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тілім, дінім деп соққан жүрегі

22 қазан 2012, Дүйсенбі
Категориясы: Ақын-жазушылар
Мұхтар Шаханов 70 жаста
Мақсаты:
Оқушылардың ой - өрісін дамыту, мәнерлеп оқуға машықтандыру.
Ақынның ерешке қасиет – қадірін, тұлғалық тұғырын түсіндіру,
ерен – еңбегін мақтаныш сезіммен оқушылар ойына сіңіру.

Мұхтар Шаханов1942 жылы 2 шілде Оңтүстік Қазақстан облысы, Ленгір ауданы,
Қасқасу селосында дүниеге келген. Шымкент педагогикалық институтын бітірген (1969). "Оңтүстік Қазақстан" (1960 - 65), "Лениншіл жас" (1965 - 70) газеттерінде, республикалық телевизия, радио редакцияларында (1971 - 75) істеді. 1976 жылдан Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің баспа, полиграфия және кітап саудасы жөніндегі мемлекеттік комитетінде бөлім бастығы. Алғашқы өлеңі ("Сырдария") 1959 жылы жарияланды. Тұңғыш өлеңдер жинағы ("Бақыт") 1966 жылы жарық көрді. М. Шахановтың "Балладалар" (1968), "Ай туып келеді" (1970), "Қырандар төбеге қонбайды" (1974), "Сенім патшалығы" (1976) атты кітаптары шықты. Өлеңдерінде философиялық ой басым. "Махаббат заңы" атты поэзиялық спектаклі республикалық театр сахнасына қойылды (1974). Мұхтар Шаханов көптеген әндер мәтінін жазды. Мәтінін де, музыкасын да өзі жазған "Жұбайлар жыры", "Туған күн кешінде", "Гүл дәурен", "Мен саған ғашық едім" атты әндері жұртшылыққа кеңінен таныс. М. Шаханов — Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1972). Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, республикалық "Жалын" журналының бас редакторы т. б. қызметтер атқарды. КСРО халық депутаты, КСРО Жоғарғы Кеңесінің мүшесі, ҚР - ның Халық депутаты. 1993 - 2003 жж. Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінде болды. 2004 — 2007 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. Қазір 2004 — 2007 депутат. "Жалын" журналының бас редакторы, әлем ойшылдарының басын біріктіретін "XXI ғасыр және Руханият" атты халықаралық элита клубының Президенті.

Мұхтар Шаханов бірнеше әндердің авторы:
“Әке туралы жыр”, “Туған күн кешінде”, “Жұбайлар жыры”, “Қуаныш вальсі”, “Мен саған өкпелемеймін”, “Кешікпей келем деп ең”, “Арыс жағасында”, “Ақ бантик”, “Айналайын”

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 874
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Абдрахман Асылбек өмірбаяны, өлеңдері
Абдрахман Асылбек өмірбаяны, өлеңдері
Абдрахман Асылбек 1938 жылы 1 мамырда Жамбыл облысының Талас ауданына қарасты Үшарал ауылында туған. ҚазПИдің тарих-филология факультетін бітіргеннен кейін мектепте мұғалім болған.
Мұхтар Шахановтың өлеңдері, өмірбаяны
Мұхтар Шахановтың өлеңдері, өмірбаяны
Мұхтар Шаханов 1942 жылы ақпан айының 7 жұлдызында Оңтүстік Қазақстан облысы, Ленгір ауданы, Қасқасу селосында дүниеге келген қазақ ақыны.
М. Шаханов «Махамбеттің монологы»
М. Шаханов «Махамбеттің монологы»
Мұхтар Шахановтың өмірі мен еңбектеріне қысқаша сипаттама беріп, өлеңнің негізгі мәнін ұғындыру, ақын Махамбеттің бейнесін ашу; Оқушыларға тарихымыздағы дүниетанымдарын кеңейту, шығармашылық қабілеттерін дамыту
Ілияс Есенберлин шығармашылығы «Көшпенділер» трилогиясы
Ілияс Есенберлин шығармашылығы «Көшпенділер» трилогиясы
Астана қаласы, «Көпбейінді колледж» қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушысы Искакова Асем Айдарбекқызы
"Түлкі мен Тиін" Ә. Асылбеков
"Түлкі мен Тиін" Ә. Асылбеков
Қарғалы ауданы, №2 Бадамша орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Турмагамбетова Жадыра Муратовна
Елбасы - кемеңгер басшы
Елбасы - кемеңгер басшы
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Жаңа Өмір ауылы, Шаған жалпы орта білім беретін мектебі Коррекциялық /түзете дамыта оқыту /сыныбы мұғалімі Белхаирова Асемгул Мустахимовна Мақсаты: Бүгінгі жас ұрпаққа Елбасының ерекше қасиет-қадірін, тұлғалық
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×