Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңдері, өмірбаяны

02 қазан 2016, Жексенбі
Категориясы: Ақын-жазушылар
Қазақтың белгілі ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 28 қазанда Омск уезінің Шағрай болысындағы Жантай ауылында дүниеге келген. Әкесі Шоқпыт Семей губерниясының Павлодар уезінен.
Сұлтанмахмұт алты жасында әкесінен оқып, хат таниды. Бұдан кейін де Шоқпыт бірде өзі оқытып, енді бірде ауыл молдаларына беріп, баласының оқуын үзбейді. Болашақ ақын 1902 - 1903 жылдары – Әлі, 1904 - 1905 жылдары – Тортай, 1906 - 1907 жылдары Мұқан деген молдалардан дәріс алады. Сұлтанмахмұт үшін әсіресе Мұқан молданың тәрбиесі ерекше болады. Мұқан молда көп оқыған, әдебиеттен хабары бар, өзі де аздап өлең жазатын адам болады. Оқушыларын үнемі қазақ ауыз әдебиетінің, шығыс әдебиетінің үлгілерімен таныстыра отырып, шәкірттерін өлең жазуға баулады.

Троицк, Семей, Томск сияқты ірі қалаларда барып оқуын жалғастыруға ниеттенсе де, қамқоршысы мен қаржының жоқтығынан, тұрмыстың қиыншылығынан ол мақсаты орындалмайды. Бірақ оптимист Сұлтанмахмұт өз бетімен ізденіп көп оқыды, ғылымның әралуан саласынан хабардар болды, сөйтіп заманының оқымысты жастарының біріне айналды.

Шығармашылығы: Адасқан өмір, Кедей, Жарқынбай, Кім жазықты, Қамар сұлу, Жақсылық көрсем өзімнен.

Реалист - ақын 20 ғ. әдебиетінде жаңа жанрлар туғызды, роман жанрының, реалистік поэманың қалыптасуына әсер етті. Оның адам өмірінің мән - мағынасы жайлы «Адасқан өмір» поэмасы, 20 ғ. басындағы қазақтың іріп - шіріген билеуші табының өскен, тәрбие алған ортасы, ескілікке қарсы үн көтерген «Қамар сұлу» шығармасы, жастарды асқақ қиял, зор талапқа бастайтын лирикасы оны қазақ әдебиетіндегі демократтық әдебиеттің ірі өкілі етті.

Қазақ ұлттық мәдениетінің көрнекті қайраткері, ХХ ғасыр басындағы қазақ өмірінің шежірешісі болған ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров 1920 жылы 21 мамырда дүниеден өтеді. Ақын бар жоғы 27 жыл ғана өмір сүрді...
Өмірі қысқа болғанмен, жырларының ғұмыры ұзаққа созылды. Ақын бақыты да сонда.

Өлеңдері

Ағайынның азғандығы
Алты аяқ
Арманым
Асыл сөз
Байлық
Біреу бай, біреу жарлы
Ендігі беталыс
Жаңғырып Алтай тауы саласынан
Жұмақ
Кедейлік
Келді хатың, мен шаршап
Көңілім, неге жасисың
Күңгірт түспен ойға батып
Қайқы құйрық, шұбар қыз, істік мұрын
Қандай басшы
Қарағай да қайғырып
Қос үй
Мағынасыз мешіт
Маңайымнан әрмен кет
Мейірімсіз ажал
Неге жасаймын
Оқу
Оқуда мақсат не?
Оқып жүрген жастарға
Орнымыз медресе оқып жатқан
Партияшыға
Секілді өмір қысқа, жарты тұтам
Соғыстың кесірі
Түсімде
Шығамын тірі болсам адам болып
25 225
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Қамар сұлу» романы
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Қамар сұлу» романы
С. Торайғыров өмірі мен шығармашылығы, «Қамар сұлу» романының идеялық мазмұнын меңгерту, романдағы әлеуметтік мәселелерге талдау жасау арқылы көркем шығарманы саралай білуге жетелеу.
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шілде» өлеңі
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шілде» өлеңі
ШҚО, Көкпекті ауданы, Теректі ауылы. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ниязбаева Динара Амангелдіқызы
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Таныстыру» поэмасын талдау
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Таныстыру» поэмасын талдау
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы Жаңажол орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Данайбекова Динара Утегеновна
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып»
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып»
Сабақтың мақсаты: 1/Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы туралы білім беру, өлеңдерінің идеясын ашу, өлеңді нақышына келтіре отырып негізгі түйінің табу.
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы
ШҚО, Аягөз ауданы, Мәдениет ауылы, Рахмадиев о/м қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Жұманова Жанат Ескінқызы
Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893 - 1920)
Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893 - 1920)
Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 23 октябрь күні қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×