Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сұлтан Қалиев өлеңдері, өмірбаяны

03 қазан 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Ақын-жазушылар
Сұлтан Қалиев 1943 жылы 1 мамырда Жамбыл облысы, Жамбыл ауданында туған. 1961 жылы Жамбылдағы Абай атындағы педагогикалық училищені, 1967 жылы ҚазМУ - дің филология факультетін бітірген.

Еңбек жолын Жамбыл облысы Шу ауданының №61 8 жылдық мектебіне мұғалім болудан бастаған. 1967 – 1973 жж. Қазақ радиосының музыка, балалар редакциясының редакторы, аға редакторы. 1973 – 1991 жж. «Балдырған» журналының жауапты хатшысы, 1991 жылдан зейнеткерлік демалысқа шыққанға дейін «Ұлан» газетінің бас редакторы болды.

Негізінен балалар поэзиясы, сатиралық жанр саласында еңбек етеді. Жекелеген өлеңдері орыс, украин, өзбек, грузин, түрікмен, қарақалпақ, әзербайжан тілдеріне аударылып, «Сәлем саған, мектебім» атты кітабы 1983 жылы Фрунзе қаласындағы «Мектеп» баспасынан қырғыз тілінде жарық көрді.

Оның аударуында қазақ тілінде С. Маршактың «Ақымақ тышқан туралы ертегі» (1973), С. Михалковтың «Степа ағай» (1978), Р. Ғамзатовтың «Менің атам» (1969, 1982) поэмалары, Р. Киплингтің бірнеше ертегісі «Пілдің баласы» деген атпен (1983), Бақытжан Момышұлының «Мен әлі сәбимін» повестері мен әңгімелері (1984), «Жанымның жарық жұлдызы» романы (1985) жеке кітап болып шыққан.

Өлеңдері

Аққала
Әже
Боран
Біз шадыман баламыз
Жер – туған жер
Гүл
Сәлем саған, мектебім!
Сыйға-сый
Торғай
Тұңғыш қазақ ғарышкері
11 720
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Тұнғыш Президент күніне орай сынып сағаты. Елін сүйген, елі сүйген Елбасы
Тұнғыш Президент күніне орай сынып сағаты. Елін сүйген, елі сүйген Елбасы
Оқушыларды Қазақстанның тұңғыш Елбасшысы Н. Ә. Назарбаевтың өмірімен таныстыру. 25 жыл аралығында көреген басшылығының арқасында жеткен жетістіктеріміз туралы мәлімет беру.
Абдрахман Асылбек өмірбаяны, өлеңдері
Абдрахман Асылбек өмірбаяны, өлеңдері
Абдрахман Асылбек 1938 жылы 1 мамырда Жамбыл облысының Талас ауданына қарасты Үшарал ауылында туған. ҚазПИдің тарих-филология факультетін бітіргеннен кейін мектепте мұғалім болған.
«Гүлдер» Тұманбай Молдағалиев
«Гүлдер» Тұманбай Молдағалиев
Атырау облысы, Атырау қаласы, №13 ұлттық мектеп - гимназиясының бастауыш мектеп мұғалімі:Хамзина Аймангуль
Шерхан Мұртаза
Шерхан Мұртаза
Батыс Қазақстан облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы Құлсары гуманитарлық - техникалық колледжі Бастауыш білім беру бөлімінің ІІІ (11) студенті: Батыр Нұрайым
Ілияс Есенберлин шығармашылығы «Көшпенділер» трилогиясы
Ілияс Есенберлин шығармашылығы «Көшпенділер» трилогиясы
Астана қаласы, «Көпбейінді колледж» қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушысы Искакова Асем Айдарбекқызы
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Н.Ә.Назарбаев
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Н.Ә.Назарбаев
Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Теңіз ауылы, Теңіз негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мусина Балдырған Әлиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×