Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Асан қайғы - дала данышпаны

03 қараша 2017, Жұма
Категориясы: Ақын-жазушылар
Асан қайғы - дала данышпаны.
Табиғат – бүкіл әлем. Адам табиғатта өмір сүреді, онымен тұрақты қатынаста болады. Адам, оның денесі мен рухани өмірі табиғатпен тікелей байланысты. Одан шығатын қорытынды - адам табиғатының бір бөлігі.[1]Қазақ тарихында Сыр өңірі тарихының алар орны ерекше. Ежелгі заманнан бастап Сыр өңірі сан мың ұрпаққа құтты қоныс, жайлы мекен болғаны белгілі. Бұл топырақта есте жоқ ескі кезеңдерден - ақ бағы жетіп, базары қызған қырыққа жуық көне қалалар мен жарты ғаламды жалғастырған Жібек жолының арналы абағы сайрап жатыр. Сөйлете білсең оның әр уыс топырағы, әр бұтасы, әр тасы алуан түрлі ғибратты шежіре шертер еді.[2]

Сыр бойы сырға бай. Онда сан ғасырлардан бергі аты әлемге мәшһүр ірі тұлғалар ғұмыр кешкен, атасақ санап тауыса алмаспыз. Әлі күнге дейін зерттелмегендері қаншама десеңші.
Бұл жәдігердің ең әсем әрі көрнектісі – Асан Ата мазары. Рас, кейбір әдеби зерттеулерде Асан қайғының жерленген жері туралы түрлі пікірлер бар. Бірақ, оның мазары Сыр бойында, дәлірек айтқанда осы Оқшы Ата қорымында (қазақ тілі мен әдебиеті - 1994, №3, 4 - 5 б) жерленген. Асан ата кесенесі 1992 ж мемлекет қорғауына алынған. [3]

«Дала данышпаны» ретінде танылған Асан қайғының рухани мұралары халық санасында сақталған. Асан қайғы жөніндегі аңыз - әңгімелер мен әр түрлі алуан деректерді біршама қалыпқа түсіріп, құнды пікірлер жазған академик - жазушы М. Әуезов болды. « Бұл тарихта болған адам. Бірақ, тірлік еткен заманы Жәнібек ханның тұсы дегені болмаса, дәлді кім еді, қай ортадан шығып еді, қандайлық еңбек, әрекет етіп, қандай өмір шегіп өтіп еді. Бұл жайынан ешқайсынан дәл дерек жоқ». [4] Асан қайғының саяси іс - әрекеттері төңірегінде қалам тартқан академик Ә. Марғұлан болды. Ғылым, « Асан қайғы» деп аталуы – халықтың қамын көп ойланған екендігін айтады. Қазақстан тарихына арналған кейбір еңбектерде Асан қайғы ХV - ХVI ғ. ғ өмір сүрген. Асан қайғы – ХIV ғасырдың екінші жартысы да Еділ бойында дүниеге келген ақын, философ, аңыз кейіпкері, үнемі халық қамын, елінің болашағын ойлап жүргендіктен, замандастары оны Асан атаны « қайғы» деген сөз қосып, Асан қайғы атап кеткен. [5]

Шоқан Уәлиханов Асан қайғыны «дала данышпаны» деді. Әлкей Марғұлан «Асан Ата ХV ғасырда қазақ ұлысын біріктіру мәселесін қолына алған даланың ойшыл данасы» деп бағалады. Асан қайғы – көптеген нақыл сөздердің, афоризм, философиялық толғаулардың авторы.
Асан қайғы туралы Мұхтар Әуезов былай деген «Тарихта болған адамдардың ішінде өмір сорабы, іс еңбегі халықтың нағыз ертегі болып, тек сол қалыпта ғана ой жадында сақтаған адамның бірі осы Асан қайғы».

Асан қайғы – барша дала даналығын бойына сыйдырған және сайын сайхарада ғаламат ғұмыр кешкен тамаша тұлға.
Қазақ халқы өзінің тарихи жылында Асан есімін өктемдікке қарсылықтың символына айналдырған. [6]
Қыдырып желмаямен дүние жүзін,
Асанның жұрт біледі айтқан сөзін.
Жатқызбай ойындағы қалың арман,
Атанып Асан Қайғы содан қалған.

Асан қайғы - дала данышпаны жүктеу
Асан қайғы - жырау, данышпан ойшыл. жүктеу
4 602
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Асан қайғы «Еділ бол да, Жайық бол», «Бұл заманда не ғаріп?»
Асан қайғы «Еділ бол да, Жайық бол», «Бұл заманда не ғаріп?»
Оқушыларға жаңа сабақ туралы толық мағлұмат беру, қазақ халқына жеррұйық іздеген Асан қайғы туралы мәлімет беру, өз ойларын еркін айтуға, өмірмен байланыстыра білуге үйрету, сөздік қорларын молайтып, ой - өрістерін дамыту, өзіндік пікір
Асан қайғының жерге айтқан сыны аңызы. Дала данышпаны
Асан қайғының жерге айтқан сыны аңызы. Дала данышпаны
Асан қайғы шынайы өмірдегі осы ақпаратқа қандай пікір айтар еді? Көріпкел абыз ХХІ ғасырда өмір сүрсе, қазіргі Қазақстан жеріне қандай сын айтар еді?
Асан қайғы «Бұл заманда не ғаріп?» өлеңі
Асан қайғы «Бұл заманда не ғаріп?» өлеңі
Сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту, өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ету, өз бетімен ізденуге баулу, ой қорытуға дағдыландыру, көркем әдеби тілде сөйлеу дағдысын жетілдіру.
Асан Қайғы "Бұл заманда не ғаріп?", "Есті көрсең кем деме"
Асан Қайғы "Бұл заманда не ғаріп?", "Есті көрсең кем деме"
Топтық жұмыс арқылы ұлы жыраудың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, ұлы жырау өмір сүрген кезеңдегі тарихи - әлеуметтік жағдайды ашу.
Асанқайғының Жерұйықты іздегені
Асанқайғының Жерұйықты іздегені
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Шаған Жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ханов Шохан Уалиханович
Асан қайғы
Асан қайғы
Асан қайғы (XV ғасыр) Асан өз заманының асқан ақылгөйі. Жыраудың өзі айтқандай, онан қалған «таза мінсіз асыл сөз» аз болмаса керек, бірақ олардың бәрі біздің заманымызға жетпеген. Оның қазір қолда бар өлеңдерінен замана жайын әріден толғаған ірі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×