Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әбіш Кекілбайұлы

04 қазан 2013, Жұма
Категориясы: Ақын-жазушылар
Әбіш Кекілбайұлы 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрыңғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған. Арғы атасы Жаңайұлы Қожаназар қазақтар көшін Маңғыстауға бастап келген топтан. Белгілі білікті, беделді, дәулетті адам. Ата шаңырағын ұстап қалған ұрпағы Жаманқұл немересі Кекілбайды үйлендірген соң, 1924 жылы Оңдыда қайтыс болған.
1928 - 31 жылдары асыра сілтеу, тәркілеу кезінде Кекілбай ата мекеннен баз кешіп Түркменстанның Красноводск портында жүкші, Бекдаш химия кәсіпорнында біраз жыл жұмысшы болып істеп, елге 1937 жылы Баку мен Макачкала арқылы оралған соң Оңдыдағы колхозда колхозшы, Таушық кенішінде шахтер болды. 1942 жылы соғысқа алынып, майданда 3 рет жараланып, Сталинград маңында қайтыс болады.

Әбіш Кекілбайұлының анасы Айсәуле Жұмабайқызы дәулетті, ел ішінде аты шыққан бидің отбасында дүниеге келіп, тәрбиеленген. 1936 жылы әуелі Оңдыда колхозшы, Таушықта 1942 - 45 жылдар аралығында стахановшы шахтер, 1945 - 62 жылдары «Екпінді» колхозында жұмыс істеді. Әбіш Кекілбайұлы 1947 жылы Таушықтағы мектептің 1 сыныбына барып, 1948 - 1954 жылдары Оңды орталау, ал 1956 - 57 жылдары Үштағандағы орта мектепте оқиды.
Әдебиетке құмарлығы мектеп қабырғасында басталады. 1957 жылы 5 мамыр «Лениншіл Жастың» белсенді ауылдық тілшісі ретінде Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетінің мақтау қағазымен марапатталады.
1957 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетіне түседі. Университетте әдебиет бірлестігін басқарып, жас талаптар шоғырын жарыққа шығарады. Соңғы курста оқып жүріп, «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет атқарады. Мұнда ол сыншылық қабілетімен көзге түседі. «Қазақ әдебиетінен» кейін 1962 - 65 жылдар аралығында «Лениншіл Жас» газетінде бөлім меңгерушісі болып істеді.

Әбіш Кекілбайұлының алғашқы өлеңдер жинағы «Алтын шуақ» 1962 жылы, «Бір шөкім бұлт» 1965 жылы жарық көрді.
Ауыл өмірінен жазылған повесть, әңгімелер жинағы «Дала балладалары» - Әбіш Кекілбайұлының кең тынысты эпик, суреткерлік болашағын танытады. 1974 жылы «Дәуірмен бетпе-бет» сын мақалалар жинағы, «Бір уыс топырақ»,

1979 жылы «Тырау, тырау тырналар», Маңғыстау түбегінің өткені, бүгіні, болашағы туралы «Ұйқыдағы арудың оянуы» тарихи танымдық баян, 1982 жылы «Шыңырау» повестер жинағы, 1992 - 93 жылдары Таңдамалы екі томдық, 1995 жылы «Заманмен сұхбат» 1998 жылы «Азаттықтың ақ таңы», публицистикалық мақалалары, толғамдары, 1999 жылы 12 томдық шығармалар жинағы жарыққа шықты.

Әбіш Кекілбайұлының «Үркер» (1981), «Елең - алаң» (1984) романдары қазақ әдебиетінің үлкен табысы ретінде бағаланып, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығын алды.

2001 жылы шыққан «Талайғы Тараз», 2002 жылы шыққан «Шандоз» тарихи тақырыпты ғылыми дәйекпен, дерекпен түсінікті ұғымды етіп жеткізудің жаңа бағыт - бағдарын белгілеп берді.

2009 жылы «Сыр десте» деп аталатын автордың көп жылдық ой - толғаулары, эссе, естелік, сөйлеген сөздерінің 5 томдық жинағы жарыққа шықты.

Әбіш Кекілбайұлының көптеген шығармалары ТМД халықтары мен шетел тілдеріне аударылған. Ол ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының 1986, Қазақстан Республикасы Президентінің бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының 1995, «Отан» орденімен 1999, Түркі елдері қауымдастығының шешімімен «Түркі дүниесіне сіңірген еңбегі үшін сыйлығын» алады. 2003 жылы «Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапатталды.
6 476
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әбіш Кекілбаев. Тасбақаның шөбі
Әбіш Кекілбаев. Тасбақаның шөбі
Әбіш Кекілбаев «Тасбақаның шөбі» атты үзінді әңгімесімен таныса отырып, мәтіндегі түйінді ойды ашуға мүмкіндік тудыру.
Тасбақаның шөбі
Тасбақаның шөбі
Аңдар тіршілігі туралы, туған жердің ыстық, қымбат екені туралы түсінік беру. Маңғыстау өңірінен шыққан дара тұлға Әбіш Кекілбаев туралы кеңірек ұғым беру. Оқушыларды дұрыс, жүйелі сөйлеуге үйрету.
Өлкенің тума таланты
Өлкенің тума таланты
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, № 15 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кобланова Айтгүл Назарбаевна
Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаяны мен еңбек жолы
Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаяны мен еңбек жолы
Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаяны мен еңбек жолы 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке - шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.
Жұмақ мекен - туған жер
Жұмақ мекен - туған жер
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №13 орта мектеп гимназиясы қазақ тілі пәні мұғалімі Ғайыпбаева Күләш Құрманбайқызы
Елін сүйген Елбасы
Елін сүйген Елбасы
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Қарақобда орта мектебі информатика пәні мұғалімі Малаева Индира Жақсылыққызы Елін сүйген Елбасы (презентация сабақ) 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×