Мұхтар Шаханов 1942 жылы ақпан айының 7 жұлдызында Оңтүстік Қазақстан облысы, Ленгір ауданы, Қасқасу селосында дүниеге келген қазақ ақыны.
Өмірбаяны
Шымкент педагогикалық институтын бітірген (1969). "Оңтүстік Қазақстан" (1960 - 65), "Лениншіл жас" (1965 - 70) газеттерінде, республикалық телевизия, радио редакцияларында (1971 - 75) істеді. 1976 жылдан Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің баспа, полиграфия және кітап саудасы жөніндегі мемлекеттік комитетінде бөлім бастығы. Алғашқы өлеңі ("Сырдария") 1959 жылы жарияланды. Тұңғыш өлеңдер жинағы ("Бақыт") 1966 жылы жарық көрді. М. Шахановтың "Балладалар" (1968), "Ай туып келеді" (1970), "Қырандар төбеге қонбайды" (1974), "Сенім патшалығы" (1976) атты кітаптары шықты. Өлеңдерінде философиялық ой басым. "Махаббат заңы" атты поэзиялық спектаклі республикалық театр сахнасына қойылды (1974).
Мұхтар Шаханов көптеген әндер мәтінін жазды. Мәтінін де, музыкасын да өзі жазған "Жұбайлар жыры", "Туған күн кешінде", "Гүл дәурен", "Мен саған ғашық едім" атты әндері жұртшылыққа кеңінен таныс. М. Шаханов — Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1972). Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, республикалық "Жалын" журналының бас редакторы т. б. қызметтер атқарды. КСРО халық депутаты, КСРО Жоғарғы Кеңесінің мүшесі, ҚР - ның Халық депутаты.
1993 - 2003 жж. Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінде болды. 2004 — 2007 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. Қазір 2004 — 2007 депутат. "Жалын" журналының бас редакторы, әлем ойшылдарының басын біріктіретін "XXI ғасыр және Руханият" атты халықаралық элита клубының Президенті.
Шығармалары
Бірнеше өлең кітаптарының және халық арасына кең тараған бірқатар әндердің авторы. Балладалары мен поэмалары дүние жүзі халықтарының 20-дан астам тілдеріне аударылған. "Махаббат заңы", "Сенім патшалығы", "Сократты еске алу түні" атты драмалары республикамызда және шетел театрларында қойылған. Ш. Айтматовпен бірлесіп жазған "Күз басындағы аңшының зары" атты эссе кітабы мен "Сократты еске алу түні" атты драмасы көптеген тілдерге аударылған. "Шыңғыс ханның пенделік құпиясы" драмалық туындысы негізінде Украинаның Довженко атындағы киностудиясы екі сериялы телефильм шығарды. Мұхтар Шахановтың поэзиясының арқауы ана тілі тағдыры, халқының тағдыры.
Ақынның: "Тарихын тұр санаңа өткел тастап, өз тілінде ойлау, сөйлеу тоқталған сәттен бастап, Бүкіл баба рухымен байланысың кесілер. Тағдырыңнан ата ғасыр шамын солай өшірер. Қатенді әбжіл түзетпесең, толыққанды жоқ тірлік. Біз бабалар сүйегіне, сеніміне бақ құрдық, Бақ құрдық та ұлтсыздық кеңістікке ат бұрдық. Өз тіліңді жерсінбеудің, Өз анаңды менсінбеудің, Арсыздығы қай дәуірде болып еді тапқырлық?
Ол — рухи мүгедектік әрі ұлттық сатқындық", — деген тұжырымдамасын 20 - ға тарта елдердің алдыңғы қатарлы гуманистері қолдаған. М. Шахановтың сөзімен айтсақ: "Өйткені қай елде болса да, ана тілін сыйламау — туған анасының жүрегіне тебумен бірдей".
Өмірбаянын толық жүктеуӨлеңдеріАйбергенов шыңыАлғашқы махаббатқа хатАлтын, күміс және қалайыАлғыс айтып өтем сағанАрал қасіретіАрманӘйелдерӘмір - Темірдің соңғы өсиетіБақыт геометриясыБарселона әуежайындағы сұңқарларБесінші еркекБіз, қазақтың екі ақыны, біргемізГималай жолбарыстары немесе малдық сана туралы мұңҒайшаҒұмырДара талғам қасіретіДинозаврлар мен егеуқұйрықтарЕл тілегінің күшіЕркектерге көзқарас немесе әйелге сирек жолығатын бақЕркектер жырыЖайықпен жүздескендеЖалынЖанеркеЖароков көшесіндегі кездесуЖаңа қазақтар немесе рухани байлықсыз да мемлекет құруға болады деп ойлайтын жас бизнесменге хатЖелтоқсан алаңыЖелтоқсан тағлымыЖетінші түйсікЖұбайлар бар әңгімесі таусылғанЖігерлендіру немесе өзін бақытсызбын деп есептеген жігітке жауапЖігерлендіруЖігіттің екі сипатыДостық өлкесінің заңыДостық пен махаббатКета балықтың ерлігіҚазақтың бас бұлшық етіҚазақ дастарқаныҚалдаяқов өзеніҚұдашаҚұлпытас кепиеті немесе кері тебу заңыҚымыз бен піспекҚыран тағдырыЛа Валетта маңындағы түн немесе қасиет мұнарасыMалдық сана туралы мұңМахаббаттың жазылмаған заңыМахаббатты қорғауМәңгүрттенбеу марсельезасыМен қыз үшін ұялдымМерейдің сақтар ханына айтқаныМұрын жайлы әзілНаурыз парасатыОралуОрмандағы оқиғаОтырар қаһармандығы немесе жеңiлген жеңiмпаз туралы дастанОтырар кітапханасыӨзендер"Өркениеттің адасуы" атты романнан Компьютербасты жарты адамдарРух мектебіндегі мұңРух пен тілСаматтың жұбайы Айжанармен жекпе-жекСұлулықты сезіну немесе Ғабиден Мұстафинмен қарттық жайлы әңгімеТанакөзТарысы бар аймақтыңТамырсыздану қаупінің тұжырымдамасыТЖ - ларТөрт анаТуған күн кешіндеТүркістан аңызыТүркістандағы тауТүсінісу теоремасыУақытша жеңістерҰшақ үстіндегі ойҮнсіздік12 - 3=?
ЦементШекарасыз жомарттық немесе Қалекеш Қарақұловты іздеуШың басындағы оқиғаЭверестке шығу