Қадыр Мырза - Әлі (1935 жылы туған - 2011 жылы 76 жасында өмірден өтті).
Ақын, Қазақстанның халық жазушысы (1995 ж.), Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Әнұранының сөзін жазған авторлардың бірі Қадыр Мырза - Әлі 1935 жылы 5 қаңтарда Орал облысының Жымпиты кентінде туған. 1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тамамдаған. Еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған балаларға арналған «Балдырған» журналында әдеби қызметкер болып бастаған.