Қасым Аманжолов — (1911 - 1955) қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі, халқымыздың дарынды ақыны.
Қасым Аманжолов – қазақтың аса ірі ақындарының бірі. Оның көркемдік - эстетикалық деңгейі жоғары, қазақ әдебиеті тарихында айтулы орынға ие шығармашылығы, негізінен, поэзиялық туындылардан тұрады. Ақынның әдеби мол мұрасын 7 - 8 поэмасы мен алуан тақырыптағы лирикалары құрайды.
Қасым Аманжолов – көркем аударма өнерінің де үздік шебері. Ол орыс, Батыс пен Шығыс поэзиясының классикалық туындыларын: лирикалық өлеңдер мен поэма - дастандарын қазақ тіліне зор шабытпен аударды.
Қ. Аманжолов – өзінің батыл ойлы, шыншыл да терең сырлы, дауылды поэзиясымен әр буын оқырмандар сүйіспеншілігіне ие болып, жас таланттарға өте күшті әсер етіп келе жатқан біртуар дарын
ӨлеңдеріАбай арманыАлматыАлматы ауасындай мінезің барАлматы ауасындай мінезің барАқшаАтамекенАспанымды бұлт торлапАраласып кеттік сеңдейӘділет айнасыӘшімБалалық шақ туралыБалбөбекБалдақты жігітБесік жырыБурабай толқындарыБірақ таДауылДенсаулық жырыДүниеге жарЖаз көңілЖаз дидарлы жас анаЖайықЖаннаЖас дәуренЖетпіс пен жетіКөктемКөкшетауКүйім тасып барады, күйім тасыпКүлемін де жылаймынҚарағандыҚарашашҚара ағашҚуанышқа, бақытқаҚұзМен – табиғат бөбегіНар тәуекелНұрлы дүниеӨзім туралыӨлең туралыОңаша ойОралО, тағдыр, мені сауықтыр!Сабыр етшіСемья – шағын мемлекетСенің алма бағыңаСу жағасындаТоқта, жолдас!Түн ортасы ауғандаҰшқыш болғым келедіХан тәңіріЯпырай, мына күннің райын - ай!