Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері. Әскери атақтар және айыру белгілері.

29 шілде 2014, Сейсенбі
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ішкі қызмет жарғысы. Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері. Әскери атақтар және айыру белгілері.

Мақсаты:
1. Оқушылардың білімін жетілдіру.
2. Әрбір баланың бойындағы ұлтжандылық қасиетін дамыту және рухын жоғары, берік ұстау сезімін жетілдіру.
3. Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері туралы түсінік беру.
Оқу сұрағы:
1. Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері. Әскери атақтар және айыру белгілері.
2. Әскери қызметшілердің әскери әдептілігі мен мінез – құлқы.
3. Командирлер (бастықтар) мен бағыныштылар. Аға және кіші шенділер.
Уақыт – 45 минут.
Сабақ өтетін орын – АӘД кабинеті.
Әдіс - Әңгіме.
Көрнекті құралдар – АӘД оқулығы.
Сабақтың жүргізу тәртібі
Кіріспе – 5 мин.
Оқу сұрағы – 35 мин.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшісі қызметтік іс - әрекетінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, әскери жарғылардың талаптарын басшылыққа алуы және саяси мақсаттарды көздейтін қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің қызметіне қатысы болмауы тиіс.
Ол:
 Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын қатаң сақтауға және әскери жарғылардың талаптарын орындауға;
 әскери антқа адал болуға, өз халқына жанқиярлықпен қызмет етуге, ерлікпен, Қазақстан Республикасын қырағылықпен, қасық қаны қалғанша аянбай қорғауға, әскери борышын адал орындауға, әскери қызметтің қиындықтарын табандылықпен өткеруге;
 өз Отанының патриоты болуға, түрлі ұлттардың әскери қызметшілерінің арасындағы достықты нығайтуға;
 адал, тәртіпті, ержүрек болуға, әскери борышын орындау кезінде байыпты бастама жасауға;
 командирлерге (бастықтарға) сөзсіз бағынуға және оларды ұрыста қорғауға, әскери бөлімнің жауынгерлік туын сақтауға;
 әскери кәсіптік білікті ұдайы меңгеруге, өзінің машықтануы мен әскери шеберлігін жетілдіруге;
 өзіне сеніп берілген қару мен әскери техниканы білуге және оларды ұдайы әзірлікте ұстауға, әскери мүлікті және басқа да материалдық құндылықтарды сақтауға;
 әскери бауырластықты бағалауға, жолдастарын қауіптен құтқаруға көмектесуге, оларға сөзімен де, ісімен де көмектесуге, әрқайсысының ар - намысы мен абыройын құрметтеуге, өзіне және басқа да әскери қызметшілерге қатысты тұрпайылық пен қорлауға жол бермеуге, оларды лайықсыз іс - қылықтардан тежеуге;
 әскери әдептілік, мінез - құлық пен әскери сәлесдесу қағидаларын сақтауға, әрдайым және барлық жерде өз қадір - қасиеті мен абыройын биік тұтуға, нысанды киімін таза, ұқыпты киюге;
 қырағы болуға, әскери және мемлекеттік құпияны қатаң сақтауға міндетті.

Медициналық немесе әділет, әскери - есептік мамандықтары бар офицерлердің әскери атақтарына тиісінше «медицина қызметінің», «әділет», т. б. сөздер қосылып айтылады.
Авиацияның жоғарғы құрамдағы офицерлерінің әскери атақтарына (ұшқыштық, инженерлік, инженерлк - авиациялық дайындығы бар) «авиациялық» деген сөз қосылып айтылады.
Қосалқы құрамға шыққан әскери шенділерге «қосалқы құрамдағы», демалыстарға «демалыстағы» деген сөздер қосылып айтылады.

Әскери қызметшілердің әскери
әдептілігі мен мінез - құлқы

Әскери қызметшілер әрдайым жоғары мәдениеттің, қарапайымдылық пен ұстамдылықтың үлгісі болуға, өзінің қадір - қасиетін қорғауға және басқалардың қадір - қасиетін құрметтеуге тиіс. Олар өз мінез - құлқына қарап, тек өздері туралы ғана емес, тұтас алғанда, Қарулы Күштердің ар - абыройы туралы пікір түйілетінін есте ұстауы тиіс.
Әскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым - қатынастар өзара сыйластық негізінде құрылады. Қызмет мәселелері бойынша олар бір - біріне: «сіз» деп тіл қатуға тиіс. Өзара жеке қатысу кезінде әскери атақ әскерлердің түрі немесе қызметі көрсетілмей аталады.
Бастықтар мен аға шенділер қызмет бойынша бағыныштылар мен кіші шенділерге тіл қатқанда, оларды әскери атағы мен әскер түрі бойынша немесе атағы бойынша ғана, соңғы жағдайда атақтың соңына «мырза» деген сөзді қоса отырып айтады. Мысалы: «Қатардағы Омаров (Омарова)», «Қатардағы сарбаз мырза», «Сержант Егізбаев (Егізбаева)», «Сержант мырза», т. б.
Әскери оқу орындарының әскери атақтары жоқ сержанттық құрамын, курсанттарын (тыңдаушыларының), сондай - ақ оқу - әскери бөлімдерінің (бөлімшелерінің) курсанттарын, оларға тіл қатқан кезде, тегін қосып «курсант» деп немесе «Курсант мырза» деп атау керек.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
29 671
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
7 мамыр - Отан қорғаушылар күні!
7 мамыр - Отан қорғаушылар күні!
Бұл күн Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылған күні болып құрылғандықтан «7 мамыр Отан қорғаушылар күні» деп жарияланды.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тәртіптік жарғысы
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тәртіптік жарғысы
Қазақстанды мақтан тұтатын, оның халқына адал болатын, жері мен табиғатын құрметтейтін, Қазақстандық патриот бола алатын, Отан қорғау міндетіне дайын азаматты қалыптастыру.
Сап және оларды басқару
Сап және оларды басқару
Оқушыларға сап және оның элементтерін, сапқа тұру алдындағы және саптағы әскери қызметшінің міндеттерімен таныстыру. Әскери қызметшілердің сап алдындағы міндеттеріне жататын алғашқы баспалдақтарын оқушылар бойына дамыту. Әскери сымбаттылыққа, әскери
Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің жауынгерлік дәстүрлері
Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің жауынгерлік дәстүрлері
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, “№1 мектеп – гимназиясы”КММ АӘД пәні оқытушы – ұйымдастырушысы Қанатбай Мақсат Қанатбайұлы
Әскери бөлімдер мен бөлімшелерді елді мекендерде орналастыру
Әскери бөлімдер мен бөлімшелерді елді мекендерде орналастыру
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, “№1 мектеп – гимназиясы”КММ АӘД пәні оқытушы – ұйымдастырушысы Қанатбай Мақсат Қанатбайұлы
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ішкі қызмет жарғысы
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ішкі қызмет жарғысы
Мақсаты: 1. Оқушылардың білімін жетілдіру. 2. Әрбір баланың бойындағы ұлтжандылық қасиетін дамыту және рухын жоғары, берік ұстау сезімін жетілдіру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×