Білімділер поралы

Сын тұрғысынан ойлау

Сын тұрғысынан ойлау – ойлау туралы ойлау
Сын тұрғысынан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сын тұрғысынан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс - әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді. (Нұсқаулық 49 бет.)
Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз - алған білімге сын көзбен қарау, іздену, оның ақиқатын дәлелдеу, білімді саналы түрде алу. Бұл технологияның тиімділігі – оқушының құзіреттілігін арттырып ғана қоймайды, сонымен қатар:

1. Жеке тұлғаның жетілуіне, дамуына бағытталады.
2. Мұғалім мен оқушылар арасында қарым - қатынас орнатылады.
3. Оқушының өздігінен жан - жақты білім алуына жағдай жасалады.
4. Алған білімге сын көзбен қарайды, білімді сапалы түрде алады.
5. Оқушы ойын ашық айта алуға, пікір алмасуға үйренеді.
6. Бірін – бірі сыйлауға, ынтымақтастыққа баулиды.
7. Мәселенің ең негізгі түйінін табуға дағдыланады.
8. Оқушының шығармашылық белсенділігі артады.

Жалпы сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақтар қойып, дәлелдерді талдайды, мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегиялар қолданады. Олар ауызша, жазбаша, көзбен шолу, дәлелдеріне сүйену арқылы болашаққа бейім болып келуіне ықпалдасады.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен тұрады.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтағы аса қажетті, маңызды әрекет болып табылды.
Тізбектелген сабақтар топтамасын жасау барысында «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» негізгі модуль ретінде алынып, ЖИГСО, топтастыру, Венн диаграммасы, «Сэнквейн», «Идея туралы ойлар», «Бағдаршам», «Көршіңе әңгімелеп бер», «Басбармақ», «Ойлан, бірік, бөліс» әдістері арқылы көрінді.

Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолдану арқылы білімі мен ойлау деңгейі жоғары, жан - жақты дамыған оқушы қалыптасады деп ойлаймын. Сыни тұрғыдан ойлау модулін өзімнің мектептегі іс – тәжірибем барысында кеңінен қолдандым. Тәжірибені өзім жетекшілік ететін 3 - сыныпта өткіздім. Сыныбымда 13 ұл және 13 қыз, барлығы 26 оқушы. Тәжірибедегі бірінші сабағымда оқушылар «Мен сізді таныстырғым келеді» ойынын ойнау арқылы бір – бірін таныстырып, өздерін жаңа қырынан танып, білді. Сабақтарымда белсенділігі төмен, сенімсіз оқушыларды назарымнан тыс қалдырмай, үнемі бақылауда ұстауға тырыстым.

Дүниетану пәнінен өткізген алғашқы сабағымның тақырыбы: «Қазақстан – егемен ел».
Мақсаты: оқушылардың тәуелсіз Қазақстан туралы білімдерін кеңейту, Қазақстан картасымен жұмыс істей білуге үйрету, Қазақстан тарихындағы елеулі оқиғалар туралы білім беру. Жерді, елді сүю арқылы оның бағасын түсінуге, егемендікті қадірлеуге, Отанды құрметтеуге тәрбиелеу;

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Материал рейтингісі:
  • 60
барлық дауыс бергендер: 3
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Бәйге бөлімі
  • Мәтін, мәтіндік блоктарды құру

    Оқушыларды Macromedia Flash бағдарламасында мәтінмен жұмыс жасауды үйрету; Оқушыларды мәтінмен жұмыс жасау туралы білімдерін қалыптастыру
  • Мағжан Жұмабаев «Сүйемін» өлеңі

    Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы жалпы мағлұмат алуға, танып - білуге қызықтыру, «Сүйемін» өлеңінің идеясы мен тақырыбын түсінуге және өлең құрылысын жан - жақты талдай білуге, сын ...
  • Қайталау. 400 - 406 - жаттығулар

    Оқушыларды қазақ халқының дәстүріне деген сүйіспеншілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.
  • Қош келдің – әз Наурыз!

    Наурыз қазақтың ұлттық мейрам екенін ашып көрсету; балалардың санасына халқына деген мақтаныш сезім ұялату; мерекеге байланысты ұлағатты сөздердің мағынасына қарай балаларды адамгершілікке, елін, ...
  • Спортпен айналысамыз

    Берілген материалдың мағынасын түсінеді, сөздерді жіктейді, есімдіктерді, демеулік шылауларды атап, мысалдар келтіре алады.
  • Би музыкасы

    Қазақ халқының салт - дәстүріндегі бидің алатын орны, Шара Жиенқұлованың өмірімен және билерімен танысу. Оқушылардың музыка пәніне қызығушылығын дамыту, сүйіспеншілігін ояту арқылы әсемдікке ...
  • «Getting from A to B. Travel and transport» «А - дан Б - ге жету. Саяхат пен көлік

    - саяхат түрлері мен көліктерді сипаттай алады; - көліктің түрлерін ажыратып, олардың атқаратын қызметтерін атап береді.
  • Республиканың 1965 - 1985 жылдардағы қоғамдық - саяси өмірі

    Республиканың 1965 - 1985 жылдардағы қоғамдық - саяси өмірі жеке, жұптық, топтық жұмыс жасай отырып, өздігінен білім алады
Үздік жаңалықтар
Өз пікіріңді білдір
Қанша жалақы аласыз?
25000-35000
35000-45000
45000-55000
55000-75000
75000-100000
100000-250000
Сайтта кім бар
Барлығы: 35
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 35
Роботтар: 3
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • БГК
    Жазған: БГК
  • Венерок
    Жазған: Венерок
  • guizira1983
    Жазған: guizira1983
  • Кеулимжай
    Жазған: Кеулимжай
  • Арнұр
    Жазған: Арнұр
    Мына жаңалықта: Қимылды ойындар
  • ALTUH79
    Жазған: ALTUH79
  • Aiman Bolatbek
    Жазған: Aiman Bolatbek
  • Гүлнар Жолдасова
  • aiboll
    Жазған: aiboll
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика