Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бердібек Соқпақбаев "Ағаштар неге ашуланды?"

13 қаңтар 2013, Жексенбі
Категориясы: Бәйге
Сабақтың тақырыбы: Бердібек Соқпақбаев Ағаштар неге ашуланды? (презентациясымен)
Мақсаты:
Білімділігі: Қазақтың көрнекті балалар жазушысы Б.Соқпақбаевтың өмірі мен шығармалары туралы тереңірек танысып, әңгіменің тақырыбы мен жазушының идеялық мұратын мәтінге сүйене отырып ашу.
Дамытушылығы: Оқушы ой-өрісін кеңейту, өз ойларын әдеби тілмен өрнектей білуге машықтандыру.
Тәрбиелігі: Әңгіме арқылы еңбексүйгіштікке, мейірімділікке тәрбиелеу. Ағаштарды күтіп баптауға үйрету.
Түрі: саяхат сабақ
Әдісі: сұрақ – жауап
Көрнекілігі: Жазушы суреті, Астана суреттері т.б.

Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру
Оқушыларды сабаққа әзірлеу
Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Еш уайымды білмейміз.
- Бүгін біз сабағымызда саяхатқа шығамыз. Бас қаламыз - Астана қаласының көрікті жерлерімен танысамыз. Ол үшін барлық тапсырмалардан сүрінбей өтуіміз керек. Саяхатқа пойызбен шығамыз. Үй тапсырмасына жақсы жауап берсек Хан шатырымен танысамыз.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1. Әңгіме мазмұнын айту
2. Сұрақтарға жауап беру
1. Қанатқа әкесі сыйлаған компастың қандай ерекшелігі бар?
2. Балалар қайда барды?
3.Боданның компасқа қызыққанын оның қай сөздерінен байқауға болады?
4.Бодан компасты не істеді?
3. Әңгіменің соңғы бөлігін оқып, өз ойын жазып келу.
«Егер мен Боданның орнында болсам......»
«Хан Шатыры» сауда ойын-сауық орталығы – атақты сәулетші Норман Фостердің қолымен жасалған кезекті өнер туындысы. Бұл сауда және ойын-сауық орталығында ең үлкен қалалық бақ, ірі сауда орта¬лық¬тары, кинотеатр, концерт залдары болады. Сонымен бірге ғимараттың барлық қабаттарында дәмханалар мен мейрамханалар орналасқан. Орталықтың ішінде тропикалық бақтар, гүлзарлар, субұрқақтар бар.

ІІІ. Жаңа сабақ
1. Жазушы жөнінде білетіндерін еске түсіру
1924ж 13қазанда туған
Абай атындағы педагогикалық институт
Б. Соқпақбаев-------------Мұғалім
Балалар жазушысы
«Менің атым-Қожа», «Жекпе жек» кітабы
2. Жаңа сабақты түсіндіру Б. Соқпақбаев Ағаштар неге ашуланды?
1. Мәтінді таныстырмас бұрын оқушыларға ағаш сөзін көрсеткенде ойларына не келетінін топтастыру.

2. Ағаштар ашулана ма? Оқушы пікірін білу
3.Мәтін мазмұнымен оқушыларды таныстыру, мәнерлеп оқу.
1.Алмабектің ағаш отырғызуы.
2.Ағаштардың мұңға батуы
3.Ормандағы оқиға
4.Ағаштардың бой түзеуі
«Думанның» океанариумы «мұхитарал» деп те аталады. Ол – мұхит атаулыдан 3000 шақырымнан астам қашықтықта орналасқан бірден-бір океанариум. "Думан" ойын-сауық орталығының Мұхитаралы-ТМД-дағы тұңғыш дүниеге келген бірден-бір нысан. Мұхитаралдың су қоры - 3 миллион литрді құрайды. Оны әзірлеу үшін 120 тонна теңіз тұзы қажет болды. Мұнда жұмыр Жердің әр түкпіріндегі теңіз жәндіктерінің 100-ден астам түрінен тұратын 2 000-нан артық теңіз тұрғындары тіршілік құруда.

4. Оқулықпен жұмыс
а) мәнерлеп оқыту
ә) тізбектей оқыту
б) мәтіннен кәрі еменнің сөзін тауып оқу
5. Дәптермен жұмыс
Мәтіндегі ағаштардың Алмабекке қойған кінәсін жазып шығу

Алмабектің айыбы

Нұр-Астана» мешітінде 5 мың адам дұға жасай алатын үлкен залы бар .Мешіт көлемі 4000 шаршы м тең. 2005 жылы ашылды.
6. Семантикалық кестемен жұмыс «Ағаштар сыры»
Ағаштар аттары-----Қайың------Бәйтерек------Емен-------Терек
Жарықты жақсы көретін, тез өсетін,
Гүл шоғы сырға тәрізді, қабығы ақ, көрікті ағаш. Оның діңін құрылысқа, үй жиһаздарын жасауға пайдаланады.
1000жылдан астам өмір сүре алады. Ағашы өте мықты. Сондықтан оларды үйлер мен кемелер салу үшін пайдаланған.
Әдейілеп адам қолымен отырғызғандай түп-түзу болып биікке бойлап өседі
Суды тамыры арқылы сіңіріп, бір өзі бір жазда 2000 литрге жуық суды жапырағы арқылы буландырады.
Ғимараттың жалпы көлемі 36 720 м2. Қазақстан Республикасы Президентінің Ақ ордасының ресми тұсаукесері 2004 ж. желтоқсанның 24 күні өтті. 1-қабатта салтанатты хол орналасқан. 2-қабатта қызметтік орынжайлар орналасқан. 3-қабатта киіз үйге ұқсатып жасалған, мәрмәр және гранит таспен өңделген Шығыс залы; сыйлықтар мен сенім грамоталарын тапсыру залы; екі жақты кездесулерге арналған “Алтын зал”; камин залы; қызметтік орынжайлар мен мәжіліс залдары орналасқан. 4-қабатта қызметтік орынжайлар мен мәжіліс залдары; Саммиттің Үлкен залы; кітапхана; кіші Шығыс залы орналасқан.

7. Мақалды толықтырып жазу
1. ........ еңбегімен озады, (ер)
........ езілумен тозады. (еріншек)
2. ........ ертеңі бітпейді.
«Астана-Бәйтерек» монументі – Астананың нағыз символы, оның танымал карточкасы. Қазақша аудармасы «бәйтерек» дегенді білдіреді. 97 метрді құрайтын көрініс кешені заманай қаланың көркем бейнесін ашады. 97 саны кездейсоқ емес, ол астананың Алматыдан Астанаға ауысуын білдіреді.
ІV.Сабақты сұрақтар қою арқылы қорытындылау
1.Алмабектің жіберген кемшілігі неде?
2. Ағаштар Алмабекті қалай жазалады?
3. Алмабек өз кемшілігін қалай түзеді?
4. Егер Алмабек ағаштардан кешірім сұрамағанда не болар еді?
Сабақ қорытындылап болғаннан кейін Б.Аманшин орта мектебіне қайта оралу.
V.Үйге тапсырма: мәтін мазмұнын айту, жазушы шығармаларын талдап, салыстырып келу
VІ.Бағалау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
14 576
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ақ боран. Ж. Жұмаханов
Ақ боран. Ж. Жұмаханов
Жекен Жұмаханов туралы шағын түсінік беру. Жазушының шығармаларымен таныстыру. Әңгіме мазмұнын ашу, негізгі кейіпкерді айқындата отырып, идеялық мазмұнын түсіндіру.
Б. Сокпақбаев Ағаштар неге ашуланды?
Б. Сокпақбаев Ағаштар неге ашуланды?
Бердібек Сокпақбаевтың шығармаларымен таныстыра отырып, мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Ағаштар жайындағы білімдерін кеңейту, мәтінді мәнерлеп оқу дағдыларын және белсенді ынталы оқуға үйрету.
Б. Соқпақбаев «Ағаштар неге ашуланды?»
Б. Соқпақбаев «Ағаштар неге ашуланды?»
Табиғаттың тамаша көрінісі арқылы сенде қандай көңіл - күй туды?
Ағаштар неге ашуланды?
Ағаштар неге ашуланды?
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, №244 Ы. Жақаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Мырзахметова Акгулсим Нурлыбековна
Ағаштар неге ашуланды?
Ағаштар неге ашуланды?
Атырау қаласы, Облыстық тіл мүкістігі бар балалардың №3 мектеп - интернатының бастауыш сынып мұғалімі Куандыкова Асылжан Тулегалиевна
Бердібек Соқпақбаев. Ағаштар неге ашуланды?
Бердібек Соқпақбаев. Ағаштар неге ашуланды?
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекетінің негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Үсенова Баян Алдабергенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×