Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары

12 мам 2013, Жексенбі
Категориясы: Бәйге
7 сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §26. Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары (презентациясымен)
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділігі: Оқушыларға Әмір Темір жайлы, оның жорықтары және қазақ халқына әкелген зардаптары туралы түсіндіру.
2. Тәрбиелігі: Тақырыпты түсініп оқуға, тарихи оқиғаларды саралай білуге, қорытынды жасауда тарихи және саяси сауатты болуға тәрбиелеу.
3. Дамытушылығы: Әмір Темір жайлы деректерді қарастырып тарихи талдау жасауда білім, білік дағдыларын дамыту.
Сабақтың ұраны: Көк тәңірі – Тәңірінің,
Тұқымы жоқ, заты жоқ.
Жер тәңірісі Темірдің,
Тұқымы түрік, заты от.
М. Жұмабаев
Сабақтың түрі: Жаңа білімді қалыптастыру.
Сабақ әдісі: Оқушылармен ынтымақтастықты қалыптастыру, сұрақ – жауап, баяндау, әңгімелеу, еске түсіру және т. б. оқыту әдістерін қолдану.
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті
Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа арналған слайдтар, «Әмір Темірдің жорықтары» картасы « XIV – XV ғасырдың I жартысы Қазақстан аумағының мемлекеттік құрылымдары» картасы.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Жаңа сабақ.
Жоспар
1. Әмір Темірдің өмірбаяны.
А) Әмір Темірдің генеологиясы.
Ә) Дүрбелең заманның тұлғалары. Әмірдің ұрпақтары.
Б) Әмір Темір жайлы біз білетін және білмейтін жағдайлар (оқушылар ынтымақтастығымен талданады)
В) Әмірдің Елтаңбасы, Туы және ұраны
2. Әмір Темірдің Алтын Орда жеріне жасаған жорықтары (картамен жұмыс)
3. Әмір Темірдің Моғолстан хандығына жорықтары (картамен жұмыс)
4. Әмір Темір жорықтарының зардаптары (кесте)
5. Әмірдің қазақ еліндегі тарихи іздері және қағидалары (слайдтар)
Оқушыларға слайд арқылы Әмір Темірдің шыққан ортасы, көрші елдермен қарым - қатынасы және жаугершілік жорықтары жайлы түсіндіру.
Әр замандағы қолбасшылармен билеушілерінің жаугершілік әрекеттеріне талдау жасап, оқушыларға салыстырту.
Әмір Темір жайлы біз білетін және білмейтін жағдайлар туралы слайд сызбаны қолдана отырып оқушылармен ынтымақтаса толтыру.
Әмір Темір жайлы не білеміз?
1. Түркі халқының ұрпағы.
2. 27 елді билеген.
3. 35 жыл билік құрған және т. б. слайдтан толық көруге болады.
Әмір Темірдің Алтын Орда жеріне жасаған жорықтарын түсіндіруде оқушыларға төмендегідей сұрақтар қойылады. (картамен жұмыс).
1. Алтын Орданың аумағын көрсетіңдер.
2. Алтын Ордамен көршілес елдерді көрсетіңдер.
3. Неліктен Темір Ақ Орданы әлсіретуге тырысты?
Моғолстан хандығына 1371 - 1372жж жасалған Әмір Темірдің жорықтары түсіндіріледі. (картамен жұмыс)
Оқушылардың көмегімен Әмір Темірдің жорықтарының зардаптары жайлы сызба кесте толтырылады. (слайд)
Әмір Темірдің қазақ еліндегі тарихи іздері және қағидалары слайд бойынша талдау жұмысы жүргізіледі
1. Қожа Ахмет Иассауи кесенесі қай қалада орналасқан?
2. Ғимараты нешінші ғасырда салынған?
3. Неше бөлмеден тұрады?
4. Нешінші ғасырдан бастап әйгілі адамдар осы кесенеге жерлене бастады?
5. Түркістан неліктен Рухани астана деп аталды?
6. Неге «Екінші Мекке» деп аталады?
Әмірдің 12 қағидасы бойынша талдау жасалып, жалпы түркі және қазақ халқының бойында бар ортақ қасиеттер туралы айтып түсіндіру.
Бәйдібек бидің әйелі көріпкел Домалақ ана немесе Нәзира ананың Әмірдің өлімі туралы ескерткені, Әмірдің шынында да 1405ж Отырарда қайтыс болғанын түсіндіру.

III Сабақты бекіту.
Әмір Темір жайлы халықтың теңеулері мен біздің пікіріміз слайдын толықтыру. Слайдтың оң жағын оқушылар толтырады.
Оқушыларға «Түртіп алу» кестесі ұсынылады

Сабақты қорытындылау барысында сабақтың ұраны айтылып, талдау жұмысын жүргізу.
Ә. Бөкейханов пен М. Шахановтың пікірлері салыстырылып, тарихқа рудың, жүздің, ұлтшылдық көзімен қарауға болмайтындығы, тарих жікшілдікті көтермейтіні туралы яғни соңғы сөзді уақыт бір кезде өзі айтатыны барлығымызға мәлім сөзіменен сабақ қорытындыланады.

IV. Бағалау. Оқушылар білімін саралау
V. Үйге. §26
Оқушылардың нені білгісі келетіні жайлы пікірлерін ескеріп, тапсырма беру.
Тақырып бойынша тест құрастыру, жаттау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 853
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
XIII - XV ғасырлардағы Ноғай Ордасы. Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібір.
XIII - XV ғасырлардағы Ноғай Ордасы. Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібір.
Ноғай Ордасы мен Батыс Сібір аймағының этникалық құрамы жайлы баяндау
Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары Конспект Әмір Темір 1336 - 1405 жылдар аралығында өмір сүрген. 1370 - 1405 жылдары Мәуереннахрда билік еткен. Әмір Темір Алтын Орданы басып алудан бұрын Ақ Орданы әлсіретуді көздеді.
Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
Ақсақ Темірдің Азияға жасаған басқыншылық жорықтарын жан - жақты түсіндіру; Әмір Темірдің қанды жорықтарын баяндаумен қоса, А. Иасауиге кесене соқтыру арасындағы байланыстың сырына үңілу.
Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
Оқушыларға Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары туралы айта отырып, өз елін жаудан қорғай білетін батыл, ержүрек азамат болуға тәрбиелеу.
Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
Сабақтың тақырыбы: Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
[right]Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Қарғалы ауылы №241 Қ. Әбдіқадыров атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі Құдиярова Зада Ризақызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×