Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білімді мыңды жығар (зияткерлік ойын)

13 мам 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Бәйге
«Білімді мыңды жығар» зияткерлік ойыны» (презентациясымен)
Мақсаты: оқушылардың өзара бәсекелестік тудыру арқылы білімге деген құлшыныстарын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, өз білімің көтеру мақсатында өзін - өзі тәрбиелеуге үйрету.
Көрнекіліктер: компьютер, интерактивті тақта, графопроектор, слайдтар, тапсырмалар; залды шарлар, гүлдермен безендіру; білім жайлы қанатты сөздерді ілу.
Қатысушылар: 9 – 11 сыныптардан 3 оқушыдан тұратын 5 топ.

Таныстыру
топтың атауы, ұраны, өмірлік ұстанымы
ҚҰПИЯ СӨЗ
Берілген әріптер тізбесінен сөз құрастырып, өзінің тобының атауын табады, сол сөзден сөздер шығарып, ұнаған сөзді таңдап алып шағын шығарма жазады.
шаболқа, ырадн, нықар, лұртап, құрңас
Болашақ
Дарын
Қыран
Тұлпар Сұңқар
Музықалық номер
Хор«Жас Ұландар»

КЕРЕМЕТ БЕСТІК
Қазақ тілі 10 20 30 40 50
10. Тыныс белгілері туралы ережелер жинағы қалай аталады?
А) Синтаксис
В) Лексикология
С) Полисемия
Д) Стилистика
Е) Пунктуация

20. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсет
А) Көп сөз – күміс – аз сөз, алтын.
В) Көп сөз – күміс; аз сөз – алтын.
С) Көп сөз – күміс, аз сөз – алтын.
Д) Көп сөз, күміс, аз сөз, алтын.
Е) Көп сөз күміс – аз сөз алтын.

30. Сабақтас құрмалас сөйлемді тап
А) Сауран шаңғыға әуесқойлардың бірі бола тұра, әлі күнге мұншалықты ұзын алқапта, әсіресе мынау еңістікте сырғанап көрген емес.
В) Міне біз де келдік. Кеш те басталды.
С) Мен үй жинап жатырмын, өзің келіп кет.
Д) Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас: қардың суы секілді тез суалар.
Е) Бұл уақыттың ішінде ел де өзгеріп кетті, адамдар да өзгерді.

40. Емле бойынша дұрыс жазылған күрделі жалқы есім
А) «балдырған» журналы
В) балдырған журналы
С) Менің атым Қожа хикаяты
Д) «абай жолы» романы
Е) «Абай жолы» романы

50. Одағайды көрсет
А) Өзімдікі болса игі еді.
В) Охо, өлкемдегі өмір қандай!
С) Балам, ойымды таба алмадың.
Д) Мынау не деп тұр?
Е) Қой деймін, бала.

Орыс тілі 10 20 30 40 50
10. Отвлеченное существительное
A) сахар
B) чтение
C) листва
D) детвора
E) журнал

20. Укажите глаголы 2 спряжения
А) Махать, хлестать, дышать
В) Дышать, зависеть, приготовить
С) Приготовить, полоть, доверить
D) Доверить, стелить, плескать
Е) Плескать, гнать, дремать

30. Если страдательное причастие настоящего времени образовано от глагола 2 спряжения, то пишется суффикс
A) - им -; B) - енн -; C) - ем -;
D) - ащ -, - ящ -; E) - ущ -, - ющ -

40. В предложении есть причастный оборот
A) Наступила осень, похолодало.
B) А утро было славное, хотя и холодное.
C) Вернувшись домой, я нашел эту книгу.
D) Тропинка, заворачивающая к лесу, была узкой.
E) Мне не хотелось никого приглашать на свой юбилей.

50. Укажите глаголы со значением «интеллектуальная деятельность»
A) Размышлять, сидеть, летать
B) Летать, спать, смеркаться
C) Конструировать, колоть, решать
D) Решать, считать, учиться
E) Учиться, молоть, клеить

Математика 10 20 30 40 50
10. 19+10=5
қалай шықты? неге 5 шықты?
20. Бұл есепті бала бақшаның баласы 1 минутта шешеді, ортаншы сыныптың оқушылары 5 минутта, жоғарғы сыныптың оқушысы 30 минутта, ал профессор ешқашан шеше алмайды.
Б Е Ү Т Б А Ж С Т О. Бұл не?

30. Электричка сағатына 70 км жылдамдықпен келе жатыр. Түтін қай бағытта және қандай жылдақпен бұдақтап шығып жатыр?
1 ден 100 санда қанша 9 кездеседі?

50. Бақта 4 көктерек өсіп тұр, әр қайсысында 4 үлкен бұтақтан, әр үлкен бұтақта 4 кішкентай бұтақтан, әр кіші бұтақта 4 алмадан. Барлығы қанша алма?

Тарих 10 20 30 40 50
10.«Көк түркінің көк семсері» атанған атақты батыр кім?
20. Қорқыт ата ескерткішінің қандай ерекшелігі бар?
30. Біздің елімізде өсіп тұрғанына 700 жыл болған ағашты қай жерден кездестіруге болады?
40. Тараз қаласының ерте орта ғасырлық аты қандай?
50. Ғұндардың көсемі, аты аңызға айналған әскери қолбасшы кім?

География 10 20 30 40 50
10. Аты да, мінезі де бұзық өзен қайда, қалай аталады?
20. Жетісудың жеті өзенін атаңдар
30. Қызыл кітапқа енгізілген грейг жауқазыны қай қорықтың эмблемасы болып табылады?
40. Төбесінен бірден төрт ел – Қазақстан, Ресей, Қытай, Монғолия көрінетін тау жүйесі қалай аталады?
50. Джомолунгманы (Эверест) бағындырған қазақ альпинисі кім?

Музыкалық номер
Ән «Үш Меркі»

Логикалық сұрақтар әлемінде
КІМ ТАПҚЫР?
1. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?
2. Айналада су, ортасында заң. Бұл не?
3. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр?
4. Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?
5. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама - қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар?
6. Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады?
7. Сыныпта 35 оқушы бар. Қыздар ұлдардан үшке артық. Сыныпта ұлдар қанша, қыздар қанша?
8. Арман черновикте есеп шығарып, оны дәптерге көшірді. Бірақ жақшаларды қалай қойғанын ұмытты. Оның есінде қалғаны мынау 6*8+20: 4 - 2=40. Арманға жақшаларды қоюға көмектесіңіз.
9. Мектепте төрт жүз оқушы бар. Олардың ең болмағанда екеуі бір күнде туғанын дәлелдеңіз.
10. 1) мысық - 3
2) әтеш - 8
3) есек - 2
4) бақа - 3
5) көкек - 4
6) ит -?
Музыкалық номер
Би «Кербез керік».
«ЖЫЛАН» ОЙЫНЫ
Әр топ құрамында «ж» әрпі бар төрт зат есім жазады, сөздерді қазақ және орыс тілдерінде ойластыруға болады
Музыкалық номер
Би «Тор Жорға»

Ойынның қорытындысы
Топ аттары ---- I кезең ----- IІ кезең ----- ІІI кезең ----- VI кезең ------ V кезең ---- Ұпай саны ---- Орны
Болашақ
Дарын
Қыран
Тұлпар
Сұңқар
Құрметті оқушылар, «Білімді мыңды жығар» атты зияткерлік ойынымыз аяқталды. Жеңіске жеткен оқушыларды шын жүректен құттықтаймыз! Келесі кездескенше сау болыңыздар!
Жакашева Улбал Бейсенбаевна
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Жалаңаш селосы,
Жамал Ермегияев атындағы орта мектеп
орыс тілі пәні мұғалімі тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
"Үздік тәрбие сағаты" номинациясы бойынша


Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
13 874
0
  • 100
33 дауыс


Жаңалықтар
Білім – ақиқиат бастауы
Білім – ақиқиат бастауы
Сабақтың міндеттері: - Білімнің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру: - Білімге, оқуға қызығушылықтарын арттыру;
Білімді ұрпақ - ертеңгі болашақ
Білімді ұрпақ - ертеңгі болашақ
Сабақтың тақырыбы: «Білімді ұрпақ – ертеңгі болашақ»
Сан есім
Сан есім
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы, № 9 орта мектеп мұғалімі: Махметова Ұлжан
Математикалық ралли
Математикалық ралли
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, ГКС - 12 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Мұқанова Маржан Қайратқызы
"Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар" интеллектуалдық сайыс
"Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар" интеллектуалдық сайыс
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылының №24 қазақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Дина Мағауияева
Квадраттық функция тарауын қайталау
Квадраттық функция тарауын қайталау
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №11 жалпы орта мектебінің математика пәні мұғалімі Архабаева Жұпар Көпбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×