Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білім мен тәрбие берудің жаңа парадигмасы

15 мам 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бәйге
Тақырыбы: Білім мен тәрбие берудің жаңа парадигмасы (презентациясымен)

Мемлекет басшысы 2011 жылғы халыққа арнаған Жолдауында ХХІ ғасырдың алғашқы онжылдығындағы әлеуметтік - экономикалық белестерімізге қорытынды жасап, 2020 жылға дейінгі дамуымыздың білім саласындағы бағдарын айқындап берді, атап айтқанда, технологиялық тұрғыда дамыған, жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан үшін ең негізгі басымдықтың бірі – білім саласы екеніне назар аударды. Осыған орай біздің тәуелсіз, жас мемлекетіміздің басты даму бағыттарының бірі – қазіргі білім мен ғылымды барынша дамыту болып табылады. Білім саласының инновациялық даму жолына сапалы көшуіне тікелей байланысты екенін атап көрсетті. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым - қатынасқа өту қажеттігі туындайды

Қазақстан білім беру парадигмасы ҚР Конституциясы, “Қазақстан – 2030” стратегиялық бағдарламасы, білім беру саясаты, заңдар мен ресми құжаттарды терең талдау нәтижесінде қалыптасып келеді.
Теориялық талдаулар көрсетіп отырғандай, тарихи кезеңде бірін - бірі алмастырушы парадигмалар нәтижесінде жаңа идеялар мен принциптер, шығармашылық қатынастар мен мәдениеттің дамуын терең ұғынуды талап етеді.

Сонымен, ғалымдардың пікірлерін тірек ете отырып және талдау нәтижесінде: білім берудің жаңа парадигмасы – жаңа өркениеттік бағдар тұрғысында, мемлекеттік стандарттарға сай, жан - жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған, интеллектуалдық білім орталығы ретіндегі инновациялық мектепте ғылыми - әдіснамалық негізделген білім берудің концептуалдық моделі деген анықтама берілді.
Білім беру дағдарысына талдау жасау бүгінде ең алдымен адамның шығармашылық мәні мен руханилықты дамытуға бағытталған жаңа білім беру парадигмаларын жасау қажеттілігін түсінуге алып келді. Бұл ретте білім беру практикасының негізгі міндеттері табиғат пен қоғамның заңдарын оқыту ғана емес, сонымен бірге, әлемнің шығармашылық тұрғыдан қайта жасалуының гуманистік әдіснамасын меңгеруге көмек беру және «адам - табиғат - қоғам» жүйесіндегі қарым - қатынастарды үйлесімді ету болып отыр. Мұндай міндеттердің негізгі мақсаты адамның шығармашылық әлеуетін сақтау мен дамыту болып табылатын инновациялық білім беру ғана шеше алады.

Білім беру парадигмаларының бірінен - бірі артық, не қалыс қалған түрлері болмайды. Олар өз кезеңіндегі әлемді түсіну мен педагогикалық нысандардың мәні, оқу - тәрбие процесінің құрылымына байланысты болады.
Білім парадигмасының көп тараған түрлері аз емес. Оларға мыналар жатады:
1. Дәстүрлі - консервативтік (білім парадигмасы);
2. Феноменологиялық (гуманистік парадигмасы);
3. Рационалдық (тәртіптілік парадигмасы);
4. Технократтық;
5. Эзотерикалық.

Әрбір парадигма «не үшін тәрбиелеу керек, оқушыларды қандай мақсатқа дайындау керек, не үшін өмір сүреміз» деген сұрақтарға жауап береді.
Мәселен, дәстүрлі білімдік парадигмада білім берудің басты мақсаты: «Білім, білім, қандай жағдайда да тек білім». Мұнда өркениет пен мәдениетті ұрпақтан - ұрпаққа жеткізу негізгі мақсат болып саналады.
Феноменологиялық немесе гуманистік парадигмада жеке тұлғаның ішкі дүниесін дамыту, оны ерікті, рухани жеке адам ретінде тану және адамдармен тіл табысуында ерекшелену қабілеттерін жетілдіру қарастырылады. Білімнің гуманитарлық парадигмасының діңгегі - оқушы емес, дайын білімді меңгерудегі ақиқатты түсінуші адам. Мұнда оқушы мен мұғалім арасындағы қарым - қатынас: ынтымақтастық, өзара жауапкершілік, өз позициясын еркін таңдау жағдайында диалогтік ұстанымда өрбиді.

Рационалдық парадигмаға оқушыға білімнің түрлі тәсілдерінің тиімді жақтарын, ортаға бейімделу, оның ойы, сезімі және іс - әрекеттерімен санасу, оларды меңгерту жатады.
Технократтық парадигманың негізгі мақсаты – дәл ғылыми білімдер. «Білім - күш» адамды бағалау, оның білімі, мүмкіндіктерімен анықталады. Адамның қасиеті оның білімі, тәртібі және оны тасымалдаушы ретінде танылады.

Эзотерикалық парадигма – оқушының табиғи күші. И. Колесниковтың пікірінше, адамның қоршаған әлеммен іс - әрекетінің жоғары деңгейі басым көрсетіледі. Мұнда адамның ақиқатқа мәңгілік өзгермейтін қатынасы көрінуі тиіс. Бұл жерде оқушының дамуындағы мұғалімнің адамгершілік, психологиялық, физикалық функциялары ерекше ұғым болып табылады.

Елбасымыз өз халқына жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет»деп атап көрсетті. Бала жанының бағбаны, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін мұғалім әдепті, ой - өрісі кең, жан - жақты білімді, ұстамды, өз ойын шәкіртіне анық, дәл жеткізетін болуы тиіс. К. Д. Ушинский: «Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанымен оның мұғалімдігі де жойылады»,- деген. Ендеше мұғалім үнемі ізденіп, білімін толықтырып отырса, оның өмірлік ұстанымы тұрақты, күш - қуаты, көңілі әрдайым жоғары, сабақ беру сапасы арта түседі. Кез келген оқыту белгілі мөлшерде адамды дамытады. Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Рационалды парадигмаға білімді меңгертудің тиімді жақтарын меңгерту жатса, онда баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру болып табылады. Бұл ретте өзім сабақта қолданып жүрген «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасына тоқталайын. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпір - түкпірінен жиылған білім берудің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л Ситл, Куртиц С. Мередит, Чарльз Темпл. Жоба негізі Ж. Пияже, Л. Выготский теорияларын негізге алады. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты Сорос – Қазақстан қоры арқылы келген.

Сыни тұрғыдан ойлау стратегияларының оқушыларды еркін сөйлеуге, сөз ұшқырлығын ұштауға, өз ойын қысылмай жеткізе білуге мол әсері бар. Сабақ құрылымы үш кезең бойынша жүзеге асырылады. Осы үш кезең арқылы оқушыларды ойлауға жетелеп, қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке ынталандыруға болады.
Сабақ құрылымы үш кезең бойынша жүзеге асырылады.
1. қызығушылықты ояту
2. мағынаны ашу
3. толғаныс
Сабақ құрылымының жоспары
1. Қызығушылықты ояту --------- Мағынаны ашу ---------------- 3. толғаныс
стратегиялары --------------------- стратегиялары
↓----------------------------------------------------↓------------------------------↓
Ой қозғау ---------------------------- Венн диаграммасы ----------- автор орындығы
↓----------------------------------------------------↓-------------------------------------↓

Топтастыру т. б --------------- бес жолдық өлең т. б ------------------- эссе т. б
Әр кезеңге сәйкес әдістер де жинақталған.
1 - кезең - қызығуды ояту – бұл үйрену үрдісі. Ол оқушының білетіні мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Мұнда ойды қозғау жүзеге асады. Оқушы өзінің білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, талқылайды.

2 - кезең – мағынаны тану. Мұнда оқушы жаңа ақпаратпен танысады., тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оқушы өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік танытады.

3 - кезең – «ой – толғаныс диаграммасы» Бұл кезеңде оқушылар стратегиялардың лайықтысын таңдайды. Әр оқушы осы тұста өз шығармашылығын көрсете алады. Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес шыңдалған ойлау. Бұл бағдарлама арқылы оқушылар белгілі бір мазмұнға сын тұрғыда қарап мол ақпараттар ағымынан өзіне қажеттісін таңдап алуға, саналы шешім қабылдауға, сұрақ қоя білуге, әр кез сол сұраққа жауап іздеуге үйренеді, оқушы ойы дамиды. Ерекшелігі: оқушының қызығуын арттыра отырып, қиялын дамытуға арналған. Мұғалім оқушының білім алуға бағытталған іс - әрекетін бақылай алады, бағыт - бағдар береді. Оқушылар жаңа сабақты, ақпараттарды өз бетімен меңгереді

Мысалы 6 - сыныпта әдебиет пәнінен Сайын Мұратбековтың «Қылау» әңгімесін төмендегіше өткіздім.
Сабақтың мақсаты. білімділік - әңгіме кейіпкерлеріне талдау жасай отырып, әңгіменің тақырыбы мен идеясын ашу.
Дамытушылық - оқушының сөйлеу тілін дамыту, өз ойын еркін, жатық жеткізе білуге, қорытынды жасай білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік – қайырымдылыққа, адал достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: практикалық сабақ
Сабақтың әдісі: «сын тұрғысынан ойлау» технологиясының стратегиялары, сұрақ - жауап,

1. «Қызығушылықты ояту» ой шақыру.
«Қай сәт бейнеленген?» Сатайдың сөздерінен мысалдар келтіріп, қай кезде айтылғанын табу. «Әй, беймазасын - ай осы шалдыңІ», «Шіркін - ай, ең болмаса он минут ұйықтар ма еді?», «Қара ішікті оранып ап, аунай кетіп ұйықтаса, шіркін!», «Мұндайда қасқыр кездесуі мүмкін – ау!» т. б Оқушылардың сабаққа деген құштарлықтары байқалады, белсенділікпен жауап береді. Пәнге деген қызығушылықтары артады.

2. Топтастыру стратегиясы
- Сатай кім? деген сауал төңірегінде оқушылар мынадай жауаптар жазыпты.
Оқушы, 7 - сыныпта оқиды, әкесінің қолғанаты, жақсы жолдас.
Мағынаны тану (2 - кезең)

Сөздікпен жұмыс.
Қылау - сөзінің мағынасын ашу.
1. Шығарма неге «Қылау» деп аталған?
2. Шығармада Сатайдың мінез - құлқы қалай танылған?
3. Сатайдың Рабиғамен кездескендегі мінез - құлқы қалай берілген?
4. Сатай мен Рабиғаға мінездеме беру.

Кестені толтыру
Еркін жауап» стартегиясы:
1. Сатай бойындағы қай сәт сендердің өз бастарыңнан өтті?
2. Әкесінің ақылы Сатайды неге ызаландырды?
Бұл сұраққа балалар: - Үлкендер бір айтқандарын қайта - қайта айта бермесе ғой, біз де осылай ызаланамыз,- деп жауап берді.
3. Сатайдың мектеп туралы ойлары қандай? Осыған өз көзқарастарың қандай?
4. Сатай Рабиғаға деген балаң сезімін қалай білдірді?
«Ой - толғаныс» кезеңі - сабақты бекіту. «Венн диаграммасы»
«Қылау» әңгімесі мен «Менің атым - Қожа» повесіндегі кейіпкерлерді салыстыр.
«INCERT» кестесін толтыру.
Бекіту: А. Еңсеповтың «Балалық» атты туындысын тыңдай отырып, «Рабиға мен Сатайдың достығы» атты шағын шығарма жазу. Сурет салуға болады.
Қорытындылау:
1. Сендерге шығарма ұнады ма? Неліктен?
Үйге тапсырма беру.
Ұлжанның шығармасынан үзінді:
« Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын» дегендей Сатай өзіне тағы бір дос тапты.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
19 039
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жаңартылған бағдарлама - білім берудің жаңа мазмұны
Жаңартылған бағдарлама - білім берудің жаңа мазмұны
Соңғы жылдары педагогикалық теорияда және оқу - тәрбие үдерісінде айтарлықтай өзгерістер болып жатыр. Білім берудегі жаңғырту мен инновациялық үрдістердің жалғасуына ықпал етудің маңызды факторының бірі мұғалімнің кәсіби шеберлігі.
Жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру
Жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру
Шығармашылықпен жұмыс істей отырып, заман талабына сай іскер, жан - жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары дамыған шәкірт тәрбиелеу.
Инновациялық технологиялар
Инновациялық технологиялар
Өркениет әлемінің озық технологияларын меңгерген, жаңа заман талабына сай кәсіптік білімі бар мамандар қажет десек, осы жолда орта кәсіптік білім беру – мемлекеттік саясаттың ауқымды да маңызды бағыты болып табылады.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын сапалы дамыту жұмыстары
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын сапалы дамыту жұмыстары
Функционалдық сауаттылықты дамудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген.
Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің инновациялық тиімді әдіс - тәсілдері
Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің инновациялық тиімді әдіс - тәсілдері
Екібастұз қаласы. Баяндамашы: Бастауыш сынып мұғалімі Арынова Бақытгүл Серікқызы
География сабағында СТО технологиясын пайдаланудың әдіс-тәсілдері
География сабағында СТО технологиясын пайдаланудың әдіс-тәсілдері
ШҚО, Катонқарағай ауданы, Катонқарағай ауылы, «Ленин атындағы орта мектебі» КММ география пәні мұғалімі А. Е. Мергазина
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×