Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шарын шатқалы

17 мам 2013, Жұма
Категориясы: Бәйге
Сабақтың тақырыбы: Шарын шатқалы (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты:
a) қазақстандағы көрікті жерлердің ерекшеліктерімен таныстыру;
ә) ой шақыру стратегиялары арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, сөздік қорын байыту;
б) оқушыларды Отанды сүюге, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгеру.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, тест, сын тұрғысынан ойлау, баяндау, суреттеу
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта (слайд, деректі фильм)

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Әнұран айту, амандасу.
ә) оқушыларды түгендеп, белгілеу.

II. Жаңа сабақты меңгеру. (қызығушылығын ояту)
Сабақтың мақсатын оқушылармен бірлесе отырып анықтау.
Оқушылар, Шатқал сөзін естігенде қандай ой келеді? Шатқал сөзіне ассоцация жазайық.(көк сиямен)
Шатқал каньен
қуану
үңгірлер
аң
Мексика
Шың
Төбе
Тас
Таулар
Енді сөздікті пайдаланып, аудармасын білгеннен кейін, ассоцация жазайық(қызыл сиямен).

III. Сонымен балалар шатқал сөзімен таныстық. Яғни, бүгінгі сабақтың тақырыбы Шарын шатқалы деп аталады. Сабағымыздың мақсаты Қазақстандағы көрікті жерлермен танысу, грамматикалық тақырып бойынша қарсылықты сабақтас құрмалас сөйлеммен танысу, талдау.
Қанекей, оқушылар, назарларыңызды слайдқа аударыңдар. «Шарын шатқалының көріністері»
Қандай керемет! Мұндай ғажапты қандай техникаларды пайдалансаң да, құрастыру мүмкін емес... Осы шатқал туралы тереңірек білу үшін, оқулықтағы мәтінге назар аударып, тыңдайық.
Тақырыпты талқылау сұрақтары

IV. Енді оқушылар осы мәтін бойынша семантикалық картаны толтырайық
Қандай? Қайда орналасқан? Пайдасы?
әдемі, биік, ерекше, жұмбақ... Алматы облысы, Ұйғыр және Райымбек аудандарында Туризмнің дамуы, жиһаз жасайтын мықты ағаш...
Бүгінгі грамматикалық тақырып бойынша қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолымен танысамыз. (слайд)

Тапсырма: Мәтіннен 3 сөйлем алып, қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмаласқа сөйлем құраңдар. Мысалы: Шарын Алматы облысының Ұйғыр және Райымбек аудандары аумағында орналасқанмен, бүкіл әлемге әйгілі. т. б

V. Жаңа сабақты бекіту.(тест)
VI. Үй тапсырмасы: Шарын шатқалы туралы ЭССЕ.
VII. Бағалау: өзін - өзі бағалау парақтарын жинап алу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
13 157
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Электр зарядтары, электрлену, өткізгіштер және диэлектриктер
Электр зарядтары, электрлену, өткізгіштер және диэлектриктер
Оқушылар электростатикалық күшті бақылау үшін қарапайым тәжірибелер жасай алады, мысалы: ауа шарын қандай да бір материалмен үйкеп, қабырғаға жабыстырып қойыңыздар;
Бос тау жыныстары
Бос тау жыныстары
Тау жыныстары жайлы түсіндіріп, оның анықтамасын беру. Бос тау жыныстарымен таныстыру. Тау жыныстарының түрлерімен таныстыру. Олардың пайдасын ұғындырып, тани білуге жаттықтыру.
Аңдар қалай қыстайды?
Аңдар қалай қыстайды?
Табиғатты, аңдарды, қоршаған ортаны қорғауға, аялауға, сүюге тәрбиелеу;
Шығарма жазу жолдары мен әдістері
Шығарма жазу жолдары мен әдістері
Оқушылардың тілдік және әдебиеттік білімдері мен өзінің таным, түйсік, көзқарасының тәжірибелеріне сүйене отырып өз ойын жүйелі жазуға бағыттау.
Қоршаған ортаны қорғау
Қоршаған ортаны қорғау
Ақтөбе қаласы, № 3 орта мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі Құлжанова Ш. М.
Қазақстандағы топырақ типтері
Қазақстандағы топырақ типтері
География пәні мұғалімі: Бердіғали Шынар Ибадуллақызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×