Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қадыр Мырзалиев

19 мам 2013, Жексенбі
Категориясы: Бәйге
Пәні: Қазақ тілі
Сынып: 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қадыр Мырзалиев (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақтың көрнекті балалар ақыны Қадыр Мырза Әлидің өмірі мен шығармалары туралы түсінік беру, тұйық етістік, жалқы зат есімді қайталап, білімдерін практикада қолдануға үйрету;
Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту, ой - өрісін кеңейту, танымдық қабілетін арттыру.
Тәрбиелік: Қазақтың ұлы адамдарын құрметтеуге, олардың қазақ әдебиетіне қандай үлес қосқанын білуге тәрбиелеу; бір - бірін тыңдауға тәрбиелеу;
Көрнекілік материал: үлестірмелі материалдар, интербелсенді тақта, оқулық,
Сабақтың әдісі: көрнекілік, сұрақ - жауап, іздендіру, өз бетінше жұмыс, әңгімелеу, өз пікірін айта алу.
Ескерту: презентация гиперсілтемелер арқылы жасалған. Әр стрелкаға басып, керекті слайдқа көшесіз.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру. Сәлемдесу.
Сәлемдесу, түгендеу, оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру.
Бағалау парақтарын тарату.
Үй жұмысын тексеру.

ІІ. Жаңа тақырыпқа шығу. Қызығушылығын ояту.
- Кіріспе.
Қазақтың балалар жазушыларымен танысу. (Интербелсенді тақтамен жұмыс: 1 - і слайд - әр портретке бассақ, жазушылардың өмірбаянымен қысқаша танысуға болады)
1. Тыңдалым (Қ. Мырзалиевтің «Септеу» өлеңін тыңдау)
Бұл өлеңде кім туралы айтылған? Бұл өлеңді кім жазғанын білесіңдер ме?
Марат деген сөзін септеу. (Оқушылар өздерін тексеріп, бағалау параққа ұпай қояды)
Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын ашу.

III. Негізгі кезең.
2. Оқылым. Мәтінмен жұмыс.
А) Мәтінді іштей оқу, дауыстап мәнерлеп оқу.
Ә) Жаңа сөздермен танысу.
В) Тірек сызба бойынша ақын туралы әңгімелеу.(жұппен жұмыс, бір - бірін тексеру, бағалау парағына ұпай қою)
3. Жазылым – дәптермен жұмыс. (Кәртішкемен жұмыс)
1 - тапсырма: Мәтін бойынша сөз тіркестерін дұрыс құрастыру.(өз - өзін тексеру)
2 - тапсырма: Шашылған сөздерден дұрыс сөйлем құрастыру.
3 - тапсырма: Артық сөзді табу (жалқы зат есімдермен жұмыс, ереже деген сөзге басқанда, оқушы ережені еске алады).
4 - тапсырма: Мәтіндегі етістіктерді тұйық формаға қою. (өз - өзін тексеру)
5 - тапсырма: Сөйлемдердің дұрыс - бұрыстығын анықтау.(бір - бірін тексеріп, ұпай қою)
6 - тапсырма: Тест сұрақтарына жауап беру. (бір - бірін тексеру)
4. Тілдесім.
Үлгі бойынша диалог құрастырып, өзара сөйлесу. (бір - бірін тексеру)
5. Айтылым.
Шығармашылық жұмыс: кітап туралы бір ұлағатты сөзді таңдап алып, өз пікірін жазу. (4 - 5 сөйлем). Әр оқушының жауабын тыңдап, қателерін түзетіп, мұғалім өзі баға қояды.

IV. Рефлексия. «Алты қалпақ» техника бойынша жұмыс. Оқушылар өздеріне бір қалпақ таңдап алады. Әр қалпаққа сай сұрақ болады. Сұраққа байланысты оқушы өткен сабақ туралы өз пікірін айтады.
Ақ қалпақ: Сабақта не білдің?
Сары қалпақ: Сабақта не қызық болды?
Қызыл қалпақ: Бүгінгі сабақ сенде қандай эмоция туғызды?
Қара қалпақ: Сабақта қандай қиындықпен кездестің?
Жасыл қалпақ: Не істеуге болады? Идеяларың бар ма?
Көк қалпақ: Неге қол жеткіздік? Не білгің келеді?

V. Бағалау: Оқушылар рейтинг парақтарында ұпайларын санап, мұғалімге тапсырады. Мұғалім кім қалай жұмыс істегенін талқылау жүргізеді.
VI. Үй тапсырмасы: 1) Қадыр Мырзалиевтің «Септеу» өлеңін жаттап келу;
2) 158бет, 2 - тапсырма;

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
21 243
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Қадыр Мырза Әли «Ана» өлеңі
Қадыр Мырза Әли «Ана» өлеңі
Қадыр Мырза Әли өмірі мен «Ана»өлеңінің мазмұнын оқушыларға меңгерту.
Қадыр Мырза Әлі «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» өлеңі
Қадыр Мырза Әлі «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» өлеңі
Қазақ әдебиетінің XX ғасыр басындағы алыптарының бірі – Қ. Мырза Әлінің өмірімен және шығармашылығымен таныстыру, ақын туралы оқушы білімдерін толықтыру.
Зат есім
Зат есім
Сөйлем ішінен зат есімді ажырата білуге үйрете отырып, топпен жұмыс жасай білуге, пікірлесуге, ауызбіршілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Қадыр Мырза Әлі
Қадыр Мырза Әлі
Сабақтың мақсаты: Қадыр Мырза Әлі ақынмен, шығармашылығымен таныстыру.
"Мұғалима" Қадыр Мырза Әли
"Мұғалима" Қадыр Мырза Әли
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №9 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Хожаева Ғалия
Қадыр Мырза Әли "Кәрі қыран"өлеңі
Қадыр Мырза Әли "Кәрі қыран"өлеңі
Атырау облысы, Атырау қаласы, Геолог поселкесі, Қ. И. Сәтбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мурзагулова Гүлжан Жәрдемқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×