Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Астана - бас қала

20 мам 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Бәйге
Қазақ тілі 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Астана - бас қала. (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты:
1. Білімдік: Елордасы - Астана туралы жан - жақты білімдерін кеңейту, алған білімдерін тапсырмалар арқылы бекіту. Сұрақтарға жауап беру, ойды жүйелеп айту дағдыларын қалыптастыру.
2. Дамытушылық: Сөздік қорын байыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, оқушыларды дұрыс сөйлеуге үйрету.
3. Тәрбиелік. Өз Отанын, халқын, жерін сүюге, туған жеріне деген патриоттық мақтаныш сезімін туғызу.
Сабақтың түрі: саяхат сабағы
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер
Сабақтың әдіс - тәсілдері: интерактивті оқыту әдісі, мәтінмен жұмыс, сұрақ - жауап, сөйлемдер құрастыру, мәнерлеп оқу

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру.
Сәлемдесу, кезекшілермен диалог ұйымдастыру
Үй жұмысын тексеру.
ІІ. Жаңа тақырыпқа шығу.
- Кіріспе.
Қазақстанның бас қаласы - Астанасы туралы презентацияны тамашалау. Оқушылар Астана көріністерін көрген соң, сабақтың тақырыбын шығарады.
1. Тыңдалым Астана туралы мәтінді тыңдау.

III. Негізгі кезең.
2. Оқылым. Мәтінмен жұмыс.
А) Мәтінді іштей оқу, дауыстап мәнерлеп оқу.
Ә) Жаңа сөздермен танысу.

3. Жазылым – дәптермен жұмыс.
1 - тапсырма: Көп нүктенің орнына керекті сөзді қою.(өз - өзін тексеру)
2 - тапсырма: Сөздердің жалғасын табу.
3 - тапсырма: Сөйлемдердің дұрыс - бұрыстығын анықтау.
4 - тапсырма: Суреттердің атауларын анықтау (өз - өзін тексеру)
5 - тапсырма: Сөзжұмбақты шешу.
4. Тілдесім.
Диалогты толықтыру. (өз - өзін тексеру)
5. Айтылым.
Бір тақырыпты таңдап алып, әңгіме құру. Әр оқушының жауабын тыңдап, қателерін түзетіп, мұғалім баға қояды.
IV. Рефлексия. «Синквейн» стратегиясын қолдану.
V. Бағалау: Оқушылар өз жұмыстарын талдап, бағалайды.
VI. Үй тапсырмасы: ұсынылған үш тақырып аясында шағын шығарма жазып келу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 490
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Астана – бас қала
Астана – бас қала
Қарапайым тілдік құрылымдар мен мәтіндер, суреттер негізінде қала туралы өз ойын толық жеткізе білуге үйрету. Септік жалғауын қайталау.
Астана өлеңі Ермек Өтетілеуұлы
Астана өлеңі Ермек Өтетілеуұлы
Астана қаласы туралы түсініктерін кеңейту, Астана өлеңнің мазмұнын түсініп тыңдау үйрету.
Астана
Астана
Астана сөздің синонимі қандай сөз? /елорда, бас қала /
Астана - бас қала
Астана - бас қала
Оқушылардың білім деңгейін көтеру, ұжымдық түрде білім алуға баулу, сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру.
Қазақстанның астанасы – Астана қаласы. Сен қайдан келдің? Септіктерді қайталау.
Қазақстанның астанасы – Астана қаласы. Сен қайдан келдің? Септіктерді қайталау.
Астана қаласына қатысты мәтіндегі сөздерді лексикалық мағынасына сәйкес түсініп оқу, оқығанын мазмұндап айту дағдысын қалыптастыру
Астана - бас қала
Астана - бас қала
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, «№11 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Искакова Гүлмираш Рымбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×