Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Экономикалық білім беру - бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу кепілі

21 мам 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бәйге
Тақырыбы: Экономикалық білім беру - бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу кепілі

«Білім беру жүйесі – Қазақстанның бәсекеге нақтылығы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі» (Н. Ә. Назарбаев)

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жолдауында және жуырда баспасөзде жарияланған «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында адами капиталды жаңа сапаға көтерудің басты тетігі ретінде білім сапасын дамытуға жаңа серпін береді. Президент білім беру жүйесін жаңарту бағытында алдымызға ұлан-ғайыр міндеттер қойды. Оқыту үрдісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу уақыт талабы екенін ұғынатын мезгіл жетті.
Қазіргі нарық заманында мектеп қабырғасында, оқу орындарында оқып жүрген өскелең ұрпаққа көптеген жаңа пәндер келіп қосылуда. Соның бірі экономика сабағы. Көптеген шет мемлекеттерге экономика сабағы балабақшадан басталса, ал елімізде бастауыш сыныптардан бастау алып келеді.

Қазақстанның білім беру жүйесінде экономикалық ойлауды қалыптастырудың маңызды факторы ретінде, мемлекеттік саяси білім мен тәрбие ісі ерекше бағыт алып отыр. Тәрбие жұмысы тәжірибесімен шаруашылық саласында экономикалық білім, экономикалық тәрбие, экономикалық мәдениет – деген ұғым жиі кездеседі. Адам болашағын шешетін тәрбие екені белгілі. Экономикалық тәрбие адам бойында тәртіптілік, ұжымшылдық, ұқыптылық, іскерлік, еңбектегі шығармашылық т. б. қасиеттер дарытуға бағытталған. Тәрбиенің ең өзекті мәселесі – білім негізінде жеке адамның ғылыми көзқарастарын қалыптастыру арқалы қоғамдық тұрмыстағы адамдардың өндірістегі қарым – қатынасын қалыптастыру. Экономикалық тәрбиенің негізі болып еңбек тәрбиесіне саналады. Жастардың еңбекті қажетсінуін, еңбек сүйгіштігі, саналы еңбек тәртібін қалыптастыру экономикалық тәрбиенің алғы шарты болып табылады. Экономикалық тәрбие беру - студенттерді экономикалық білім негіздерімен қаруландыру, қоғамымыздың экономикалық заңдары туралы дұрыс түсінік беру, еліміздің экономикалық саясатын ұғындыру, негізі экономикалық қатынастарды (өндіріс, айырбас, бөлу, және тұтыну) тәжірибеде меңгерту.

Экономика алғашқы ұғымында «үй шаруашылығын» білдірген. Кейіннен бұл ұғым кең көлемде, қоғамдық өндірістің жүйесі деп аталуда. Өндіріс - қоғамның дамуына және өмір сүруіне қажетті. Көп қырлы экономикалық қатынас арқылы әрбір адам басқалармен байланыста болады. Адамдар жалақы алады, өнім шығарады сатушы және сатып алушы ретінде қызмет атқарады. Қай заманда болмасын адам өз өмірінен экономика белгілерін табады, яғни күн сайын ұшырасады. Мысалы, үстіміздегі киім, таңертеңгілік ас, үй жанындағы дүкен және т. б.
Еліміздегі экономика пәнінің мақсаты - жастарды болашақта лайықты өмір деңгейіне көтерілу үшін бизнеспен экономикаға үйрету, нарықты зерттеу мен жеке кәсіпкерлікті бағалауға ынталандыру.
Экономикалық білім мен тәрбиенің міндеттері:
- оқушыларды қоғамның даму заңдылықтарымен, өндіріс экономикасымен таныстыру.
- басқаруға тән - ұқыптылық, іскерлік, ықыластық, тәртіптілік, т. б қасиеттерді дағдыландыру.
- экономикалық есеп, талдау жасап дағдыларына үйрету, еңбекті ғылым негіздерімен байланыстыра білу.

Экономикалық білім отбасынан басталады, оның өмір салты балаға ақша, еңбекақы туралы ұғымды білдіреді. Бұл сабақта әрбір студент ақша тауып, оны жұмсайтын адам ретінде қоғам мүшесі болғандықтан экономикалық білімсіз өмір сүре алмайтынымызға көзіміз жетті.
Экономикалық білім берудің мақсаты - жастарды нарық заманында өмір сүріп еңбек етуге бейімделе алатын бәсекеге қабілетті адамды тәрбиелеу.
Бәсекеге қабілетті болу үшін, біріншіден, білім сапасын жоғары деңгейге көтеру қажет. Екіншіден, оқушылардың біліктілігімен сапалылық құрамы талапқа сәйкес болуы тиіс. Үшіншіде, оқу үрдісі инновацияға негізделуі және төртіншіден, оқу орнының материалдық – техникалық базасы мықты болуы керек.

Бәсекеге қабілеттіліктің басты көрсеткіші – студент жастардың білім деңгейінің жоғары және олардың парасатты, аса тәрбиелі тұлғалар болып қалыптасуы. Өйткені бүгінгі күнгі студенттер – ертеңгі зиялылар. Күні ертең - ақ, олар өндірістік және әлеуметтік басқару жүйесін өз қолдарына алады. Қазіргі кезде қоғамдағы кең етек алып келе жатқан ой – пікірлердің көбісі бүгінгі ұрпақтың тәрбиесіне келіп тіреледі. «Тәрбие – ұлы іс, онымен адам тағдыры шешіледі» - деп, В. Белинский дәл айтқан.

Бүгінгі таңда қазақ елі 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасын негізге ала отырып, өзінің алдына бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарынан көріну мақсаттарын қойып отыр. Бұл орайда президент Н. Ә. Назарбаев «Жас кәсіби мамандар ел өмірінде болып жатқан үдерістерде өз орнын тауып, болашақты орнатуға белсенді қатысуы керек» - деп атап көрсеткен-ді.
Жалпы алғанда экономика сабағы тарих, құқық негіздері, математика, география, бейнелеу өнері, еңбек пәндерімен тығыз байланысты.
Мысалға алатын болсақ, химия сабағында студенттерге зертхана жабдықтарын, түрлі материалдарды, жылу энергиясын, суды үнемдеп үйренуді, эксперимент және т. б жасауды үйренеді, ал экономика сабағынан ұлттық кіріс, мемлекеттік қаржы, еңбекақы, пайда, өзіндік құн, акция, бизнес, нарық, ақша және т. б ұғымдарды меңгереді.

Экономикалық білім негіздерімен қаруландыру үшін белгілі бір циклдер бойынша әңгіме немесе іс - шаралар өткізуге болады. «Тұрмыстағы экономика», «Біздің айналадағы экономика», «Дүниенің кілті - экономикада» тақырыбында плакаттар сайысы, нарық саласында жазылған эссе, өлеңдер және экономика сұрақтары бойынша көшбасшы сайысын ұйымдастыру, банк қызметкерлерімен кездесулер, жыл сайынғы елбасының халыққа арналған жолдауын (экономика бойынша) насихаттау мен таныстыру. Сонымен қатар, «сыбайлас жемқорлық» тақырыбында пікірталас жүргізіп, өз ойларын ашық түрде айта алады. Осындай мәселені көтеру арқылы елімізде келешекте жастарды үлкен өмір жолында әділ де шыншыл, иманды да қарапайым, ар - ұяты таза, дұрыс өмір сүру деңгейіне көтереді. Экономикасы дамыған, бәсекеге қабілетті дамушы елдерде мұнай көлеңкелі мәселені ертеректе қолға алып, қазір де аз пайыздық мөлшерде ғана көрсеткіш береді.

Экономикалық тәрбие мен білімнің өзіне тән әдістері бар. Білімді бекіту, іскерлікті қалыптастыру үшін қолданылатын әдістер:
• Жаттықтыру. Әр түрлі іс - әрекеттерін істей білуге машықтандыру, жұмыс орнын тиімді ұйымдастыру, уақыт және өндіру нормаларын анықтау, материалдарды, электр қуатын, суды, газды үнемді пайдалану, т. б.
• Тәжірибелік жұмыстар және эксперимент. Бұл әдістерді оқушылардың өндірістік бригадасында, оқу өндірістік кооперативте, үйелмендік мердігерлікте немесе үйелмендік шығармашылық қожалықтарында, мектептерде шағын мал, құс фермаларында қолдануға болады. Тәжірибелік және эксперимент жұмыстарының мақсаты - оқушыларды өнімді бағалай білуге, бизнес, ақша мен пайда сияқты ұғымдарды өмірде қолдана білуге дағдыландыру.
• Экономикаға байланысты есептер шығару - еңбек ақыны, уақыт және өндіру нормаларын есептей білу, рентабельдік, пайда, өзіндік құн және басқа да экономикалық ұғымдар жайлы есептер шығаруға оқушыларды үйрету, жаттықтыру.
• Сандық материалдарды талдау әдісі - саяхат кездерінде жиналған мәліметтердің негізінде кестелер, диаграммалар жасау, қандай болса да экономикалық шаруалардың тиімділігін анықтау.
• Ғылыми - техникалық, экономикалық әдебиеттермен жұмыс.
• Экономикалық сөздік жасау, нарықтық экономика терминдерін қазақ тіліне аудару. Сөздікті пайдалана білуге оқушыларды үйрету, олардың сөздік қорын молайту.

Қазіргі кезде болып жатқан жаңа әлеуметтік - экономикалық, қоғамдық саяси өзгерістер жағдайында еліміздің әрбір азаматы, әсіресе жас түлектер өмірдің дамуынан қалыспай өзінің Отандық парызын еш уақытта естен шығармауы керек. Сондықтан нарықтың экономикаға байланысты тәрбие және білім беру ісін басқару, оны жетілдірудің жолдарын іздестіру және де бүгінде әрбір жастардың жан - жақты дамуына қолайлы жағдай жасап, жеке қабілетін шыңдауға мүмкіндік беру керек.
24 587
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Еңбек түбі - береке
Еңбек түбі - береке
Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай 2О қадам жолдауымен таныстыру, тек еңбек арқылы барлық жетістікке жетуге болатындығын түсіндіру. Оқушыларға бүгін де еңбек шешуші ұлттық фактор екенін ұғындыру және еліміз үшін
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту
Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген.
Қазақ тілі сабағында интерактивті құрылғыларды тиімді қолдану – заман талабы
Қазақ тілі сабағында интерактивті құрылғыларды тиімді қолдану – заман талабы
Астана қаласы, №59 мектеп - лицейінің орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қабылбекова Сәуле Жаңабайқызы
Интерактивті тақтаны сабақта пайдалану – білім сапасын арттыру жолы
Интерактивті тақтаны сабақта пайдалану – білім сапасын арттыру жолы
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы №3 мектеп – интернатының ағылшын тілі мұғалімі Абибуллаева Жазира
Бейінді оқыту-жеке тұлғаны дамыту құралы
Бейінді оқыту-жеке тұлғаны дамыту құралы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті №170 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Әбдіхалықова Жайнагүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×