Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ормандағы аңдарды құтқару

24 ақпан 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Математикадан ұйымдастырылған оқу - іс әрекетінің технологиялық картасы.
(Дьенеш блогын қолдану әдісі. Ортаңғы топ.)
Білім беру саласы: Таным.
Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру.
Тақырыбы: Ормандағы аңдарды құтқару
Мақсаты: 1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санауды жалғастыру; геометриялық пішіндердің 3 қасиеті бойынша(пішіні, көлемі, түсі) анықтауды дамыту; «Алыс - жақын»түсініктерін бекіту; кеңістікті барлауға үйрету(ортасы, жоғары, төмен, сол жақ, оң жақ); ойлау қабілеттерін дамыту. Тапсырманы орындау барысында ынтасын, талабын арттырып, зейінді, білімді болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: «Дьенеш» блогы, шартты белгілері бар карточкалар, үлкен - кіші сандар жинағы, үлестірмелі материалдар(2 - жолақты жолақшалар, геометриялық пішіндер)
Сабақ барысы.
Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жайнай берсін қаламыз,
Гүлдей берсін даламыз.
Қайырлы таң, балалар!
Қайырлы таң, апайлар!
- Балалар, бір жылда неше мезгіл бар?
- Қандай?
- Қазір қандай мезгіл?
- Қыс мезгілінде неше ай бар?
- Кім атап береді?
- Қазір қандай ай?

(Таңғажайып сәт)
- Балалар, біреу есік қағып тұран сияқты.
- Қараңдар бізге хат келіпті, кімнен келді екен?(ашып оқу)
«Сәлем балалар! Маған сендердің көмектерің керек, Жалмауыз кемпір ормандағы аңдарды торға қамап, құлыптап қойды. Оларды құтқару үшін жалмауыз кемпірдің тапсырмаларын орындау керек.
Сәлеммен Орман ата»
- Балалар, аңдарға көмектесеміз бе!?
- Онда тезірек аттанайық. Қалай ойлайсыңдар, немен баруға болады?
- Бүгін біз орманға автобуспен барамыз.
- Автобусқа міну үшін не керек?
(«Дьенеш» блогымен жұмыс, балаларға шартты белгілері бар карточкалар таратылады, осы белгілерді оқу арқылы өздеріне керек геометриялық пішіндерді тауып, сондай пішіндер жапсырылған орындықтарға отырады)
- Кәне, билет сатып аламыз, орнымызға отырамыз.
Билет тексеру.
- Билетіңіздің түсі қандай? Пішіні қандай?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 874
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Геометриялық денелер. Шар, текше, цилиндр
Геометриялық денелер. Шар, текше, цилиндр
10 көлеміндегі сандарды тура, кері санауды қайталау. Сандар құрамын бекіту. Балаларға көлемді денелер: шар, текше, цилиндр туралы түсінік беру. Қоршаған ортада сәйкес пішіндегі заттарды табуға үйрету.
Геометриялық пішіндер: дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш
Геометриялық пішіндер: дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш
Геометриялық пішіндерді ажырата білуге, оларға ұқсас заттарды таба білуге, пішіні ұқсас заттарды білуге, пішіндерден бейне құрастыра білуге, түстерін айта білуге үйрету.
Сиқырлы жолдар
Сиқырлы жолдар
Қарапайым математикалық ұғымдарын толықтыру, ұзын - қысқа заттарды, үлкен - кіші, бір және көп деген ұғымдарды қалыптастыру. Геометриялық пішіндер, түстерді ажыратуға арналған ойын – жаттығулар арқылы қисын ойлау қаблеттерін дамыту.
Ойнайық та, ойлайық
Ойнайық та, ойлайық
Балалардың алған түсініктерін бекіту. Логикалық ойлау қабілетін, танымын дамыту. Өз бетімен жұмыс жасауға және ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Ойнайық та, ойлайық
Ойнайық та, ойлайық
Екібастұз қаласындағы №8 «Теремок» балабақшасының тәрбиешісі Бакеева Фарида Тоқтарқызы
Ғажайып әлемге саяхат
Ғажайып әлемге саяхат
Ортаңғы тобында ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×