Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Не ұшады,секіреді, жүгіреді?»

24 мам 2012, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Мақсаты: Қоршаған ортамен таныстыру, баланың туған жерге деген сүйіспеншілігін, жанашырлығын арттыру, құстар, аңдар туралы түсініктерін одан әрі дамыту. Балалардың іскерлік қабілетін дамытып, олардың қоршаған ортадағы ерекшеліктерін танып-білуін, есте сақтау, ойлау және аңғарымдылық қабілетін дамыту.
Ұшатын, секіретін, құстар мен аңдарды бір-бірінен ажырата білуге үйрету. Сөздерді анық айта білуге үйрету. Жан - жануарлар мен құстарды аялауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, ойын.
Пәнаралық байланыс: тіл дамыту.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: дәстүрлі емес.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің типі: Жаңа білімді тиянақтау.
Көрнекілігі: қыс мезгілі бейнеленген плакат, суреттер, ойынға бетперделер (қарға, тиін, күшік).
Сөздік жұмыс: қарға, қарқ, тиін, жаңғақ, күшік
Балалар жарты шеңбер бойына тұрады. Ой, балалар, сендер бүгін қандай әдемісіңдер! Қане, балалар бір-бірімізбен сәлемдесіп алайықшы.

Қуанамын менде,
Қуанасың сенде.
Қуанайық достарым,
Жарқыраған күнге!
Енді балалар, бәріміз орындыққа жайғасайық.
- Балалар айтыңдаршы, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілі.
- Дұрыс айтасыңдар, қыста не жауады?
- Қар жауады.
- Өте жақсы, қазір ауа-райы қандай болып тұр?
- Суық болып тұр, біз тоңамыз.
- Ия, тоңып қалмас үшін жылы, қалың киім киеді екенбіз. Балалар айтыңдаршы, біз далаға шыққанда қандай құстарды көреміз?
- Қарғаны, торғайды көреміз.
- Тақтадағы суреттерге қараңдаршы, қай жыл мезгілі бейнеленген?
- Қыс мезгілі
- Мына жерде не көріп тұрсыңдар?
- Қар басқан үйді, үйшікті, қар басқан талды көріп тұрмыз.
- Балалар, менің қолымдағы ненің суреті?

- Қарға-
- Қарға деп бәріміз қайталайықшы.Қарғаның тұмсығы бар, тұмсығымен су ішеді,жем шоқып жейді. Қарғаның қанаты бар, қанатын жазып ұшады. Қарға қандай дыбыс шығарады?
- Қарқ-қарқ деп дыбыстайды.
- Қарға аспанда қалай ұшады, қимылын салып көрейікші.
(Балалар қарғаның қимылын салады)
- Балалар, мына суретке қараңдаршы бұл тиін, қане қайталайықшы.
- Тиін.
- Тиіннің жүні үлпілдек, өзі сондай әдемі аң. Тиін жаңғақ жейді, қане бәріміз жаңғақ деп қайталайықшы.
- Жаңғақ.
- Тиін талдан-талға жеңіл секіреді.(Талға тиінді қою)
- Енді тиіннің қимылын көрсетейікші.
(Балалар тиіннің қимылын салады)

Ал мынау күшіктің суреті. Күшіктің де жүні жұмсақ, әдемі, сүйкімді. Қане күшікке ат қояйықшы. Күшікке Ақтөс деп атайық. Ақтөс ет, сүйек жегенді жақсы көреді. Олар адамның досы. Егер үйге бөтен адам келсе үреді. Күшіктер қайтып үреді?
- Аф-аф деп үреді.
- Ал енді, балалар, Ақтөстің қимылын салайықшы.
(Балалар күшіктің қимылын салады)
- Балалар қарға ұшады екен, ал тиін секіреді екен, ал күшік болса жүгіреді екен. Енді біз «Не ұшады, секіреді, жүгіреді» ойынын ойнап жіберейік. Менің қолымда қарғаның, тиіннің, күшіктің бетперделері бар. (Балалар бетперделерді киіп, соған сәйкес тағамдарын тауып әкеледі)
- Жарайсыңдар, балалар, барлығың да ойынға жақсы қатыстыңдар!

Күтілетін нәтиже:
Білуі: Қыс мезгілінің ерекшеліктерін біледі.
Меңгеруі: Ұшатын, секіретін, жүгіретін сөздерінің мәнін түсініп, сондай қимыл жасайтын жануарлар мен аңдарды ажыратады.
Жасай алуы: Тапсырманы орындап, қимыл-әрекетін жасай алады.
12 732
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Аңдар қалай қыстайды?
Аңдар қалай қыстайды?
Табиғатты, аңдарды, қоршаған ортаны қорғауға, аялауға, сүюге тәрбиелеу;
Құстар
Құстар
Топтағы тәрбиеленушілердің сөздік қорын дамыту, дыбыстарды айта білуге үйрету. Құстар туралы түсінік беру, оларға деген қамқорлық, сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Жабайы аңдар
Жабайы аңдар
Балалардың жабайы аңдар туралы түсініктерін тереңдету. Олардың түрлерін бір-бірінен ажыратуға, дене мүшелерін дұрыс атай білуге үйрету.
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі
1. Қыс мезгілінің ерекшеліктерін әңгімелейді. - Жылдың қай мезгілі? - Қыс мезгілінің қай айы? - Қыста табиғатта қандай құбылыстар болады? Жауып тұрған қарлар артындағы сұрақтарға жауап берейік. - Біз немен дем аламыз? - Нені басып жүреміз?
Үй құстары және дала құстары
Үй құстары және дала құстары
Ұй құстары туралы және дала құстары туралы түсініктерін бекіту. Оларға қамқорлық жасауға, аттарын толық білуге үйрету. Ұй құстары мен дала құстарын ажырата білуге үйрету.
Балабақшаға арналған жоспар топтамасы
Балабақшаға арналған жоспар топтамасы
Атырау қаласы, №6 «Гүлдер» бөбекжай – балабақшасының тәрбиешісі Жұмағалиева Ақмарал Сәмиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×