Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жол және бала

02 наурыз 2014, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Мақсаты: Балалардың жолда жүру туралы алған білімдерін тиянақтау. Жол белгілерін айыра білуге дағдысын қалыптастыру. Іс жүзінде қолдануға қызығушылықтарын тудыру. Балаларды мейірімділікке, байқағыштыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Жол белгілері, көше макеті, бағдаршам, алдын ала әзірленген киімдер, ойыншық машиналар.
Әдіс тәсіл: Ойын, сұрақ - жауап, сахналау.
Ұйымдастыру кезеңі: Балалар шеңберге тұрып, қимылмен:
- Армысыз, қайырлы күн!
- Армысыз, Қайырымды Аспан - ата!
- Армысыз, мейірімді жер - Ана!
- Армысыз, шұғылалы Алтын - Күн!
- Қуанайық, шаттанайық бәріміз!
- Күліп шықты күн бүгін!
- Бәріміз күндей жарқырайық!
- Бәріміз тату болайық!
- Бәріміз дос болайық!- деп бір - біріне лебіздерін білдіреді.
Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі күнімізде сендерге мен де сәттілік тілеймін.
/осы кезде есік қағылып пошташы хат әкеледі/
Тәрбиеші: Балалар, бізге хат әкеліпті. Кәне, оқиық. «Жол белгілері елінің тұрғындарымыз. Біздің жол белгілерін мыстан кемпір сиқырлап тастады. Енді біздің елімізде жол апаттары болып жатыр. Бізге көмектесіңдер!»Сәлеммен, жол белгі елінің тұрғындары.
Тәрбиеші: Көрдіңдер ме, балалар, жол белгілерінсіз, бағдаршамсыз, жолда жүру өте қиын екен. Олай болса, Біз автобуспен «Жол ережелері еліне» саяхатқа барамыз. Ол үшін балалар, алдымен көлікте, автобуста жүру ережелерін есімізге түсірейік.
Балалар:
- Автобусқа, трамвайға артқы есіктен кіріп, алдыңғы есіктен шығу керек.
- Жасы үлкен, кішкентай бөпелі адамдарға орын береміз.
- Автобуста айқайлап сөйлеуге, қатты күлуге болмайды, ол әдепсіздікке жатады.
- Ашық есік, терегеден басын шығарып қолын созуға болмайды, олай істеу қауіпті.
Тәрбиеші: Өте дұрыс. онда автобусқа мінейік, сапарға аттанайық./Үн таспадан музыка ойналады. Автобустан түскенде алдарынан жылаған бала шығады/
Тәрбиеші: - Балақай сен кімсің, саған не болды?
Бауыржан:- Мен жол белгісімін, мені және менің достарымды мыстан кемпір сиқырлап тастады. Мына жұмбақты шешкенде ғана менің сиқырым кетеді./Қолындағы қағазды ұсынады/.
Тәрбиеші:- Ілулі тұрған не белгі?
Машинаға «тоқта» деген белгі берді.
Жол үстінде ақ - қарамен сызылған жолақтар.
Жаяуларға «өтіңдер» деп белгі берді.
Балалар: Жаяулар өткесі.
Тәрбиеші: Балақай қалған достарыңа барайық, оларға көмектесейік!
Үйдің ішінен бір - бірлеп балалар шығады.
Нұрбол
Бір ғажабы бұл жерде
Бір нәрсені ел күтеді
Отырады біреуі
Тік тұрады біреуі
Неғылған жер бұл өзі
Айтыңдар кім біледі?
Балалар:- Аялдама

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
22 746
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Төтенше жағдайлар қызметі туралы не білесіз?
Төтенше жағдайлар қызметі туралы не білесіз?
Өрттен сақтану, өртті болдырмау жөнінде түсініктер беру. Ойын арқылы өрттен сақтану туралы дағды қалыптастыру. Жауапкершілікке, ептілікке тәрбиелеу.
Жол белгілері
Жол белгілері
балаларды жолда жүру ережесімен және бағдаршамның қызметімен таныстыру. Жол белгілерін айыра білу дағдысын қалыптастыру, көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын дамыту. Балаларды мейірімділікке, зейінді болуға, өзін - өзі қорғай
Күн жарқырап, шөп шықты
Күн жарқырап, шөп шықты
Балаларды сурет салудың дәстүрлі емес (қағазбен бастыру, шиыршықталған қағаздар арқылы) тәсілдерімен жұмыс істеуге үйрету. Балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Шығармашылық қиялын саусақ моторикаларын дамыту.
Сандар құрамы
Сандар құрамы
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №14 "Малышок" балабақшасының тәрбиешісі Идрисова Несіп Мейрамовна
Күн, су, ауа, жер – біздің достарымыз
Күн, су, ауа, жер – біздің достарымыз
Атырау қаласы, Жалпы білім беретін №6 ора мектеп шағын орталық тәрбиешісі Ержанова Айжан Базарбайқызы
Ғажайып аралға саяхат
Ғажайып аралға саяхат
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы Сарат орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Жумабек Гулсана Сатқарбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×