Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тауық балапандарымен

03 наурыз 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тауық балапандарымен
Сабақтың мақсаты: Балаларға үй құстары және олардың тіршілігі жайлы түсінік беру. Үй құстарына қамқор болуға, оларды күте білуге тәрбиелеу. Сұраққа қысқаша жауап беруге дағдыландыру. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру. Тыныс алу дағдысын қалыптастыру. Балалардың саусақ қимыл қозғалыстарын жетілдіру.
Көрнекі құралдар: Тауық пен балапанның ойыншықтары, үнтаспа, тауықтың қауырсыны, үлкен және кіші сары түсті төрт бұрыш қағаздар, тауық пен балапандардың бет перделері, т. б.

Сабақтың барысы: Балаларды шеңберге тұрғызып:
Бала - бала балақан,
Қане, қайсы алақан.
Саусақтарың, әйбат,
Былай - былай ойнат,- деп, әннің қимыл - қозғалыстарын айта отырып, жасатылады.
1. Үнтаспа тыңдату.
Үнтаспадан үй құсы, тауықтың дауысын тыңдату.
- Балалар, сендер қандай құстың дауысын тыңдадыңдар?
- Иә, балалар, үй құсы тауықтың дауысы екен?
2. Суретпен жұмыс.
Бүгін біз үй құстарының бірі - тауық пен оның балапандарымен танысамыз. Тауық - ең көп тараған құстардың бірі. Оны «мекиен», «әтеш» - деп екіге бөлеміз. Оның балаларын балапан деп атаймыз.
Тауықтың баласын не деп атайды екенбіз?
- Балапанның түсі қандай?
- Тауықтарға жем, су береміз. Тауықтар бидайды жақсы көреді. Міне, балалар, суреттен көріп тұрғандарыңдай, әтештің тауықтан ерекшелігі мынандай: оның айдары бар, ал қауырсыны түрлі түсті болады.
Тауықты сипаттап көрейік (жұмсақ ойыншық тауықты көрсету): жүні майда, айдары бар, тұмсығын, қанатын созып көрейік, ол қанатының астына балапандарын алып қорғайды. Аяғында тырнағы бар екен. Онымен жер тырналап, балапандарына жем тауып береді. Мынау қанаты, қанатының астында қауырсындары болады.
3. Ғажайып сәт.
Қауырсынды көрсете отырып, қауырсын туралы түсіндіріледі.
Қауырсын жеңіл, үлпілдек
Қауырсынға үрлесек, ұшады деп, үрлеуді көрсете отырып, балалардың өздеріне үрлетіп ойнауды ұсыну.
4. Сергіту сәті.
Балаларға осындай балапандарды қағаздан жасауға болатынын айтып, оның жасалу жолын жасау арқылы көрсету.
Тәрбиеші әр балаға балапан жасау үшін үлкен және кіші сары түсті төртбұрыш қағаздарды таратып береді.
Кіші төртбұрыш - балапанның басы, ал үлкен төртбұрыш - денесі болады деп, саусақтармен басып, умаждап жасау.
- Ал, енді, балалар, ойын ойнайық.
Тәрбиеші тауықтың, ал балалар балапандардың бет перделерін киіп,
(тауықтың дауысын салу, жем шоқу, су ішу, қанаттарын қағу).
18 217
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көгалдағы балапан
Көгалдағы балапан
Балаларды коллаж жанрымен таныстыруды жалғастыру үй құстарының тіршіліктері туралы түсініктерін кеңейту.
Үй құстары
Үй құстары
Балалардың үй құстары туралы білімдерін кеңейту, тауық оның пайдасы туралы түсініктерін молайту. Балаларға осы түсініктерді бере отырып, ақыл – ойларын дамыту, байланыстыра сөйлей білуге үйрету.
Үй құстары (тауық, балапан)
Үй құстары (тауық, балапан)
Балаларға тауық пен балапанмен таныстыру. Үй құстарының тіршілігі туралы түсінік беру. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру. Тілдерін дамыту.
Үй құстарына жем береміз
Үй құстарына жем береміз
Балаларға құстар туралы түсінік беріп, білімдерін жетілдіру, құстарға қамқорлықпен қарауға баулу. Үй құстарының пайдасы туралы түсінік беру.
Үй құстарына жем береміз
Үй құстарына жем береміз
Үй құстарының пайдасы туралы түсінік беру
Тауық пен балапандары
Тауық пен балапандары
Музыка жетекшісі Капезова Гулдана Нурболатовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×