Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Суықторғай бізде қонақта

12 наурыз 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: Суықторғай бізде қонақта.
Мақсаты:
1. Балаларды қоршаған орта арқылы білімдерін арттыру.
2. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін және тілдерін дамыту.
3. Табиғатты аялауға тәрбиелеу, құс туралы нақты түсінік беру.
Көрнекілігі: торғайдың суреті, дайын үлгілер, көк түсті қағаздар, желім сүлгі, қызыл бояу(гуашь).
Оқыту әдістемесі: слайд көрсету, жұмбақ, өлең оқу, жұмыс істеу тәсілін көрсету.
Сөздік жұмыс: тоқылдақ, суықторғай, көгершін.
Қосымша жұмыс: қыстап қалатын құстар. Суретін көрсету, әңгімелеу, жұмбақтар.
Сабақ барысы:

1. Шаттық шеңбер
Жұмбақ жасыру.
Аяз қысып,
Өрнек сызып, терезеңді торлайды
Қарға омбығып
Бет домбығып
Сырғанап жастар ойнайды
Кейде ұлып, кейде ысқырып, ұйытқып боран соғады
Айтыңдаршы балалар бұл қай кезде болады?

2. Қыстың суретін көрсету
Қыста күн суық, аяз болады. айналамызды бәрін әппақ қар басаты. Өзен, сулар қатып қалады. Адамдар жылы киінеді. Үйлердің төбесін қар басып жатыр. Ертегі еліне түскендейсің.
Сұрақтар:

3. Құстар жайлы әңгімелесу.
Қыстап қалатын құстардың түрлері өте көп. Қыста оларға өте қиын. Жаздың күні сияқты құрт - құмырсқа жоқ. Сондықтан құстар қиналады.

4. Теледидардан қыстап қалатын құстардың суретін көру. Әр құсқа тоқталып қысқаша сипаттама беру.
Сауысқан, қарға, тоқылдақ, сарышымшық, көгершін, суықторғай.
Сауысқан - басқа құстардан айырмашылығы құйрығы ұзын, ірі құс. Өте сақ құс
Қарға - түсі қап - қара, кеудесі сұр болады. Қыста мұндай құсты көп кездестіруге болады.
Тоқылдақ - үнемі ағашты тұмсығымен шоқып тоқылдап отырады, ағаштың қабығының астына өзіне жем іздейді.
Сары шымшық - кеудесі сары қара мойынтаққышы бар сияқты, арқасы жасыл, басы қара және екі бетінің ұшы әппақ болады. Ол адамдарға өте жақын жүреді.
Көгершін - бәрімізге де таныс құс. Адамдар кейде көгершінді үйлерінде, шатырда асырайды.
Суықторғай - құстың ішіндегі ең әдемі құс. Оның басы, қанаты, құйрығы қара, кеудесі қызыл түстес. Қыстың бірінші қарымен келетін құс. Ол суыққа төзімді құс. Сондықтан да суықторғай деп аталады.

5. Суықторғайдың даусын естірту.
Біздің топқа суықторғай ұшып келіпті. Ол достарынан адасып қалыпты және жемі таусылып қалыпты. Суықторғайдың сүйікті тамағы шетен жемісі.

6. Сергіту сәті.
7. Үлгіні көрсету және қалай жасалу жолдары көрсетіледі.
- Суықторғай қандай пішіндерден тұрады?
Атаңдар. Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.
8. Балалардың жұмысы.
9. Қорытынды. Жасалған жұмыстар тақтаға ілінеді.
10 742
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жыл құстары
Жыл құстары
Құстар тіршілігі, табиғатқа келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру.
Максим Зверев. Суықторғай
Максим Зверев. Суықторғай
Максим Зверевтің «Суықторғай» атты әңгімесін түсініп оқи отырып, құстардың қыстағы өмірімен таныстыру. Мәтінді оқи отыра табиғатты сүюге, аң - құсқа қамқорлық жасап, күтуге баулу.
Қысқы табиғат
Қысқы табиғат
Сабақтың тақырыбы: Қысқы табиғат
М. Звереев "Суықторғай"
М. Звереев "Суықторғай"
Тақырыбы: М. Звереев. Суықторғай
Қыстап қалатын құстар
Қыстап қалатын құстар
Жамангарина Мейрамгуль Айтказиевна №134 "Гауһар" балабақшасының тәрбиешісі
Қыстап қалатын құстар
Қыстап қалатын құстар
ШҚО, Аягөз қаласы қалалық қазақ мектеп – гимназиясы Садуакасова Гульназ Серікжанқызы Мақсаты: 1. Балалардың қыстап қалатын құстарды атап, олар жайлы түсініктерді кеңейту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×