Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жақсы мен жаман әдетті тауып көр

05 ақпан 2020, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Айналамен танысу.
Тақырыбы: Жақсы мен жаман әдетті тауып көр.
Мақсаты: Балаларды жақын адамдарының, құрдастарының, кейіпкерлерінің жағдайларына эмоцияналдық қарым – қатынас жасауға ынталандыру. Балаларды «жақсы» «жаман» сөздерінің мағынасы мен оларды орынды қолдануға үйрету. Бала бойына мейірімділік, қайырымдылық, адамгершілік және де басқа жақсы әдеттердің орнығуына барынша мүмкіндік жасау. Әңгіме кейіпкерлерінің қылықтары мен мінез – құлқын талқылап, жақсы қылықтарын атап көрсету арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілі: Әңгімелесу, сұрақ – жауап, ойын.
Көрнекілігі: Бейнелі суреттер, фланеграф.
Мотивациялық қозғаушы:
Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бізге көп қонақтар келіп отыр. Қане, қонақтармен амандасып алайық.
Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен,
Біздер сәлем береміз.
Сәлеметіздер ме, апайлар!

Ізденуші ұйымдастырушы:
Балалар бүгінгі айналамен таныстыру оқу іс - әрекетінде біз адам бойындағы «жақсы мен жаман» әдеттер туралы әңгімелесеміз. Олай болса шеңберге тұрып, «Мен қандаймын?» деген ойын ойнайық.
Ойын шарты: Мен қолымдағы допты лақтырып «Сен қандай баласың?» - деп сұраймын. Сонда сендер өздеріңнің қандай бала екендеріңді айтасыңдар.
- Бекжан, сен қандай баласың?
- Мен әдепті баламын.
- Көркем, сен қандай баласың?
- Мен әдемі баламын.
- Мен тәртіпті баламын.
- Мен таза баламын – деп тағы да басқа, бірнеше балалар айтып шығады.
Біздің балалар өте жақсы балалар екен. Бойымызда осындай жақсы әдеттердің табылғанына мен қуанып тұрмын.
Енді орнымызға отырып, жақсы әдеттермен қатар жаман әдеттердің де кездесетіні туралы әңгімелеп көрейік. Қане тақтадағы суреттерге назар аудара қойыңдаршы.
- Балалар суреттен сендер кімді көріп тұрсыңдар?
- Баланы
- Бұл балаға ат қояйықшы, кім деп атаймыз?
- Арман деп атайық.
- Арман не істеп жатыр?
- Ағаш отырғызып жатыр.
- Ал мына суреттен кімді көріп тұрсыңдар?
- Тағы бір баланы.
- Ал, бұл баланы кім атаймыз?
- Самат.
- Самат не істеп тұр?
- Самат ағашты сындырып тұр
- Ал енді балалар осы екі баланы салыстырып көрейікші, кімнің істеген іс - әрекеті дұрыс?
- Арманның
- Ал кімнің іс - әрекеті дұрыс емес?
- Саматтың.
- Бұл жерде балалар, Саматтың іс - әрекеті дұрыс емес, ендеше Саматқа қамқорлық қасиеті жетіспей тұр екен. Біз Самат сияқты балаларға көмектесіп, ағаштарға қамқор болуды үйретіп жүрейік. Енді келесі суретке назар аударайық.
Әңгіме: - Бір күні топ бөлмесінде Раушан қуыршақпен ойнап отыр еді, Ақбота келді де қуыршағын сұрады. Раушан қуыршақты бергісі келмеді, себебі ол жаңадан ған ойнай бастаған еді. Ақбота қуыршақты Раушаннан тартып алмақшы болып еді, қуыршақтың аяғы жұлынып қалды.
- Қалай ойлайсыңдар, кімдікі дұрыс емес?
- Ақбота дұрыс істемеді. Ойыншықты тартып алмауы керек еді.
- Ия, Ақботаның ісі дұрыс емес, ойыншықты жұлқып тартуға болмайды. Ойыншықты күтіп, ұқыпты ойнау керек. Раушанда дұрыс істемеді, ол ойыншықты жаңадан алған болса, соны Ақботаға түсіндіріп, «Мен біраз ойнайын, сосын саған беремін» - деп айту керек еді. Ойыншық тек Раушандікі ғана емес, барлық топ балаларының ойыншығы еді. Сондықтан балалардың кезектесіп ойнағаны жөн еді.
Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық,
Қолды белге қояйық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып алайық.
Бір, екі, үш,
Орнымызды табайық.
Рефлексивті коррекциялау.
- Ал балалар сонымен «жақсы» деген не екен,
- Ағаш отырғызған жақсы, гүл отырғызған жақсы
- Үлкендерге амандасып, көмектескен жақсы.
- Ойыншықпен таласпай, тату ойнаған жақсы.
- Ал, «жаман» деген не екен:
- Ағашты сындырған жаман.
- Ойыншықты сындырған жаман.
- Бір – бірімен тату болмаған жаман.
- Жарайсыңдар балалар, сендер «жақсы мен жаманды» ажырата ала біледі екенсіңдер. Енді «Жақсы және жаман» деген ойын ойнайық.
Ойын шарты: Столдың үстінде бірнеше суреттер жатыр. Сол суретті алып, суреттегі іс - әрекетің не туралы екенін айтып «жақсы» немесе «жаман» іс - әрекетін ажыратып, жақсы болса мына тақтадағы қызыл жолаққа, ал жаман болса мына көк жолаққа қоямыз.
(Балалар суреттері орындарына орналастырады)
Бәрекелді балалар, енді сендер қандай баланың жақсы, қандай баланың жаман екенін білесіңдер. Қане айтыңдаршы,
- қандай баланы жақсы бала дейміз?
- Тәртіпті, тіл алғыш, ойыншықтарды сындырмай күтіп ұстайтын, үлкендерге, кішкентайларға көмектесетін балаларды айтамыз
- Ал қандай баланы жаман бала дейміз?
- Ойыншықтарды, ағаштарды сындыратын, айтқанды қылмайтын, тәртіпсіз баланы жаман бала дейміз.
Дұрыс айтасыңдар балалар, біз бүгінгі оқу іс - әрекетімізде «жақсы мен жаман» әдеттер туралы әңгімелестік. Сендер жақсыдан үйреніп, жаманнан аулақ жүруді, білулерің керек. Ендеше алдағы уақытта ешқашан жамандық істемей, қолдан келгенінше тек жақсылық жасап жүрейік.
Біздің топта балалар,
Тату – тәтті ойнайды.
Дос көңілі әрқашан,
Тек жақсылық ойлайды.
Күтілетін нәтиже:
Білуі: Бала «жақсы және жаман» сөздерінің мағынасын ажыратуды
білуі керек.
Меңгеруі: Бала бойына жақсы әдеттерді қабылдай білуді меңгерту.
Жасай алуы: Күнделікті өмірде бойына сіңірген жақсы әдеттерді пайдаланып, адамдарға мейірімділік, қайырымдылық, қамқорлық, жақсылық жасай алуы керек.

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы
Әйтеке би кенті, №7 «Балдырған» балабақшасының
тәрбиешісі Ерназар Гүлсім
25 319
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Зообаққа саяхат
Зообаққа саяхат
Балаларға зообақ жайлы түсінік беру, жабайы аңдар туралы білімдерін тиянақтау
Жақсы мен жаман
Жақсы мен жаман
Өлеңді мәнерлеп оқу, мазмұнын ашу, түсіндіру; өлең жолдары арқылы жақсы мен жаманды ажырата білуін меңгерту: балалардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту, жақсы мен жаман туралы өз ойларын ашып айта білуге баулу; жақсы болып өсуге тәрбиелеу.
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
жақсы, жаман туралы түсінік беру; жақсы мен жаманды салыстыра білу іскерліктерін дамыту; жақсы істер мен әрекеттер жасауға тәрбиелеу.
Жақсы деген немене, жаман деген немене?
Жақсы деген немене, жаман деген немене?
Табиғатта жүріс - тұрыстың нормаларын және ережелерін сақтауға үйрету болады, және болмайды, «қалаймын және керек», «жақсы мен жаман» дегенді түсінуге үйрету.
Көктем келбеті
Көктем келбеті
Атырау облысы, Атырау қаласы, Еркінқала мектебінің мектепалды дайындық тобының тәрбиешісі Амирова Гүлбаршын Қадірліқызы
Қысқы баспана
Қысқы баспана
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №7 «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі Ерназар Гүлсім
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×