Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Төрт түлік мал

01 сәуір 2014, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім саласы: Қатынас
Бөлім: Тіл дамыту
Тақырыбы: Төрт түлік мал
Мақсаты: балалардың тілін дамыта отырып, ата - бабамыздан келе жатқан кәсіпке толық мағлұмат беру, төрт түлік малдың пірлерімен оның пайдасына тоқталу, сахналау, сөз құрау, жұмбақ шешу, қызықты есептер шығару арқылы олардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту, төрт түлік малды қадірлеуге тәрбиелеу болды.
Көрнекілігі: төрт түлік малдың және төлдерінің суреттері, төрт түлік пірлері, жайлау суреттері, сүт, қымыз, жүннен тоқылған киімдер.
Әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, көрсету, ойын.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру.
ІІ. Кіріспе
ІІІ. Негізгі бөлім.
Шаттық шеңбері:
Қане біздер қол ұстасып,
Күлімдесіп қарайық.
Бір - бірімізге «сәлем» айтып,
Шүбірлесіп тарайық.
Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ болады. Егер сендер менің сұрақтарыма толық жауап берсеңдер, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығады.
1 - сұрақ. Мезгілдер, айлар, ауа райындағы өзгерістер жайлы.
2 - сұрақ. «Бір апта». Өлең шумақтарын айту.
3 - 4 - сұрақ. 1 - ден 10 - ға дейін тура және кері санау (өлеңмен).
5 - сұрақ. Санамақ «Он дегенім осы»
6 - сұрақ. «Қызықты есептер».

Тәрбиеші: Ал, енді балалар, қалған әріпті ашамын. Сендер оқып бере қойыңдар. Біздің бүгінгі тақырыбымыз «Төрт түлік мал» жайлы балалар әңгімелейді.
Балалар: Қойдың пірі – Шопаната.
Жылқының пірі – Қамбар ата.
Түйенің пірі – Ойсыл қара.
Сиырдың пірі – Зеңгі баба.
Ешкінің пірі – Сексек ата.

Тәрбиеші: Балалар, мен жұмбақ жасырайын. Егер жұмбақты шешсеңдер жауабы ретінде төрт түліктің пайдасына тоқталасыңдар.
Ащыдан басқа жемейтін,
Ыстық шөлде отаны.
Шөлдесе су демейтін,
Шешуі бұл қай жануар? (түйе)
Тәрбиеші: Түйенің пайдасын айта қойындар.
Балалар: Түйенің сүтін шұбат дейді. Шайға қосады, сусын ретінде ішеді, шұбатты ашытады. Ол айраннан сұйық, қымыздан қою. Шұбат - әрі сусын, әрі тамақ. Емдік қасиеті бар. Терісінің де пайдасы адамға көп. Мінсе көлік. Түйе жүнінен жасалған кеудеше жылы болады.
Тәрбиеші:
Басында таяғы бар,
Төрт аяғы бар.
Сегіз тұяғы бар,
Иегінде сақалы бар
Бұл қай жануар? (ешкі)
Балалар: Ешкінің пайдасы ең бірінші жүні. Жүніне қарай ангор деген ерекше түрі бар. Оның жүнінен биялай, күртеше, орамал тоқылады. Сүті өте пайдалы, кішкентай балалрға береді.
Тәрбиеші:
Аласа ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
Бұл қай жануар? (қой)
Балалар: Қойдың пайдасына келсек, терісі пайдалы, еті тәтті, қойдың жүнінен көрпе, күртеше, қолғап, байпақ тоқиды, киіз басады.
Тәрбиеші:
Екі айнасы бар,
Төрт тармағы бар.
Бір шыбыртқысы бар,
Қай жануар? (сиыр)
Балалар: Сиырдың ерекшелігі сүтті өте көп береді. Сүтінен тәтті айран, құрт, ірімшік, май жасайды. Жайлауда жайылғанды ұнатады.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар. Енді төрт түліктің төлдерін қалай атайтынын көрейік.
Сиыр төлі – бұзау
Жылқы төлі – құлын
Ешкі төлі - лақ
Қой төлі – бота
Сахналық көрініс. «Төлдер айтысы»
(Төлдер айтысып болған соң, Шопан ата келеді)
Шопан: Менің кішкентай төлдерім, сендер бостан - босқа таласпаңдар. Мен сендердің барлығыңды жақсы көремін. Адам үшін барлығың да
керексіңдер. Сендерсіз адам қалай өмір сүреді? Одан да жүріңдер. Сендер жайлы балалардың не білетінін көріп қайталық.
Тәрбиеші: Әрине, Шопан ата жақсы келдіңіз. Енді біздің балалар төрт түліктің пірлерінің аталуын және қалай шақыратынын айтып береді.
«Төлді қалай шақырады?» өлеңін балалар мәнерлеп айтып береді.
Бой сергіту сәті.
Мақалар
• Мал өсірсең қой өсір,
Өнімі оның көл - көсір.
• Малды баға біл,
Бабын таба біл.
• Мал төлімен жарасты,
Жер гүлімен жарасты.
• Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын.
• Ер қанаты – ат.
• Сиырдың сүті – тілінде.
• Байлықтың көзі – жылқының түгі.

«Мал баласын қалай сүйеді?»
Бала:
Қой сүйеді баласын «қоңырым» деп,
Ештеңені білмейтін «момыным» деп.
Сиыр сүйеді баласын «торпағым» деп,
Қараңғыға баспаған «қоқағым» деп.
Түйе сүйеді баласын «тайлағым» деп.
Жабу жапса жарасқан «жайнағым» деп.
Сөзжұмбақ
1. Түйенің төлі.
2. Сүттен кейін не жасалады?
3. Жылқы төлі.
4. Сүттің бетіне шығатын зат.
5. Малды кім бағады?
6. Ешкі төлі.
7. Балаға ең жақын адам.

Тәрбиеші: Сөзжұмбақ дұрыс шешілсе, тігінен балабақшамыздың аты шығады.
Дидактикалық ойын. «Не, қайда өмір сүреді?»
Тәрбиеші: Ал, енді балалар, Шопан атаға қорытынды ретінде «Жайлау» көрінісін жапсырып, сыйлық жасаймыз.
46 484
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Слайд: Төрт түлігім - ырысым
Слайд: Төрт түлігім - ырысым
Түйе – түлік төресі. Жылқы – түлік патшасы.
Жүйелі жұмбақ, мәнді – мақал
Жүйелі жұмбақ, мәнді – мақал
Мақал - мәтелді оқу, жұмбақтар шешу барысында төрт - түлік мал жайлы мәлімет беру.
Алтын қақпа ойыны
Алтын қақпа ойыны
Оқушылардың төрт түлік мал туралы білгендерін бір жүйеге келтіріп, толықтыру. Олардың адам баласына тигізер пайдасы туралы айту.
Төрт түлік мал
Төрт түлік мал
Сабақтың мақсаты: Төрт түлік малдың, олардың төлдерінің атауын үйрену Сабақтың міндеттері: Білімділік: төрт түлік түрлерімен олардың төлдері туралы мәлімет алу, олардың пайдасын білу.
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Атырау қаласы, Талғайраң селосы, Талғайраң негізгі мектебі Шағын орталық тобы тәрбиешісі Елеусинова Бибігүл Қанатбайқызы
Төрт түлік
Төрт түлік
Атырау облысы, Атырау қаласы, Еркінқала мектебінің мектепалды дайындық тобының тәрбиешісі Амирова Гүлбаршын Қадірліқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×