Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің сүйікті ойыншықтарым

02 сәуір 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білімділік саласы: «Қатынас»
Бөлімі: Қоршаған орта
Тақырыбы: «Менің сүйікті ойыншықтарым»
Сабақтың мақсаты: Балалардың өздері қоршаған ойыншықтары түсінігін кеңейту, ойыншықтар жайлы тақпақтар айтқызу арқылы сөздік қорын молайту, суреттер арқылы сөйлем құрауға үйрету. Достыққа, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа жақсы көңіл - күйді сезе білуге баулу. Өздерін қоршаған ойыншықтарды сүйе білуге, ұқыпты таза ұстауға тәрбиелеу, ойын арқылы ойлау қаблеттерін дамыту.
Әдіс - тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап, ойындар.
Көрнекіліктер: Ойыншықтар, үйшіктер, үй жануарлары, жабайы аңдар, жұмсақ ойыншықтар, құрастырмалы ойыншықтар, үн таспа, суреттер, плакаттар.
Сабақтың барысы: Балалар сабақты бастамас бұрын, жарқыраған Күнмен, Жер Анамен, қонақтармен амандасып алайық.
Амансың ба, Алтын Күн!
Амансың ба, Жер Ана!
Амансың ба, достарым!
Сендерді көріп қуандым.
Қуан шаттан, алақай!
Күліп шықты күн бүгін!
Қайырлы таң балалар!
Сәлеметсіздер ме қонақтар!
Шаттық шеңбер: «Күлкі сыйлайық»

Тәрбиеші: Балалар шеңберге тұрып бір - біріне күлкі сыйлайды.
Кел, балалар күлейік,
Күлкіменен түлейік
Қабақ тию не керек,
Күліп өмір сүрейік.
Тәрбиеші: Балалар жылдың қай мезгілі? Мен сендерге жұмбақ жасырайын шешеміз бе?
Жеміс – жидек пісіп жатыр,
Түсіп жатыр бау – бақта
Жапырақтар түсіп жатыр,
Ұшып жатыр жан – жаққа. (күз мезгілі)
Тәрбиеші: Балалар күнде қайда келеміз?
Балалар: Балабақшаға келеміз.
Тәрбиеші: Топтың атын қалай атайды?
Балалар: «Балапан»
Тәрбиеші: Балалар өте жақсы жарайсыңдар!
Ендеше балабақша туралы кім тақпақ біледі?

Бекмұхамбет: Бала, бала баламыз
Бақшамызға барамыз,
Күні бойы қызыққа
Батамыз да қаламыз.

Дамира: Бала бақша есігін
Үш тола ашқанбыз,
Балапандай өсіріп,
Мәпелейді бақшамыз.

Тәрбиеші: Балабақшада біздер не істейміз? Кім айтады балалар? Ойыншық ойнаймыз, сабақ оқимыз, тамақ ішеміз, ұйықтаймыз, ойын ойнаймыз, далада ойнаймыз, би билейміз.
Тәрбиеші: Өте жақсы балалар.
Мына суреттерге назар аударайық, не көріп тұрсыңдар?
Балалар: Суреттерді көріп ойларын айтты, құлыншақ, қуыршақ, қоян, машина, доп т. б
Тәрбиеші: Іші толы бөлменің
Ойыншығым мол менің,
Босқа тізіп қоймайық,
Келе ғой, дос, ойнайық.
Кім ойыншықтар туралы тақпақ біледі?
Нұрдана: Ойыншықтарым көп менің,
Бәрін жақсы көремін.
Кешке дейін жалықпай,
Бірге ойнап жүремін.
Алтынзер: Ойыншығым – қуыршақ
Не берсем де жемейді.
Еркелігі соншама,
Көтермесем жүрмейді.
Дидактикалық ойын: «Ненің төлі?»
Ойынның шарты: Балалардың көзін көрсетпей кез келген дыбыс шығару. Соны балалар есту арқылы ненің даусы екенін табу.
Тәрбиеші: Ненің даусы?
Бекмұхамбет күшіктің даусы. Жарайсың ендеше бізге тақпақ айтып бере ғой.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
20 751
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің сүйікті ойыншықтарым
Менің сүйікті ойыншықтарым
Балаларды ойыншықтардың түрімен, түсімен таныстыру, тақпақтар айтқызу, сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру, ойын арқылы сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.
Менің ойыншықтарым
Менің ойыншықтарым
Балаларға ойыншықтар туралы түсіндіру. Ойыншықтардың аттарын атап, оларды бір - бірінен түсіне, көлеміне қарай ажырата білуге үйрету. Ойыншықтарды күтіп ұстауға тәрбиелеу.
Менің сүйікті ойыншықтарым
Менің сүйікті ойыншықтарым
Балаларды ойыншықтардың түрімен, түсімен таныстыру, тақпақтар айтқызу, сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту, қабылдау есте сақтау.
Менің сүйікті ойыншықтарым
Менің сүйікті ойыншықтарым
Балалардың сүйікті ойыншықтары арқылы оларды бауырмалдыққа, мейрімділікке, қамқор болуға дағдыландыру.
Менің ойыншықтарым
Менің ойыншықтарым
Балаларды ойыншықтардың түрімен, түсімен таныстыру, тақпақтар айтқызу, сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту, қабылдау есте сақтау қабілетін жетілдіру. Ойыншықтарды мейірімділікпен және ұқыпты қарауға, таза ұстауға тәрбиелеу.
Сүйікті ойыншықтар
Сүйікті ойыншықтар
Сүйікті ойыншықтары туралы әңгіме құрауға үйрету. Ойыншықтардың атын, түсін және қандай заттан жасалғанын, жекеше, көпше атауларын білуге үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×