Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Аяулы күз, алтын күз

02 сәуір 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
«Аяулы күз, алтын күз»
/кішкентай ханзада мен кішкентай ханшайым/ сайысы

Фанфар ойналады
/Ортада «Балауса» балабақшасының биші қыздары «Көбелек» биін билейді/
Автор:
- Ерте ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде бір патша өмір сүріпті. ол патша тастай қатты мейірімсіз, қатал, қатыгез, қара халыққа қайырымсыз болыпты. Әрі сараң, әрі өзімшіл қомағай құрдым патша қол астындағы жұртынан ұнамды, жақсы нәрсе көрсе тартып алып, бұқараға күн көрсетпепті.
Бір күні патша қатты ұйқыға кетіпті. Түсінде шиқ - шиқ етіп бір құс ұшып келіп
- Кімнің басы ақылсыз?
- Патшаның басы ақылсыз.
- Кімнің жаны рақымсыз?
- Патшаның жаны рақымсыз.
Тағы айтарым бар.
- Кімнің басы ақылсыз? – деп тағы айтып жатқанда
- Тоқтат торғай - деп патша айқайлап, ұйқысынан шошып оянады.
- Қатты қорыққан патша дереу арада уәзірлерін шақырады.
- Мен бір түс көрдім түсімде бір іс көрдім. Торғай маған ақылсызсың деп айқай салды. Менің осы түсімді жақсы жорып берсе сол адамға ат басындай алтын беремін - деді патша.
- Осы кезде бір уәзір Ұлы мәртебелі патшам мен жоримын сіздің түсіңізді деп ортаға шығады.
- Ұлы мәртебелі патшам сіз қара халыққа қатал, мейірімсіз болмаңыз осы халықтың көңілін көтеру үшін осы сарайда көңілді ойын - сауық ұйымдастыруыңыз қажет. Халықтың осылай көңілінен шығатын болсаңыз сонда ғана сіз арман мұратыңызға жете аласыз. Ұлы мәртебелі патшам біздер сіздің бұйрығыңызды күтіп тұрмыз.
- Ендеше нені күтіп тұрсыңдар жақсы бір ойын - сауық кешті бастамаймыз ба?
- деп бар дауысымен бұйырды.
(Осы кезде музыкамен сахнаның екі жағынан екі жүргізуші шығады.)
1 - жүргізуші:
- Армысыздар, ата - аналар, шақырылған қонақтар және бүлдіршіндер!
2 - жүргізуші:
- Қайырлы күн, құрметті қонақтар, жас достар. Берекелі де, мерекелі «Аяулы күз, алтын күз» атты кішкентай ханзада мен кішкентай ханшайым байқауына қош келдіңіздер!
1 - жүргізуші:
- Күз айы - мерекелі ай. Қырман толып, халқымыздың ырысы артатын берекелі ай. Келесі күзге дейін жүрегімізде есте қалатындай арман сезімін себелейтін, үнемі асқақ мұраттарға жетелеп отыратын қасиетті ай. Ендеше, халайық, келіп отырған Алтын күз мерекесі әрбір жанға құт пен береке, ырыс пен табыс әкелсін демекпіз.
2 - жүргізуші:
Құрметті халайық, бүгінгі өткізгелі отырған байқауымыздың негізгі мақсаты жаңа ғасырдың ұлы көшінде егемендігі еңселене түскен Тәуелсіз Қазақстанда тұрып тәрбиеленіп жатқан жастарымыздың рухын көтеріп, эстетикалық талғамын арттыру арқылы өнерге, сезімталдыққа, сыпайылыққа, мейірбандылыққа, адалдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу болып табылады.
1 - жүргізуші:
Күздің желі гуілдейді бір сарын,
ұшсын желмен жүрегімен тұнса мұң.
Қоштасады шыр айналып жапырақ,
Қоштаспасын тек жаздағы жыр - сағым.
2 - жүргізуші:
Әр мезгілдің бар ерекше асылы,
Күзге бірақ, көңілім сәл жасыды.
Қалғытпа тек қысы - жазы жырымды,
Жаз - ғұмырдың жүректегі жасына.

1 - жүргізуші:
- Олай болса бүгінгі «Аяулы күз, Алтын күз» тақырыбындағы Кішкентай ханзада мен кішкентай ханшайым атты сайысымызға қатысатын үміткерлерді қошеметпен ортамызға шақырайық.

2 - жүргізуші:
- Қарсы алыңыздар кешіміздің үміткер ханзадалары мен ханшалары!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 730
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ертегі. Жыл мезгілдері туралы
Ертегі. Жыл мезгілдері туралы
Ерте, ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде Ақ жайықтың жағасында еліне елеулі, халқына қалаулы, бір домалақ ана өмір сүріпті. Сол анадан тараған төрт қыз бар екен
Көңіліңе астамшылық алма
Көңіліңе астамшылық алма
Ертеде бір патша болыпты. Сол патша қанша кітап сөзін, құран сөзін білетін білімі терең кісі болыпты. Бір күні ескіше қазақ кітабын ашып отырған кезінде «адам баласы қандай жүйрік болса да, кемшілік келейін десе, оңай екен» деген сөзді тауып алады.
Бұлбұл. Андерсеннiң ертегiсi
Бұлбұл. Андерсеннiң ертегiсi
Ерте, ерте, ертеде, баяғы өткен заманда Қытай жеріндегі патшаның сарайы дүние жүзіндегі ең әдемі, ең ғажайып сарай деген атақ алыпты. Нәзік, жұқа фарфордан тұрғызылған сарайға, тіпті, жақын дауға да, оған қол тигізуге де адам баласы бата алмайды
Адамгершіліктің шуағы сөнбесін
Адамгершіліктің шуағы сөнбесін
№19 орта жалпы білім беретін мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Ғалымжанқызы Жанат
Тест 6 сынып. Ежелгі дүние тарихы
Тест 6 сынып. Ежелгі дүние тарихы
«Ежелгі Қосөзен мемлекеттері» тарауы бойынша 6 сыныпқа арналған тест тапсырмалары («иә» немесе «жоқ» деп белгілеу керек)
Жаңа жылдағы жаңа ертегі
Жаңа жылдағы жаңа ертегі
Маңғыстау облысы, Бейнеу селосы, «Бейнеу лицейі» ММ мұғалімі Ажибаева Гүлназ
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×