Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


ТРИЗ технологиясын қолдану тақырыбында семинар

08 сәуір 2014, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
«Мектеп жасына дейінгі балаларды дамытуда ТРИЗ технологиясын қолдану» тақырыбында семинар

1. Балалардан базарлық.
Қош келдіңіздер құрметті әріптестер! Сіздерді «ҚР тұңғыш президенті күнімен» құттықтаймыз! Тәуелсіздігіміз мәңгі болып, көк аспан, алтын күннің астында бейбіт заманда өмір сүрейік!
Сіздердің алдарыңызда балабақша бүлдіршіндері өздерінің өнерлерін көрсетеді.

2. Семинардың ашылуы.
№ 20 «Дидар» МДҰ меңгерушісі ----------------------- сөз беріледі.
ҚҒОӘ әдіскері ----------------------- сөз беріледі.
3. Тренинг: “Танысайық”. Өткізетін психолог--------------------------
4. Семинарға қатысушы педагогтардың құрамына мінездеме слайд.

Құрметті әріптестер!
Сіздердің назарларыңызға ТРИЗ - ге арналған семинарды ұсынамыз. Семинар тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балаларды дамытуда ТРИЗ технологиясын қолдану»
Бүгінгі іс - шарамызды бастамас бұрын, бүгінгі семинарға қатысушыларды таныстырып кеткім келеді. Бұл педагогтар осы балабақшада бірнеше жылдан бері жұмыс жасап келеді. Олардың барлығы бала дамуы мен тәрбиесінде түрлі тәсілдер мен іс - тәжірибелерге ие.
1.-----------------------«Тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясы» технологиясын қолдану арқылы балалардың тілін дамыту тақырыбында баяндама оқиды.
2. -------------------- «Бал құмырасы» - атты мектепалды даярлау орыс тобының балаларымен ұйымдастырылған оқу іс – әрекетін көрсетеді.
3.------------------------ «Күз мезгілі» атты мектепалды даярлау қазақ тобының балаларымен ұйымдастырылған оқу іс – әрекетін көрсетеді.
4. ----------------------- Өздеріңізбен іскерлік ойын ұйымдастырады.
5. ----------------------«Бәрі сенің қолыңда» психологиялық тренингін жүргізеді.

5. Семинарды өткізу.
І. Теориялық кезең
1. Ең алдымен Сіздерді дағдыланбаған, бірқалыпсыз ойлауға бағыттағым келеді. Мен сіздерге бір тапсырма бергім келіп тұр, соны шешуге сіздердің көмектеріңіз керек.
«Баяғы өткен заманда ақша қарыз болған адамды түрмеге жіберетін болған. Сол кезде бір көпес өмір сүріпті. Ол өсім алушыға үлкен ақша қарыз екен. Өзі қартайған, әрі ұсқынсыз өсім алушы көпестің жас қызына ғашық болып қалып, келісімге келуді ұсынады. Егер көпес жас қызын оған берсе, ол қарызын кешіреді.

Бұл келісімді естігенде көпес шошып кетеді. Сол кезде өсім алушы жеребе салуды ұсынады. Бос сөмкеге: бірі – қара, бірі – ақ екі тас салайық, соның біреуін қыз таңдап алсын. Егер ол қара тасты алса, менің әйелім болады. Ал ақ тасты алса, әкесімен қалады. Екі жағдайда да қарыз өтелген болып саналады. Егер қыз жеребе алудан бас тартса, оның әкесін түрмеге қамайды. Қыз өзі қайыршыға айналады.

Көпес пен қызы бұл ұсынысқа келіседі. Бір өкініштісі көпестің қызы өсім алушының сөмкеге екі қара тасты салғанын көреді. Өсім алушы әкесі мен өзінің тағдырын шешуі үшін қыздан тастардың біреуін алуды сұрайды.»

Ал сіздер осы қыздың орнына не істеген болар едіңіздер? Қызға қандай ақыл қосасыздар?
Мұқият логикалық сараптау жасау арқылы әрқайсыңыз осы болжамды жасадыңыздар, бұл – дағдыланған бірқалыпты ойлау. Бірақ ойлаудың басқа түрі бар, ол - дағдыланбаған бірқалыпсыз ойлау.

Сіздерге келесі тапсырма: Алдарыңыздағы қағазға өз алақандарыңызды қойып, айналдыра сызып шығып, әр саусаққа 2 - 3 минуттың ішінде «Мен бұл семинардан не күтемін?» сұрағына жауап жазыңыздар.

Өмір біздің алдымызға үнемі өзінің мақсат - міндеттерін қояды, ал біздің өміріміз олардың шешілуіне байланысты болады. Туындаған мәселені жеңіл шеше білетін тұлғаны қалай тәрбиелеуге болады? Әрбір бала талантты, шығармашыл тұлға екенін педагогтар жақсы біледі. Бала бойындағы дарындылықтың өсуі дұрыс оқыту мен тәрбие берілмеудің салдарынан жойылады.

Талантты адамды тәрбиелеу үшін, мектепке дейінгі балалық шақта олардың қоршаған ортаға қарап, бірқалыпсыз ойлау қабілетін, шығармашылық ойлауын дамыту керек.
Құрметті әріптестер енді менің сұрағыма жауап берулеріңізді сұраймын.
Бүгінгі семинар соңында Сіздер өз сұрақтарыңызға жауап аласыздар деп ойлаймын.

Ең алдымен ТРИЗ – педагогика түсінігін анықтап алайық.
Бұл ең жас, әрі кең тараған таныс педагогикалық инновациялық жүйе. Ол – тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясына және шығармашылық тұлға дамыту теориясына негізделген. Оны Ресейлік ғалым және қиялшыл – жазушы Генрих Альтшуллер жасаған.
ТРИЗ - дің мақсаты - тек қана балалардың қиялын ғана емес, сонымен қатар шынайылықты түсініп жүйелі ойлауға, өзін - өзі тануға, қоршаған ортаның қиындығын байқауға және де өздерінің шағын қиындықтарын шешуге баулу болып табылады.
Тризшылардың ұраны – «Барлығын айтуға болады!».
2. Ары қарай «ТРИЗ технологиясын қолдану арқылы балалардың тілін
дамыту» тақырыбында баяндамасын оқу үшін қазақ тілі мұғалімі Себенова А. С. шақырамын.

ІІ. Практикалық кезең
8. Семинарды қорытындылау.
42 622
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Балабақша аясындағы театр – рухани тәрбиенің қайнар көзі
Балабақша аясындағы театр – рухани тәрбиенің қайнар көзі
Театрландырылған ойындар ойын - қойылымдары болып саналады, бұл жерде балаларға арналған көркемдік шығармаларды сахналық қойылымдарға айналдырып, оларды кейіпкер ретінде қатыстырудың маңызы зор.
«Үйшік» ертегісі моделдік технологиясын қолдану
«Үйшік» ертегісі моделдік технологиясын қолдану
Балаларды жаңа технологияны қолдану арқылы ертегінің мазмұнын айта білуге үйрету. Фигуралардың көлемін және түстерді айыра білу. Мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруге, түсініктерін айтуға үйрету.
ОЖСБ-ға ата-ана көзімен
ОЖСБ-ға ата-ана көзімен
Ата - аналарға ОЖСБ туралы түсінік беріп, маңыздылығын баяндау, олардың ойларын білу. Пән мұғалімдерімен және дайындық күндерімен таныстырып өту. Және былтырғы оқу жылындағы ОЖСБ нәтижелерімен хабардар ету.
Білім сапасын жаңа педагогикалық технологиялар негізінде жүргізу
Білім сапасын жаңа педагогикалық технологиялар негізінде жүргізу
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №11 «Балапан» балабақшасының тәрбиешісі Кемалова Маржан
Балабақшада қолдануға тиімді технологиялар
Балабақшада қолдануға тиімді технологиялар
Қызылорда облысы Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті №11 «Балапан» балабақшасының Кемалова Маржан
Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологияларды қолдану
Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологияларды қолдану
Қызылорда қаласы, «Назым» балабақшасының тәрбиешісі Құлахметова Гаухар
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×