Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күз жомарт

15 сәуір 2014, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім саласы: Қатынас
ҰОІӘ: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Күз жомарт»
Мақсаты: Балаларды қоршаған ортаның әсерімен таныстыру. Күз мезгілінің байлығын, жомарттығын іс - әрекет іздену арқылы шығармашылығын дамыту, ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, табиғатқа байланысты халық болжамдарын сөз қорына енгізіп, табиғаттың жағымды, жағымсыз пайдалы, зиянды кезеңдерін сипаттау. Баланың ойын жеткізуге мүмкіншілік жасау. Балаларды табиғатты қорғауға, күтіп – баптауға тәрбиелеу.
Керекті құралдар: Жапырақтар, жеміс ағашы, слайд арқылы балалардың даладағы бақылау кезіндегі іс - әрекетінің суреттерін көрсету. Күн, бұлт, торғайлар, шегірткелер.
Қолданылатын технология: ТРИЗ технологиясының элементтерін қолдану.
Әдістері: ой қозғау, сұрақ – жауап, әңгімелесу, қайталау, жұмбақтар жасыру, сахналау.
Балалар шаттық шеңбер құрып келген қонақтармен бір - бірімен амандасу.

Армысың, қайырымды Аспан ата,
Армысың мейірімді Жер ана
Армысың алтын күн!
Қайырлы таң, қайырлы күн
Армысың достарым
Армысың қонақтар
Музыкамен жел кіреді. Жапырақ шашып, шығып кетеді.

Ой жаттығуы:
- Балалар қай уақытта жел тұрғанда жапырақтар ұшады, төгіледі.
Шашылған жапырақтың құпиясын ашу.
Әр жапырақта көрсетілген суреттен тапсырмаларды жұмбақтап айту.
- Ол жәндік
- Табиғатқа зиянын келтіреді
- Өзіне тән ерекше дыбысы бар
- Ұшады, әрі секіреді
ол не? (Шегіртке)
- Ол ұшады?
- Табиғат қамқоршысы?
- Ол ұяда тұрады, құрт құмырсқамен қоректенеді
Ол не? (құс)
Мен шырылдауық шегірткемін
Ыршып жүріп ән саламын
Сауық сайран құрамыз
Күнде думан, күнде той,
Менің жағдайым жақсы
Рахат, рахат ха - ха күледі.
Алма ағашына барып алмаларды жеп, достарын шақырады.
- Достарым, келіңдер
Ұшып құстар келеді
Кім бізді шақырған?

Алихан: Құстар қайтып күз болсын
Сұр бұлт жапты аспанды
Жапырақ түсіп гүл салып
Қыс ызғары басталды
Гүлсана: Құстар қайтып ән салып
Бұлт торлады аспанды
Жаз келеді, жар салып
Күзгі суық басталды.
- Балалар шегірткелер, құстар ағаштағы алманы жеп жатыр. Жей берсін бе? Не істейміз? Кімнен көмек сұраймыз?
Ол үшін мына жапырақта бейнеленген суретті табайық. Мүмкін сол көмек берер.
- ол болса бәріміз көңілсіз боламыз
- оның жылағаны табиғатқа пайдалы
- аспанды торлайды
Ол не? (бұлт)
Бұлт келеді?
- Сәлеметсіз бе, қонақтар, балалар!
Күзгі көк бұлт, мен боламын.
Көтеріліп теңізден,
Аспанға биік барамын.
Қаласам кәзір сендерге,
Жаңбыр болып жауамын.
Құстар мен шегірткеге су шашу.
Бұлт орнында тұрады

Тәрбиеші:- Рахмет, бұлт біздің жемістерімізді шегірткеден қорғадың.
- Балалар, менің қолымда тағы бір сурет қалды, соны тауып көрейікші.
- ол болғанда барлығымыз көңілді жүреміз;
- оны барлық тірі табиғат жақсы көреді.
- ол жылытады, айналаға шуағын шашады,
Ол не? (күн)

Күн: - Сәлеметсіз бе, балалар!
Мен жарқырап төбеде,
Нұрын төгіп тұрамын.
Шуақ шашып бәріңе,
Бала жанын ұғамын.

Бұлт: - Қабағын түйіп.
Күн, күн тоқтай тұр
Көзіме менің құлақ түр.
Ішім толы суға
Сусыз өмір бола ма?
Жоқ мен бәріне керекпін. Мен мықтымын.

Тәрбиеші: - Балалар не істейміз? Бұлт пен күн дауласып тұра бере ме?
- Жоқ әрине, екеуі де керек табиғатқа, сондықтан дос болу керек.
- Достастыру үшін не ойласақ екен?
- Балалар, мүмкін ойын ойнармыз. Күн мен бұлттың жақсы жағымен, жаман жағын айтайық. Сонда олар екеуінің де керектігін сезінер.
Ойын: «Ақ пен қара»
Мақсаты: Балаларға заттардың жақсы және жағымды қасиеттерін ажырата алуға үйрету.

Сергіту сәті:
Бұлт қабағын түйіп ап,
Бүркеп алды аспанды.
Тырс - тырс тырсылдап,
Жаңбыр жауа бастады.

Күнге қолды созамыз
Күннен жылу аламыз
Бойымызға таратып,
Біз көңілді боламыз.
Халық болжамдары
- Балалар жыл мезгілдеріне байланысты халық болжамдарын білесіңдер ма?
- Мизам шуақ
- Қараша айында кемпірқосақ көрінсе қыс қатты болады. Көктем жаңбырлы болады. - Қараша айында қар ерте түссе көктем ерте түседі. Қарашада маса ұшырасса көктем ерте келеді.
Күз туралы жұмбақ:
Күзгі жапырақтар
Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан - алуан жапырақ,
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады жалбырап.

Ой, алақай, тамаша,
Шашу шашты жапырақ
Бақтың іші алаша,
Аунар ма деп жатып ап!

Күншуаққа маужырап
Жатыр еді атырап,
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
Байлығын, молшылығын жаңбырын, желін, жомарттығын, болашағын ала келді т. б.
Күз келеді қасында қыркүйек, қазан, қараша айлары бар.
Үш ай тақпағын айтады
1. Бір - біріне жер аспан,
Мейіріммен қарасқан
Ұстаз шәкірт жүздескен
Қош келіпсіз күз дескен

2. Қазан айы болыпты,
Қамбаға астық толыпты.
Сары даланы сәндетіп,
Думандатып әндетіп.

3. Күн суытып барады
Малдар қолға қарады.
Қараша ауыл даламыз,
Қысқа дайын қаламыз.
- Балалар неге күзді «Жомарт күз» деп атайды?
Күз:- Иә мен жомартпын. «Мереке басы, ән болар, береке басы дән болар»- деп халық бекер айтпаған. Мен көктемде еккен мол астықты жинап қамбаларға толтырдым. Маған кімдердің көмектескенін білесіңдер ме? Ойланып көріңдер?
Әуенмен Жер ана, дихан, ата келеді.
Дихан ата: (қолында кетпен)
- Сендерге айтар аманатым.
Қаладағы өрендерім ешқашан,
Ұмытпаңдар, бабалардың кетпенін!
Жер Ана! Қолында нан, жемістер. Дастархан мол болсын, молшылық береке болсын.
Сөзжұмбақ: сабантойға байланысты
Ән: «Сабантой»

Күтілетін нәтижелер:
Біледі: күз мезгілінің байлығын, жомарттығын, табиғаттың жағымды, жағымсыз пайдалы, зиянды кезеңдерін
Игереді: балалар табиғатты қорғауды, күтіп – баптауды
Меңгереді: табиғатқа байланысты халық болжамдарын
47 426
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Зообаққа саяхат
Зообаққа саяхат
Балаларға зообақ жайлы түсінік беру, жабайы аңдар туралы білімдерін тиянақтау
Жабайы аңдар
Жабайы аңдар
Балалардың жабайы аңдар туралы түсініктерін тереңдету. Олардың түрлерін бір-бірінен ажыратуға, дене мүшелерін дұрыс атай білуге үйрету.
Біздің Елбасы
Біздің Елбасы
Балаларға Президент туралы әңгімелеу, ұғымдарын кеңейту, сөздік қорын молайту.
Қоршаған орта
Қоршаған орта
№ 6 орта мектебі Өткізген: Ешнияз Д. А
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Шалқар қаласы, № 6 орта мектебі № 6 орта мектебі Өткізген: Ешнияз Д. А
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Ақтөбе қаласы №30 «Ұрпақ» МДҰ тәрбиешісі Оразова Бибигүл Темешовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×