Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Допты 1,5м биіктікте керілген жіптің үстінен асыра лақтыру

20 сәуір 2014, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
«Денсаулық» ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті
Тақырыбы: Допты 1, 5м биіктікте керілген жіптің үстінен асыра лақтыру.
Мақсаты: Балаларды қимыл – қозғалысы арқылы дене бітіміне сай биікте керілген жіптің үстінен асыра лақтыра білуге баулу. Дене қол бұлшық еттерін шыңдау музыка ырғағына сай үйлесімді қимыл – қозғалыстарын дамыту арқылы допты биіктікке лақтыра білуге үйрету. Бір - біріне деген достық қарым – қатынасқа, ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, күтпеген сәт, топтық жұмыс, ойындар арқылы қимыл - қозғалыстарды орындау.
Сабаққа қажетті құралдар: үнтаспа, қолдан дайындалған үлкен доп, кіші доптар, қолдан дайындалған сүйретпе аяқ киімдер массажды төсеніштер. майшам, қағаздан жасалған көбелектер.
Пәнаралық байланыс: Математика, ән.

Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Балалар сап түзеп музыка әуенімен аяқты нық баса жүріп залға кіреді.
Амандасу рәсімі.
2. Психологиялық дайындық:
А) Аяқтың ұшымен жүру, (айлакер түлкі)
Ә) Қолды белге ұстап, аяқтың сыртымен жүру.( маймақ аю)
Б) Қолды алға ұстап бір қалыпты жүгіру(атша шабу)
В) Қолды айқастырып басқа ұстап, тізені кезек - кезек жоғары көтере жүгіру( бұғы орманда жүгіреді)
Г) Қолды басымызға ұстап қос аяқтап секіру( көңілді қояндар)
Д) Жай жүру (демді ішке тарта және шығара жүру)
Хатха - иого « Жорыққа дайындық»
Дөңгелене малдас құрып отырып, қолымызды қусырамыз, демімізді ішімізге алып шығарамыз.
У - ШУ «қолдардың ұшуы»
Қолды иектің астына ұстау, шынтақты жоғары көтеру, демді ішке тарту. Шапшаң шынтақты төмен түсіру, демді шығару.

II. Жаңа сабақ: Балалар маршпен жүріп, залды бір айналып келіп бір қатарға тұрады.
Мұғалімнің көрсетуі мен допты 1, 5 м биіктікте керілген жіптің үстінен асыра лақтыру. Лақтыру жаттығулары күшті молайтады және қимыл түрлерін үйлестіре білу қабілеттерін арттырды. Допты жоғары лақтыру және ұстау. Балалар мұғалімге қарама - қарсы 80 - 100см жерде тұрады мұғалім әрқайсысына кезек – кезек доп лақтырып: « Ұста»,- дейді. Балалар допты қайтадан мұғалімге лақтырады.
Күтпеген сәт: Үлкен доп балалардың қасына домалап келеді. Мұғалім бұл доптың өзі домалап келгендігін және ғажайып доп екендігін айтады.
Доп туралы таппақ айтады. Көгілдір добым бұл менің,
Домалап қана жөнелдің
Қызыл, жасыл көгілдір.
Әдемісің өзің бір.
Мұғалім допты қолына алып ішінен қызыл және көк түсті кішкентай доптарды алып шығып, балаларға допты көрсету арқылы түсін, пішінін сұрайды.
Осы доптар түсі 3арқылы балалар екі топқа бөлінеді.
1 - Топ «Қызыл» доп
2 - топ «Көк доп»
« Менің көңілді добым атты жарыс»
1. Екі - екіден допты бірінің артынан бірі ұстап жүгіру.
2. Сүйретпе киіп допты карзинаға салу келесі бала допты алып келу.
3. «Қырықаяқ» ойыны массажды төсеніштерден өтіп межеден айналып келу
Жарысты қорытындылау

III. Релаксация, аутотренинг жаттығулары:
1. Балалар шеңбер құрып қолдарын бірі - бірінің иықтарына қойып, көздерін жұмып баяу әнмен ырғағымен қимыл жасайды.
2. Балалар кілемшенің үстіне денелерін босаңсытып, қолдарын төмен созып, көздерін жұмып жатады. Мұғалім балаларды желпіп өтеді, ал балалар жылы желдің лебізі еркелетіп жатқандай сезінеді.
IV Тратак жаттығуы: «Жанған майшам» Балалар айнала отырып ортадағы жанып тұрған майшамға көз алмай 20 - 25 секунд қарау керек.
V. Сабақты қорытындылау, балаларды мадақтау.
19 980
0
  • 80
3 дауыс


Жаңалықтар
Түрлі бағытта жүгіру. Гимнастикалық қабырға бойынша жоғары - төмен кезектескен қадаммен өрмелеу
Түрлі бағытта жүгіру. Гимнастикалық қабырға бойынша жоғары - төмен кезектескен қадаммен өрмелеу
Мақсаты: Нұсқаушының белгісі бойынша балаларды түрлі бағыт бойынша жүгіруге жаттықтыру. Гимнастикалық қабырға бойынша жоғары - төмен кезектескен қадаммен өрмелеуге үйрету. Допты басынан асыра лақтыруға және оны қағып алуға. дағдыландыру.
Допты торға тастау әдістері
Допты торға тастау әдістері
дене тәрбиесі сабағында қажетті білім алуына, салауатты өмір салтын өмірлік серік етуіне ықпал ету. жылдамдыққа, ептілікке, икемділікке, қимыл қозғалыс дағдыларын дамыту
Балабақшаға арналған сабақ топтамасы
Балабақшаға арналған сабақ топтамасы
Берілген тапсырмаларды зейін қойып орындауға үйрету. Ойын арқылы балалардың қимыл іс - әрекетін дамыту, тұлға бітімдерімен аяқ қол, кеуде бұлшық еттерін жетілдіріп оны әрі қарай дамыту. Балаларды ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Ырғақты гимнастика
Ырғақты гимнастика
Тақырыбы:(музыканың сүйемелдеуімен жалпы дамытушы жаттығулар)
Баскетбол ойынының әдіс - тәсілдерін үйрету
Баскетбол ойынының әдіс - тәсілдерін үйрету
Атырау облысы, Исатай ауданы, Хамидолла Наубетов атындағы орта мектептің дене тәрбиесі пәні мұғалімі Масалова Мейрамгул Кадилбекқызы
Эстафета түріндегі ойын
Эстафета түріндегі ойын
Астана қаласы, №53 мектеп-лицей Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жанзаков Жетписпай Рахимович
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×