Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


4 саны

30 сәуір 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Мақсаты: 4 санға дейін тура - кері санауға үйрету. Заттың ұзындығын салыстыру (ұзын - қысқа)
Көп - аз ұғымдарын меңгерту. Кеңістікті бағдарлап жоғары, төмен, солға, оңға бағыттарын ажыратуын бекіту.
Дамытушылық: Ой - қиялдарын дамытып, тақпақ жұмбақ айтып тілдерін жетілдіру, дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды білімділікке тәрбиелеп, өз беттерімен жұмыстануға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: 4 қоян, 4 тиын, ойыншықтар - мысық, қуыршақ.
Таратылатын құралдар: Әр балаға төсеніш, спагетті - таяқшалар, жібімен.
Әдіс - тәсілдер: Көрсету, сұрақ - жауап, қайталату, жеке жұмыс сабақ барысында өткізу, сергіту сәт, мадақтау.
Сабақ алдында қимылды ойын: «Өз үйінді тап».
Мақсаты: Геометриялық шешімдерді тануға, ажыратуға үйретуді жалғастыру.
Сабақ барысы:
Кіріспе бөлімі: Тәрбиешінің балаларға арналған сұрақтар:
- Біз қай Республикада тұрамыз?
- Рәміздерді кім айтып береді?
Тәрбиеші балаларға әнұран айтуды ұсынады. Балаларға сұрақ:
- Балалар қандай мереке келе жатыр?
- Республика туралы кім тақпақ біледі? Айтып беріңіз.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Бүгінгі ауа - райы қандай?
- Күз мезгіліне байланысты кім маған тақпақ айтып береді?
Жаңа сабақ:
Тәрбиеші: Балалар есеп сабағымызды бастайық.
Қайталау бөлімі:
Тәрбиеші: Балалар, өткен сабақта не өттік?
- Дұрыс, 3 деген санмен таныстық.
- 3 - ке дейін маған кім санап береді?
Балалардың жауаптары.
Тәрбиеші: енді жаңа сабағымызды бастайық.
Көркем сөз:
Айналайын балақай,
Кел балақай келе ғой.
Есеп - қисап білейік,
Сабақ оқып жүрейік.
Біз сабақты оқысақ,
Көңілімізге тоқысақ.
Ата - ана қуансын,
Жүректері жұбансын.
Тәрбиешінің түсіндіруі:
Төменгі сөреге 3 қоянды қою, ал жоғарғыға 2 тиынды қою.
Неше қоян? Неше тиын болды? Қайсысы аз - көп? 3 саны ма2 сан ба?
Қоян мен тиын тең болу үшін, не істеу керек?
- Дұрыс, 1 тиынды қосу, немесе 1 қоянды алып тастауға болады.
- Енді тиын қанша болды?
- Қоян нешеу?
- Тағы бір қоян бізге жүгіріп келді?
- енді неше қоян болды? Қане санайық.
- Дұрыс, барлығы 4 қоян.
- Қараңыз, мен 4 санының таңбасын қойып шығам.
Тәрбиеші: Балалармен бірге тағы да қояндар мен тиындарды санап шығады.
Тәрбиеші: Жақсы, ал енді қоян мен тиын тең болу үшін, не істеуге болады?
Алдымен 1 жетпейтін тиынды қосамыз. Бір - екі балаға тұрған ойыншықтарды санату.
Сергіту сәт: Балалар, енді кішкене сергіп алайық: Кел санамақ санайық,
1 - дегенім бөрік,
Кисең бойға көрік.
2 - дегенім етік, киер сәнді етіп,
3 - дегенім ішік,
Теріден тігер пішіп.
4 - дегенім тымақ,
Қыста кисең жылы - ақ.
Таратылатын материалмен жұмыс:
Тәрбиеші: Балалар, бүгін таңертең топқа бір мысық кіріп кетті, қазір ол табиғат бұрышында демалып жатыр. Кәне, сабағымызға оны қатыстырайық.
Қараңдаршы, қандай әдемі мысық. Кім біледі - мысық қандай жануар?
Сипаттама берейікші: Көзі нешеу? Құлағы нешеу? Мұрыны нешеу? Аяғы нешеу? Құйрығы нешеу?
Мысық нені жақсы көреді?
Дұрыс, сүт, ет және балықты да жақсы көреді. Солай болса, қане балалар қонаққа келген мысығымызға балық жасап берейік. Балық біздің ерекше болады, оны біз спагеттідан құрастырамыз. Сол үшін бізге 4 ұзын спагетті керек болады - ол денесіне, 3 қысқа спагетті - балықтың құйрығына.
Енді барлығын санап салыстырайық. Жарайсыңдар, осы балықтарды сабақ біткеннен кейін мысыққа сыйлаймыз. Ал енді балалар осы жерге қараңдаршы. Қуыршақ көңілсіз отыр ғой. Осы қуыршақтың аты қалай?
Балалар сіз қалай ойлайсыз, неге қуыршақ көңілсіз отыр?
Олай болса, онда оған бантик жасап берейік. Ал біздің бантик ерекше болады, біз оны тағамыз.
Тапсырма: Тақтайшадағы жіпті
1. Солдан оңға қарай тартамыз.
2. Оңнан төмен - солға.
3. Солдан оңға.
4. Оңнан жоғары солға.
Жарайсыңдар балалар, қуыршақ өте мәз болды.
Сабақ қорытындысы:
Балаларға сұрақ:
1. Бізде қандай сабақ болды?
Нешеге дейін санап үйрендік?
Тағы біз не жасадық?
Жақсы осымен біздің сабақ аяқталды, бәріңізге рахмет. Өте жақсы білімді балалар болыңыздар.
3 018
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
11, 12, 13 сандарының құрамымен таныстыру
11, 12, 13 сандарының құрамымен таныстыру
Мақсаты: 0 - ден 10 - ға дейінгі сандарды тура және кері санау дағдыларын дамыту. 11, 12, 13 – сандарының ондықтармен бірліктерден тұратынын түсіндіру. Өткенді қайталап, білімдерін тия нақтылау, сауаттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
1-ден - 20-ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы.
1-ден - 20-ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы.
20 - ға дейінгі сандар қатарымен таныстыру, 20 көлемінде реттік санауға үйрету /тура және кері тәртіппен/.
Хайуанаттар бағына саяхат (кеңістікті бағдарлау)
Хайуанаттар бағына саяхат (кеңістікті бағдарлау)
Кеңістіктегі сандар мен заттардың орналасуының бір – біріне тәуелсіз болуы туралы ұғыммен таныстыру; заттарды бір қатарға – солдан оңға қарай оң қолымен санауға, орналастыруға үйрету
Қоянның бақшасы
Қоянның бақшасы
Балаларға геометриялық пішіндерді айыра білуге жаттықтыру (шаршы, үшбұрыш, дөңгелек), соның ішінде негізгі түстерді атауға үйрету (қызыл, көк, сары);
Біздің Елбасы
Біздің Елбасы
Балаларға Президент туралы әңгімелеу, ұғымдарын кеңейту, сөздік қорын молайту.
Ойыншықтар
Ойыншықтар
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №14 "Малышок" балабақшасының тәрбиешісі Искакова Жаңагүл Әбдіқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×