Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мақта қыз бен мысық

06 мам 2014, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің түрлері: «Тіл дамыту»
Тақырыбы: «Мақта қыз бен мысық»
Мақсаты: Балаларды көркем шығармамен таныстыру, ынта қойып тыңдауға дағдыландыру. Оқиға желісі бойынша дауыс ырғағын түрлендіре отырып, әңгімелеп айтып беруге үйрету. Жұмбақ, жаңылтпаш мақал – мәтелдерді жаттату арқылы баланың тілін дамыту.
Методикалық әдіс – тәсілдер: Мәнерлеп әңгімелеу, жұмбақ шештіру сұрақ – жауап жаңылтпаш мақал – мәтелдер айту әдістері қолданылады.
Сабақтың барысы: «Шаттық шеңбері»
Қуан шаттан алақай,
Қуанатын күн келді.
Күліп шықты күн бүгін,
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Сәлеметсіздер ме апайлар!
Сәлеметсіздер ме балалар!
Балалар жылы лебізбен көңіл күймен апайларға амандасады.
Бір жылда неше мезгіл бар? – Төрт мезгіл. Күз, қыс, көктем, жаз.
Жылдың қазір қай мезгілі? – Қыс мезгілі
Қыс мезгілі неше айға бөлінеді? – Үш айға. Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Қазір қандай ай? – Желтоқсан айы
Қыс мерзімінің ерекшеліктері қандай? – Күн суық, жел, боран, аяз, адамдар жылы киімдерін киеді
Қыс мезгілі туралы жұмбақ, тақпақтар білеміз бе?
Қыста жер бетін басады,
Жазда сайға қашады. (Қар)

Қыс келді, қыс келді,
Ақтарып ақ қарды.
Аралап қайтайық,
Ақ күміс бақтарды.

Кәне өткен сабақты есімізге түсірейікші. Кәне мынау қандай ертегі?
Түлкі келе жатып, қайда түсіп кетеді?
Түлкіге кім кездеседі?
Ешкі түлкіге не дейді? – Ей, түлкіжан сен не істеп тұрсын.
Түлкі: Жаным жай тауып тұр, қырда шөлдеп едім, апанда тұп – тұнық су бар рахаттанып тұрмын.
Балалар: - «Түлкі мен ешкі» ертегісі
Ал бүгінгі оқу іс – әрекетімізде Ыбырай Алтынсарин аталарың жазған «Мақта қыз бен мысық» ертегісін оқып беремін.
Балалардың зейінін тақтада ілулі тұрған бейнелі суретке аударады.
Ерте, ерте, ертеде «Мақта қыз бен мысық» болыпты. Бір күні Мақта қыз үй сыпырып жүріп, миіз тауып алады. Мақта қыз мысықты шақырады, келмейді бір кезде мысық келеді. Апа мені неге шақырдың?
Келмегесін мейізді жеп қойдым. Мысық мақта қыздың қатығын төгіп тастайды. Ал мақта қыз болса мысықтың құйрығын жұлып алады. Мысық сиырға келеді. Сиыр, сиыр маған қатық берші? – деді.
- Жоқ, менің қарным ашып тұр дейді. Мысық ағашқа келеді. Ағаш, ағаш маған жапырақ берші.
Ағаш: мен шөлдеп тұрмын, маған су әкеліп бер дейді. Мысық қыздарға барады. Қыздар, қыздар су берші дейді.
Қыздар: бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз. Дүкенші жұмыртқа бер дейді. Тауық жұмыртқа әкеліп берші дейді. Сен маған дән әкеліп бер дейді. Енді мысық не қыламын деп келе жатса ін қазып жатқан тышқанға кездеседі. Жаныңның барында айт – дейді. Тышқан қорыққаннан: үйімде бір уыс қана тарым бар – дейді. Тышқан тарыны тауыққа береді. Тауық жұмыртқа береді. Жұмыртқаны дүкеншіге береді, дүкенші сағыз береді, сағызды қыздарға береді, қыздар су береді, суды ағашқа береді, ағаш жапырақ береді, жапырақты сиырға береді, сиыр қатық береді, қатықты мақта қызға береді, мақта қыз мысыққа құйрығын береді. Мақта қыз бен мысық мұрат – мақсаттарына жетіп дос болыпты.
Осы ертегіге байланысты жұмбақтар, жаңылтпаш, мақал – мәтел білеміз бе?

Жұмбақтар
Ұрлап ішіп үйде сүтті қоймайды,
Өз құйрығын өзі қуып ойнайды.
Ол не? (мысық)

Ай далада ақ отау,
Аузы мұрны жоқ отау.
Ол не? (жұмыртқа)

Қыста киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды.
Ол не? (ағаш)

Шайнап – шайнап күнімен,
Тауыса алмадым бұны мен.
Ол не? (сағыз)

Жаңылтпаш
Пеш үстінде бес мысық,
Пеш түбінде бес мысық.
Бес күзетші бес пысық.

Мақал – мәтел
Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.

Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.
Балалар мен сендерге қандай ертегі оқып бердім? – «Мақта қыз бен мысық» ертегісі.
Бұл ертегіні кім жазды? – Ыбырай Алтынсарин атамыз.
Кәне балалар ойын ойнайық. Ойын: «Кейіпкерлер не дейді»
Ойын шарты: Тақтада ертегі кейіпкерлері ілінген суреттер бар артында бірнеше сұрақтар берілген. Сұрақтарға толық жауап беру керек.
Мысық қатықты неге төкті?
Мақта қыз мысықтың құйрығын неге жұлып алды?
Ағаш не сұрады?
Сиыр не сұрады?
Қыздар мысықтан не сұрады?
Дүкенші мысықтан не сұрады?
Тауық мысықтан не сұрады?
Мысық тышқаннан не сұрады?
Көрдіңдер ме, балалар өз кесірлігінен құйрығынан айрылған мысық, қаншама еңбек етіп жүріп, құйрығын қайтарып алады.
Қорытындылай отырып осы ертегіні сахналап жіберейік.

Күтілетін нәтиже.
Білу: Балалар оқиға желісі бойынша дауыс ырғағын түрлендіре отырып әңгімелей білу.
Игеру: Балалар ертегі кейіпкерлері арқылы қуыршақ театрын сахналауды игеру.
Меңгеру: Жұмбақ, жаңылтпаш, мақал – мәтелдерді айта білуді меңгеру.
33 707
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Торғай мен мысық
Торғай мен мысық
Балаларға өлеңді есте сақтауға, тәрбиешіден кейін қайталауға үйрету. Сөйлеу мәнері мен дауыс ырғағының көркемдігін қалыптастыру.
Менің тәуелсіз – Қазақстаным
Менің тәуелсіз – Қазақстаным
ҚР рәміздері туралы түсініктерін кеңейту. Сөздік қорларын дамыту. Тәуелсіздік жайлы балалардың ойларын дамыту арқылы Отанымызды қорғайтын азаматтар тәрбиелеу.
М дыбысы мен әрпі
М дыбысы мен әрпі
М дыбысымен таныстыру. М дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге, сөздерді буынға бөлуге, есту арқылы сөз арасынан табуға үйрету. 2. Балаларға М дыбысы ба
Уақытты бағдарлау
Уақытты бағдарлау
Сабақтың тақырыбы: Уақытты бағдарлау
Жұмбақтар әлемі
Жұмбақтар әлемі
Жамбыл облысы, Тараза қаласы, №4 "Балдырған" балабақшасы Ансатбаева Света
Армысың, қыс қонақ!
Армысың, қыс қонақ!
Қоңырова Нағира Аманқызы Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №6 орта мектебінің МАД «Б» тобының мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×