Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Қош келдің, Әз – Наурыз!» мерекесі

09 мам 2014, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Мереке би қойылымымен ашылады.
Би – қойылымы: «Қыс пен Көктем»

1 - жүргізуші: Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен Күн - Ана,
Алып келдің жер бетіне гүл көктем.

2 - жүргізуші: Халықтың пейілінен жаралғандай,
Сұлу күн шуағынан таралғандай.
Ел мен жер елжірескен, қуанысқан,
Наурызда ажар қандай, арай қандай!

1 - жүргізуші: Уа, халайық, халайық!
Сөзге құлақ салайық.
Сағынып жеткен жыл құсы,
Наурызды қарсы алайық.

2 - жүргізуші: Уа, халайық, халайық.
Өскен елге лайық.
Әз Наурызды ардақтап,
Дәстүрге құрмет қылайық!

(жүргізушілер сөйлеп тұрғанда, жаймен бір әуен сүйемелдейді, көктем арулары шашу шашады)

1 - жүргізуші: Самарқанның көк тасын еріткен де Наурыз!
2 - жүргізуші: Күн мен түнді бір мезгіл теңелткен де Наурыз!
1 - жүргізуші: Ырыс, құт боп еліме төрлет - төрлет Наурыз!
2 - жүргізуші: Жүректерде ән болып шырқа - шырқа Әз - Наурыз!

Ән: «Наурыз»
Жүргізуші: Наурыз – жаңғырған жылдың басы.
Соқпақ даңғыл болар жолдың басы.
Сөз күйттеген қашан да халықпыз ғой
Жиын тойда айтылар сөздің басы – дегендей, құттықтау сөз ауылымыздың әкімі ---------., балабақша меңгерушісі ----------., ауыл ақсақалдарына береміз.

Жүргізуші: Уа, ағайын, халайық,
Мұнда назар салайық!
Мерекесі халықтың
Наурыз тойын бастайық!

Балалар тақпақтарын айтады.

(желдің уілдеген дыбысымен Қаңбақ шал дөңгеленіп айналып ортаға шығады)

ҚАҢБАҚ ШАЛ: Армысыздар ағайындар! Осы мен қайда келдім? Наурыз – думан болып жатыр деп естіп едім, келе жатып адасып кеттім.

1 - Жүргізуші: Ассалаумағалейкум ата! Жол болсын!
ҚАҢБАҚ ШАЛ: Орта толсын! Осы тойға жолдастарыммен келе жатыр едім, жел тұрып ұшырып әкетті. Содан осы жерге тап болдым.

2 - Жүргізуші: Ақсақал, сіз қаңбақ шал деген ата болдыңыз ғой. Төрге шығыңыз!

ҚАҢБАҚ ШАЛ: Менің жолдастарым келу керек еді, ішінде Қарашаш сұлу да бар.
МЫСТАН: Әй, қауқайған Қаңбақ шал, сен менен бұрын бұл жерге қалай жетіп қалдың. Мұнда не боп жатыр?
ҚАҢБАҚ ШАЛ: Амансың ба? Наурыз құтты болсын!
МЫСТАН: Не дейді - ай мына түйеқарын?! Наурызшылың өзінің?
ҚАҢБАҚ ШАЛ: Мыстан, мына тойға жолдастарым да келе жатыр, қазір келіп қалар. Сосын Наурыз – думан тойлаймыз! Көңіл көтереміз!
МЫСТАН: Қайдағы той?! Мыналар не істеп тұр ей?! Әй, балалар тарандар! Ешқандай той болмайды! Қазір қар жауады, үйлеріне қайтыңдар. Жаурап қаласыңдар!
ҚАҢБАҚ ШАЛ: Сәл сабыр етіңіз. Бізде Наурыз тойы өтіп жатыр, қонақтар келуі керек.
МЫСТАН: Ешкімде келмейді. Мынаның елшілерін қара дәудің үйіне сиқырлап ұйықтатып тастағанмын.
ҚАҢБАҚ ШАЛ: Не дейді мына Мыстан?! Енді қайттік? Ә... міне келе жатыр ғой біреу...
ТАЗША БАЛА: Ассалаумағалейкум, халайық! Наурыз құтты болсын!
ҚАҢБАҚ ШАЛ: Е, шырағым, өзіңмен орта толсын!
МЫСТАН: Тақылдаған сен кімсің ей?! Мен сені неге білмеймін?!
ТАЗША БАЛА: Мен халқыма қылығымммен жаққан Тазша баламын, әже. Тойды бастамай неғып тұрсыздар?
ҚАҢБАҚ ШАЛ: Мына Мыстан тойға келе жатқан жолдастарымды ұйықтатып тастаған, енді не істерімді білмей тұрмын?
(Тазша бала мен Қаңбақ шал сыбырласады)
ТАЗША БАЛА: мыстан әже, сіздің көңіліңізді көтеру үшін бишілердің биін тамашаласақ қайтеді?
МЫСТАН: керегі жоқ, білемін мен сендерді, бәрің мені жек көресіңдер.
ТАЗША БАЛА: әуелі көрейік те?
МЫСТАН: Ал жарайды көндірдің, қане, өнерлеріңді тамашалап көрелік!
БИ: «Қазақ биі»
МЫСТАН: Ой, айналайындар, мына билерің маған ұнады ей... қой болмас, мен қонақтарды алып келейін, оларда тойласын!
Жүргізуші: Алқа – қауым, той думан,
Ортамызды ашайық.
Ән мен күйді шалқытып,
Інжу - маржан шашайық.
Жиналған халық таң қалсын
Өнерден күмбез жасайық.
Қалықтасын ән мен күй,
Бар өнерді қосайық.

Балалар тақпағы
Балалар қойылымы: Қазақ әндерімен билерінен попури
Жүргізуші: Халық барды - жоғын қазанға салып көпке берсе, сонда жыл берекелі, мерекелі болады деп ұққан. Наурыз күні жеті түрлі тағам қосылған наурыз көже дайындалады. Сонымен қатар ойын - сауық ұйымдастырылып, өнерлерін көрсеткен.
Бізде халқымыздың ежелден келе жатқан дәстүрінен қалыспай, ұлттық ойындардан сайыс өткізгелі отырмыз.
Ұлттық ойындардың адамға тигізер пайдасын халық ертеден білген. Халық арасында «Денсаулық - зор байлық» деп бекер атамаған. Адамның денсаулығына жас кезінен бастап қалыптасу керек.
Кезекті ұлттық ойындар сайысына кезек берейік.

Жүргізуші: Алғашқы сайысымыз - «Арқан тартыс». Ойын ережесі мынадай: Ұзындығы 8 - 10м жуан кендір арқан керек. Арқанның тең ортасына орамал немесе шүберек байланып, белгі жасалды. Арқанның екі жақ шеткі белгісінен бастап ұшына дейін ойнаушылар қос қолдап тартып тұрады. Ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша жігіттер арқанды өз жақтарына қарай тарта бастайды. Екі жақтың қай жағы орталық сызықтан бұрын сүйреп өткізіп алса, сол жағы жеңді деп есептеледі.

Жүргізуші: Келесі ұлттық ойынның бірі - қазақтан ертеден келе жатқан спорттық ойындардың бірі - «қазақша күрес». Халықтың «Күш атасын танымас» деген асыл сөзі осыдан қалса керек. Ал кім ортаға шығып күш сынасады?

Жүргізуші: Енді кезекті «Қыз қуу» ойынына берейік. Ортаға 1 ер бала мен 1 қыз бала шығып, атқа мініп бірін – бірі қуады. Егер ер бала қызға жетіп алса, қыздың бетін сүйеді, жете алмаса қыз оны қуады. Егер қыз жігітке жетіп алса қамшымен ұрады.

Жүргізуші: Жарайсыңдар, ойыншылар. Ойындарың үшін көп – көп рахмет.
Жүргізуші: Аттың дүбірі естілетін секілді. Қыдыр Ата! Қыдыр Ата келе жатқан болар.
(Қыдыр Ата келеді.)
Жүргізуші: Ұлыстың Ұлы күні Қыдыр Ата ел - жұртын аралайды деуші еді. Қасиетіңнен айналайын, Қыдыр Ата!
Қобыз даусы.

Қыдыр Ата: Армысың, жамағат! (қолын жайып)
Орта толып ырысқа,
Бейбіт өмір орнасын,
Ұлыс күні ұл мен қыз,
Білімнің мінсін жорғасын!
Бір - біріңе сүйеу бол!
Жер беті тола тіршілік,
Адамзат соған ие бол!
Әумин!

2 - жүргізуші: Айтқаныңыз келсін, Қыдыр Ата. Елімізде, білім ордамызда жақсылық болса, Сіздің шапағатыңыз деп білерміз!

1 - жүргізуші: Жиналыппыз Наурыз тойға бәріміз де,
Үлкен кіші, жасымыз да, кәріміз де,
Төрлетіңдер, қадірменді қонақтарым,
Гүл - гүл жайнап мына біздің төрімізге

2 - жүргізуші: Асу асу белдері сырға толы,
Атырабы ән күйге, жырға толы.
Жаса, жаса, жайнай түс кемелденіп,
Өр қазақтың жазирасы, нұрға толы.
Қадірменді халайық, Наурыз тойға жайылған дастарханнан ауыз тиіңіздер.

2 - 4 - жүргізуші: Наурыздан Наурызға аман есен жетейік!
Жыл берекелі болсын!
3 893
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қош келдің – әз Наурыз!
Қош келдің – әз Наурыз!
Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын,
Әз, Наурыз
Әз, Наурыз
«Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Балаларға наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра
Армысың, әз Наурыз!
Армысың, әз Наурыз!
Құрметті қонақтар, әріптестер! Қош келіпсіздер! Бүгінгі ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын! Наурызбенен ұласып көктем жеткен! Үлкен – кіші көңілін көкке өрлеткен! Жан – жануар, табиғатты түрлетіп, Ескі жылмен реніш, өкпең кеткен!-
Қош келдің, әз - Наурыз!
Қош келдің, әз - Наурыз!
Балабақша тәрбиешісі: Шыңғысбекова Қундызай Сейтқадырқызы
Қош келдің Наурыз!
Қош келдің Наурыз!
Жамбыл облысы, Қордай ауданы. Бастауыш сынып ұстазы Серкебаева Макпал
Қош келдің, Наурыз
Қош келдің, Наурыз
Сақтаған Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің колледжі Пән: Информатика (Есептеу техникасы мамандығының арнаулы пән оқытушысы) Ермагамбетова Акгуль Абылжановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×