Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Эколог мамандығы

11 мам 2014, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті
САЛАСЫ: Таным
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Эколог мамандығы
Мақсаты: Эколог мамандығымен таныстыру. Бұл мамандықтың адам ды қоршаған ортаны қорғауға тигізетін пайдасымен, оны қорғау әрбір адамның парызы екенін балаларға түсіндіру. табиғатты аялауға, қорғауға дағдыландыру. Эколог мамандығына деген қызығушылығын арттыру. Берілген сұрақтарға тез әрі шапшаң жауап беруді меңгерту.
Керекті құрал - жабдықтар: глобус, проектор

Шаттық шеңбері:
Қуан шаттан алақай,
Қуанатын күн келді.
Қайырлы таң, апайлар,
Қайырлы таң, достар.
Жоғары қарап тау көрдім,
Төмен қарап жер көрдім.
Оңға, солға иіліп,
егеменді ел көрдім
Барысы: балалар бүгін біз әдемі планетамыз туралы әңгімелесеміз. Бізідің планетамыз қалай аталады?
Балалар: Жер
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы бұл - глобус, біздің планетамыздың кішірейтілген түрі.
- Қараңдаршы біздің планетамыз қандай әдемі, глобуста қай түс көп?
Балалар: Көк, жасыл түс.
Тәрбиеші: Біздің планетамызды « жасыл әлем» - деп атайды. Көк түс нені білдіреді?
Балалар: Теңіз, мұхит, өзендер
Тәрбиеші: Ал жасыл түс нені білдіреді?
Балалар: Орман, егіндік
Тәрбиеші: Сары, қоңыр түс
Балалар: Тау, дала, шөл, шөлейт
Тәрбиеші: Ия, біздің планетамызда әдемі жерлер көп.
(Слайдтан көрсету) «Табиғат тамашасы»
Сауысқан келеді ұшып. Хат тастап кетеді.
Хатты Эколог жіберіпті. Балалар біздің планетамызда ауа, сулар ластанып, орман ағаштары өртеніп, кесіліп жатыр. ауа ластануынан балалардың демалысы қиындап
көп ауыра береді. Завод, фабрикалар, түрлі өндіріс орындары және машиналар, космос корабльдері көбейді. Бірақ та, бұлар бізді қуантпайды. Біздер бақтардың гүлдегенін, құстардың сайрағаннан, ағаштардың жайқалып өскенін, жәндіктердің жыбырлап жүргенін өзендерден сылдырлап таза су аққанын, көбелектердің қанатын қағып ұшқанын қалаймыз.
Балалар, сіздер де бізге көмекке келіңіздер.
Тәрбиеші: балалар, қоршаған ортаны қорғауға, ластамауға, көркейтуге бізді эколог мамандары шақырып жатыр екен, көмектесеміз бе?
Балалар: Ия
Тәрбиеші: Балалар, халықаралық "ГРИНПИС" орталығы бар. Ағылшын тілінен аударғанда "Жасыл әлем "- деген сөз. Бұл барлық ұлттарды, халықтарды біріктірген орталық. Осы қоғамда эколог мамандары жұмыс жасайды. Эколог адамның өмірімен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғауға ондағы құстар, өсімдіктер, жануарлар және адамдар өмірін қорғайтын, ауа мен судың ластанбауына көмектесіп, қорғайды.
Соңғы кезде табиғат көп өзгеріске ұшырады. Себебі, көп машиналар лас газды ауаға шығарып, заводтар мен фабрикалар қалдықтарын ауа мен суларға төгеді.
Слайд көрсету. (Табиғаттың ластануы)
Егер адамдар мен жануарлар осы ластанған ауамен демалса не болады?
Д/О: "Егерде....."
Егерде су ластанса.............
Егер де ауа ластанса.......
Егер де күн болмаса не болар еді...............
Егерде орман өртенсе................................
Егерде құстар болмаса.........................
Эколог мамандарының арасында химиктер, физиктер, географ, дәрігерлер көп.
Олар өте білімді адамдар.
Д/О « Құстарды қорғау»
Д/О: "Экологиялық белгілер" Тиым сөздер
Құстың ұясын бұзуға болмайды.
Орманда от жағуға болмайды.
Суды ластауға болмайды.
Құстың ұясын бұзуға болмайды.
Д/О: «Жануарларды қорғау»: Қисынын тап (Суреттерді құрастыру)
Д/О: « Қолтырауынның баласы нені дұрыс нені дұрыс емес жасады?» сурет бойынша әңгіме құрастыру.
Эколог келеді балалар сендер табиғатты қорғауға көп көмектестіңдер, көп біледі екенсіздер. Мен сіздердің топтарыңды осы қоғамның мүшесі етіп қабылдап значок тапсырамын - деп балаларға значокты кеуделеріне тағады. "Жасыл әлем" қоғамына қабылдау.
Дәрілік өсімдіктерден жасалған фито шәй беру.
10 235
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бағдаршам біздің досымыз
Бағдаршам біздің досымыз
Торап, жүргінші жол, тротуар, жаяу жүргіншілерге арналған өтулер, жол белгілері, бағдаршам түсініктерін бекіту.
Табиғатқа саяхат
Табиғатқа саяхат
Балаларды қоршаған әлемді сезінуге және тануға деген қызығушылығын арттыру. Жануарлар әлемі туралы дүние танымын кеңейту.
Бояулар әлемі
Бояулар әлемі
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Болашақ балабақшасы" МКҚК тәрбиешісі Джубанова Жазира
Құстар - біздің достарымыз
Құстар - біздің достарымыз
Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау селосы, №1 «Қарлығаш» балабақшасының тәрбиешісі Қайрова Нұргұл Қадіржанқызы
Әлем бала көзімен
Әлем бала көзімен
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, «Ақбота» балабақшасының информатигі: Рахымбергенова Гулназ Ғалымжанқызы
Бау-бақшаға саяхат
Бау-бақшаға саяхат
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №5 "Балғын" балабақшасының тәрбиешісі Әлменова Ботакөз Ақылбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×