Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алтын күз байлығы

13 мам 2014, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тәрбиешісі: Армысыздар құрметті ата - аналар мен балалар! Ел байлығын арттырған берекелі күз айы да келіп жетті. Күзді құрметтеп қуанышпен қарсы алайық. Бүгінгі «Алтын күз байлығы» атты гүлдер тобының ертегілеріне қош келіпсіздер.
Жүргізуші: Балалар, бізге не нұрын шашып тұр?
Балалар: Күн
Жүргізуші: күн бізге не береді?
Балалар: Күн бізге жылуын береді.
Жүргізуші: Қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Күз мезгілі
Жүргізуші: Күз мезгілінде неше ай бар?
Балалар: Күз мезгілінде үш ай бар (қыркүйек, қазан, қараша)

Музыкамен ішке мыстан кемпір кіреді. Балалар бізге ертегі кейіпкері мыстан кемпір келді. Амандасайық. Мыстан кемпір бұл не қылғаныңыз бізде алтын күз мерекесі болып жатыр, ал сіз болсаңыз бәрін бүлдірдіңіз. Балалар олай етуге болама (жоқ). Мыстан кемпір біздің балалар тәртіпті, әдепті балалар олар бұлай қылып бүлдірмейді.
Ал, қанекей балалар мыстан кемпірге көрсетейік «Кім жылдам» ойыны арқылы қандай балалар екенімізді көрсетейік. Үш топқа бөлініп жарысайық: І топ (жаңғақтарды), ІІ топ (жапырақтарды),
ІІІ топ (саңырауқұлақтарды) жинасын. 2 рет ойнату. Көрдіңіз бе балалар өте шапшаң, ұйымшыл. Епті, тәртіпті, әдепті балалар. Мыстан кемпір кешірім сұрап, рахметін айтып шығып кетеді.

Жүргізуші: балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын сендер жауабын айтыңдар.
Өрік, шие, алма, алша,
Жидек, жүзім піседі.
Қарбыз, қауын, қияр, сәбіз,
Қоймаларға түседі.
Айтыңдаршы балаларым,
Бұл қай кезде болады?
Балалар: Күз мезгілінде.
Жүргізуші: Ендеше балалар мерекеміздің сәнін келтіретін «Күз ханшайымын» шақырайық.
Келші, келші алтын күз,
Келші, келші жарқын күз.
Мерекені жалғастырып,
Ойнап келші алтын күз.
Балалар қол шапалақтайық. Осы кезде музыкамен, залға күз ханшайымы келеді. Қолындағы жапырақтарды жерге шашады.
Күз ханшайымы: Армысыздар балалар, күзгі бақтағы қонақтар өздеріне келдім, күздің сыйын күз тартар.
Жүргізуші: Күз ханшайымы мына қолымыздағы сыйлықтарды балаларға берсең бола ма?
Күз ханшайымы: Бұл сыйымды балаларға еңбек етіп алулары керек. Ендеше күз ханшайымына арнап, «Алтын күз» күнін айтып берейік.
Жүргізуші: «Күз ханшайымы» сіз шаршаған шығарсыз отырыңыз қонағымыз болыңыз. Балаларды тыңдаңыз.
Жүргізуші: Балалар қараңдаршы жапырақтар жерде жатыр, олар жәй жапырақтар емес. Ол жұмбақ жапырақтар.
Жапырақтарды алып оқып беру. Балалар жауабын табады.
Күз ханшайымы: Балалар сендер тапқыр екенсіңдер.
Жүргізуші: Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан - алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Ой, алақай тамаша,
Шашу шашты жапырақ!
Бақтың іші тамаша.
Аунар ма еді жатып ақ - дей келе біздің балаларымыз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 117
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жаңа жылдық сценарий: Қош келдің, жаңа жыл
Жаңа жылдық сценарий: Қош келдің, жаңа жыл
Жаңа жылға арналған мерекелік ертеңгілік өткізілетін, әсем безендірілген залға көңілді әуенмен тәрбиеші кіреді.
Жасыл шырша жанында!
Жасыл шырша жанында!
Жаңа жыл шыршасы жанады, Қызыққа адамдар батады. Сиқырға сенетін адамға, Жаңа жыл есігін ашады.
Жақсылықпен жайлылық сыйла, жаңа жыл атты жаңа жылдық ертеңгілік
Жақсылықпен жайлылық сыйла, жаңа жыл атты жаңа жылдық ертеңгілік
«Жақсылықпен жайлылық сыйла, жаңа жыл» атты жаңа жылдық ертеңгілік 1) Трио «Нappy new year» жаңа жылым! әні орындалады. Осы кезде Аяздың дыбысы естіліп (Аяздың есіктің даусы) залға есіктің ашылып жабылған дыбысы естіледі де, ішке Али мен Айя кіреді.
Қош келдің, Жаңа жыл!
Қош келдің, Жаңа жыл!
Аякөз қаласы, №4 жалпы аралас орта мектеп ішіндегі кіші кешен тәрбиешісі Абдинова Назым Даутовна
Денсаулығы сәбидің, қуанышы әр үйдің
Денсаулығы сәбидің, қуанышы әр үйдің
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №12 балабақша тәрбиешісі Аманғожина Халима
Құтты болсын 2019 Жаңа жыл
Құтты болсын 2019 Жаңа жыл
- Асығамын деп жүріп Сыйлықтарды шашып алдым. Бұтаққа мен қабымды Іліп алып, тесіп алдым. Сыйлықтарды жинағанша Сендерге мен немеремді Жіберемін асыға Қорғап сендер Ақшақарды Жүріңдерші өтінемін.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×