Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қош бол, балабақша!

16 мам 2014, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Қазіргі тағы да білім беру саласы әлемдік стандарттарға ұмтылып, заман талабына сай жас буынды жетілдіру қажеттіліктері айқын білінуде. Сол бағытта мемлекет деңгейінде білім беру саласына, соның ішінде мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиеге көп көңіл бөлінуде. Мемлекет тарапынан жасалып отырған қамқорлыққа жауап ретінде мен де бала тәрбиесіне өз үлесімді қосудамын.
Балаларды Отансүйгіш, ұлтжанды, адамгершілік асыл қасиеттерді бойларына сіңірген етіп тәрбиелеу менің алдыма қойған басты мақсаттарымның бірі.
"Қош бол, балабақша" балалардың балабақшамен қоштасар кездегі көңіл күйлерін, тәрбиешінің балаларға деген аналық тілегі мен ата - аналар арадағы ыстық ықыласты көрсететін шара.
Қоштасу қиын әрі қызық. Қиын болатыны тәрбиеші мен балалар арасындағы жылдар бойы қалыптасқан қимас сезім, сүйіспеншілік. Ал қызық болатыны балаларға белгісіз білім әлемі - мектепке деген құлшыныс, қызығу.

Ұшқалы тұрған ұядан,
Түлектерім аман бол.
Алдарыңда сендердің,
Қаланған сүрлеу, сара жол.
Шақырады мектебің,
Қоштасатын кез келді.
Сағынамыз сіздерді,
Ұмытпаңдар біздерді.

Міне осындай қимас сезімді туғызатын, көзіңе жас ұялататын "Қош бол, балабақша" ертеңгілігімді әріптестер назарына ұсынбақпын.
(Зал іші әсем безендірілген.)
Жүргізуші: Қадірлі ата - аналар, қонақтар және балабақша ұжымы! Бүгін біз бірнеше жыл мәпелеп, тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз.
Талай қызық күн өткіздік
Орны әсте ерекше.
Бақшаменен қоштасатын,
Бүгінгі той ерекше - дей келе, қоштасқалы тұрған бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайын.
(Әсем саз әуенімен аты аталған балалар екі - екіден кіреді.)
Жүргізуші: Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Қоштасатын кешімізді бастайық.
Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Өтсін солай әрбір күнің, әр айың.

Өтті қызық көп күндер,
Алты жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке,
Бір белестен өттіңдер.
Өсті ақыл, ойларың,
Өсті міне, бойларың.
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойларың.

Ән "Біздің бала бақшада"

Көрініс
Көңілді әуен естіледі. Маймыл мен жолбарыс киімдерін киген екі бала кіреді. Қолдарында оқушы сөмкесі бар. Залды бір айналып өтіп, бөренеге отыра кетеді.
Маймыл: Ой, шаршадым.
Жолбарыс: Онда бөренеге отырып дем ал.
Маймыл: Оқушы болу қандай қиын еді?!
Жолбарыс: Сен неден қорқасың? Мен қорықпаймын. Мектепке баруға дайынмын.
Маймыл: Солай ма? Ендеше жүр білімімізді тексерейік.
Жолбарыс: Қалай?
Маймыл: Ормандағы мектепке барайық.
(Екеуі жүгіріп ормандағы мектепке келеді.)
Кірпі - мұғалім: Сәлеметсіңдер ме? Жайғасып отырыңдар. Алған білімдерімізді қайталауды есептен бастайық. Қане, көжек санамақты айта ғой. (көжек қалтырап - дірілдеп орнынан әзер тұрады.)
Білмедім мен санамақ,
Көмектесші, балалар.
(балалар санамақ айтып көмектеседі)
Кірпі - мұғалім: Енді түлкі сен келші,
Өнеріңді көрсетші.
Сөйлем құрап Отан жайлы,
Тақпақ айтып сен берші.
(түлкі жалма - жан дәптеріне қарай бастайды)
Кірпі - мұғалім: Дәптерге олай қарама,
Ұстазды алдауға бола ма?
Балалар: Біз көмек берсек бола ма?
Кірпі - мұғалім: Ал балалар түлкіге көмектесіп, Отан туралы білетіндеріңді ортаға салыңдар.
Отан деген - ұлы ана,
Отан деген - ғұлама.
Мен ғана емес атам да,
Перзент екен Отанға.

Отан деген - атамекен,
Отан деген - туған жер.
Отан - ана, Отан - үлкен,
Қазақстан - туған жер.
Мақалдар:
Отан оттан да ыстық.
Отансыз адам - ормансыз бұлбұл.
Сөйлем құрап, сызбасын сызу:
Менің Отаным - Қазақстан.
Мен Отанымды сүйемін.
Кірпі - мұғалім:
Енді қонжық сен келші,
Сурет салып сен берші.

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Сарысай аулы,
"Аружан" балабақшасы» МКҚК - нің психологы
Атшибаева Алия Рашевна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 681
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Отбасы және балабақша ынтымақтастығы
Отбасы және балабақша ынтымақтастығы
Қазіргі заман талабында отбасы баланың оқу тәрбиесіне араласу қажеттілігі айтылған. Сондықтан ата - ана мен балабақша арасындағы ынтымақтастықты дамыту өзекті мәселе боп отыр. Ата – анамен балабақша ынтымақтастығы, баланы оқыту мен тәрбиелеудегі –
Балаларды әсемдікке баулу
Балаларды әсемдікке баулу
Балаларға әдемілік пен әдептілік нышандарын бойларына сіңіре отырып және оларды ұлттық бұйымдар арқылы әсемдікке баулу. Балаларға ұлтымыздың салт - дәстүрін, өнерін бойларына сіңіріп, ұлттық сана-сезімдерін дамытып, балаларды әдептілік пен
Қош бол, балабақша!
Қош бол, балабақша!
Балалардың білімі деңгейін шыңдап, бақшамен қоштасуын сезіндіру. Адамгершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу
Мектепке дейінгі ұйымдар мен отбасы жағдайында баланы ерте жастан дамыту
Мектепке дейінгі ұйымдар мен отбасы жағдайында баланы ерте жастан дамыту
«Таным» білім беру саласы бойынша жаңа инновациялық технологияларды пайдалана отырып балалардың бойындағы танымдық қабілеттерін дамыту
Балабақшамен қоштасу ертеңгілігі
Балабақшамен қоштасу ертеңгілігі
2 - Жүргізуші: Өте қызық көп күндер Алты жасқа жеттіңдер Барасыңдар мектепке Бір белестен өттіңдер Өсті ақыл, ойларың Өсті, міне, бойларың Қуанышқа ортақпын Құтты болсын тойларың
Қош бол,балабақша
Қош бол,балабақша
«Қош бол,балабақша»
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×