Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Егіс алқабында

21 мам 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Дамытушы орталықтар: «Әлеуметтік», «Шығармашылық» білім беру салалары
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Айналамен таныстыру
Тақырыбы: Егіс алқабында
Мақсаты: Балалардың егіс алқабы жайлы түсінік беру. Егіс алқабын суреттен көргендері бойынша сұрақтарға толық жауап беруге үйрету. Ел байлығы - астықтың дастарханға нан болып қалай келетінін түсіндіру арқылы, үлкендердің еңбегін құрметтеп бағалай білуге еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Әдісі: Әңгімелеу, көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап, ғажайып сәт, сергіту сәті, ойын, бағалау, қорытындылау.
Көрнекілігі: Теледидар арқылы көрсетілетін (интерактивті тақта арқылы) суреттер, күріш, бидай, нан, кейіпкерлер: егінші мен қасқыр.
Пәнаралық байланыс: тіл дамыту, көркем әдебиет
Сөздік жұмыс: Масағы, сабағы, мұртшалары
Сөздік қоры: алқап, қырман
Пайдаланған әдебиеттер: «Балбөбек»бағдарламасы, Отбасы және балабақша.

Тәрбиешінің іс - әрекеті
Жылулық шеңбері
«Ризамыз» әнін айтқызу.
- Балалар біз қандаймыз.

- Балалар жыл мезгілдерін атайықшы.
- Астық пісіп, орақ түсіп,
Қырман дәнге толады.
Бөбектерім, айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
- Дұрыс, қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілінің айларын атайықшы?
- Күз мезгілінде далада ауа - райы қандай болады?
- Дұрыс, енді кім күз мезгіліне байланысты тақпақ айтады?
- Күз мезгіліндегі табиғат ерекшелігі,
табиғат байлығы қандай?
- Дұрыс, енді балалар осы жемістер мен көкөністер, дәнді - дақылдар күзде піседі екен, бүгінгі айналамен танысу
ұйымдастырылған оқу іс - әрекетіміз
«егіс алқабымен» танысайықшы.
Енді, мына тақтаға қарайықшы. Осы тақтадан «Егіс алқаптарының» суреттерін тамашалаймыз.(суреттер
көрсетемін)
Мына суретте не көріп тұрсыңдар, балалар?
- Мына суретте трактормен жер жыртылып, тегістеп егін егіп жатыр.
Адамдар егінді суарып, арам шөптен
тазалап, ал егін мынадай болып жайқалып шығады.
Піскен егінді комбайнмен комбайыншылар орады.
Сонан соң дәнін сабағынан ажыратып, бидай алынып машинаға
басылады. Көліктермен қырманға апарырып тазаланып, диірменнен өткізіліп, ұн жасалып, қапталып наубайханаға апарылады. Ұннан қамыр иленіп, нан пісіріледі.
- Міне дастарханға нан осындай еңбекпен келеді.

Біздің ауылымызда наубайхана жоқ. Біздің үйімізде нанды кім пісіреді?
- Енді балалар осыны іс жүзінде көрейікші. мынау егіс алқабы, мынау бидай мұртшалары (қауызын ашып көрсету) бидай жел болғанда тербеледі, қане үрлеп көрейікші

- Сергіту сәті
Жайқалады ақ бидай
Ырғалады желменнен.
Трактор мен комбайн
Оруға мен дайын.
- Балалар, мынау дән мұртшалары,
оны аршып көрсек ішінен дән шығады, дәннен ұн жасайды.
Мынау ұн, мынау иленген қамыр, мынау піскен нан. Міне дастарханға нан осылай келеді.
Балалар піскен нанды апайлармен
бірге бөлісіп жейік.
Ғажайып сәт.(Қоянның қонаққа келуі)
- Қоян: мына жерден керемет, тәтті иіс шығады, не жеп отырсыңдар.
Балалар маған да беріңдерші, дәмін көрейінші, жеп көріп бұл қайдан
келеді.
- Тәрбиеші: Қоянға нанның қалай жасалатынын айтып берейікші.

- Қоян: сонда жеуге бола ма?
Жер тазаланып, дән себілгенде
Сонда нан бола ма?

- Қоян: қырманда тазаланып, қайда апарады? Сонда нан бола ма?

- Қоян: Ұн болған соң, сонда нан бола ма?
- Қоян: Бұл өте ауыр, әрі көп уақыт кететін жұмыс екен, оданда өз орманыма кетейін.
- Тәрбиеші: балалар қоян жалқау екен, адамдар еңбексүйгіш екен.

Жалқаудың жаны тәтті,
Еңбектің наны тәтті.
Міне балалар біздің дала - бай дала екен.
Астық жайлы өлең айтайықшы.

- Бүгінгі оқу іс - әрекетіміз қандай?
- Қандай суреттер көрдік?
Балалардың көңіл - күйін сұрап, оқу іс - әрекетіне жақсы қатысқан балаларды мадақтау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
25 746
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Нан дастарханға қалай келеді? «Бауырсақ»
Нан дастарханға қалай келеді? «Бауырсақ»
Балаларды айналадағы дүниемен таныстыру. Балаларға нанның адам еңбегімен келетінін, оған көп күш жұмсалатынын түсіндіру. Сондықтан нанды қастерлеу, жерге тастамау керектігін білдіру.
Күз байлығы
Күз байлығы
Күз мезгілі туралы түсінік беру. Сөйлем құрастырып айта білуге дағдыландыру. Күз байлығына жемістер мен көкөністер, дәнді дақылдар жататынын білу, үлкендер еңбегін бағалауға тәрбиелеу. Жұмбақ, тақпақтар айта білуге үйрету, тілін дамыту.
Егіншілік еңбегі
Егіншілік еңбегі
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №13 "Ертөстік" бөбекжай - балабақшасы тәрбиешісі Валиева Бибігүл Дүйсенбекқызы
Нан дастарханға қалай келеді?
Нан дастарханға қалай келеді?
Тақырыбы: Нан дастарханға қалай келеді?
Нан дастарханға қалай келеді
Нан дастарханға қалай келеді
Жалпы білім беретін № 6 орта мектептің шағын орталық тәрбиешісі Ержанова Айжан Базарбайқызы
Нан ел байлығы
Нан ел байлығы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Бекарыстан би ауылы №24 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Мамбетжанова Бақыткүл Алдоңғарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×