Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Денің сау болсын!

30 мам 2014, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
«Денің сау болсын» атты (серуен кезіндегі негізгі қимыл түрлері)

Сабақтың мақсаты: балалардың денсаулығын нығайту, ағзаны шынықтыру, қимылдың негізгі түрлерін дамыту.
Билингвальдік компонент: құрсау - обруч, жалау - Флажок.
Құралдар: құрсаулар, доп, жалау.
Сөздік жұмыс: құрсау, доп.

Шаттық шеңбер:
- «Сәлем»,- дейміз,- алтын күн,
- «Сәлем»,- дейміз - жер ана.
- «Сәлем»,- дейміз баршаңа.

Әңгіме жүргізу:
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- жаз мезгілі.
- сол себепті, міне біздер күннің жылы мезгіліне сай киініп, серуенге шығамыз.

Жаттығу: «Көңілді жалаулар»
1 Үлкен адыммен шеңбер бойында бірінен соң бірі жүру,
- Көңілді жалаулар келе жатыр.
Б. м: сапта бірінің артынан бірі жүріп өту.

2 бірінің артынан бірі шеңбер бойымен қолдарына жалау ұстап жүгіру.
- жалаулар желпілдеп келе жатыр.
Б. м: сапта, ара қашықтықты сақтай отырып жүгіру.

Негізгі қимыл түрлері:
1 Құрсаудың ішінен секіріп өту.
Б. м: екпінмен қос қолмен тартылып секіріп шығу.
2 төрт бұрыштың араларынан жүру.
Б. м: Әр төрт бұрышты қозғамай арасынан өту.
3 кішкентай доптарды 50 см арақашықтықта орналасқан нысанаға дәлдеп лақтыру.
Б. м: нысанаға оң қолмен лақтыру.

Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп - кішкентай ағаштар
Біп - биік боп өседі.

Қимыл ойыны: «Ақ қоян»
Ойын шарты: балалар дөңгеленіп қол ұстасып тұрады, ортада бір бала қоян болады. Балалар барлығы бірлесе қоянды оятуға тырысады.

- Қояным, қояным
Ұйқыңнан тұршы,
Бет қолыңды жушы,
Айнаға қарашы,
Шашынды тарашы,
Көйлегіңді киші,
Енді бізді қушы – деп балалар қаша жөнеледі.

Рфлексия:

Балалар біз бүгін не істедік?
Ол не үшін қажет?
7 162
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
9 сыныпқа арналған баскетбол сабағының конспект - жоспары
9 сыныпқа арналған баскетбол сабағының конспект - жоспары
Допты екі қолмен кеудеден беру техникасымен таныстыру; допты алып жүру техникасын үйрету; айып добын бір қолмен иықтан тастау техникасын жетілдіру.
Сапта тұру және сапты қайта құра
Сапта тұру және сапты қайта құра
Сапқа тұру. Сәлемдесу. Сабақтың мақсатын айту. Саптағы жаттығулар. Оңға! Солға! Айнал!
Әжеммен кім тұрады?
Әжеммен кім тұрады?
Балаларды жүгіру барысында бір - біріне кедергі жасамауға, жаймен секіруге, тізелерін бүгуге, түзу қойылған жіптің астынан өтуге және оған тиіп кетпеуге үйрету. Тәрбиешінің белгісін ыңдауға және белгі бойынша қимыл - қозғалыс жасауға, тапсырманы
Жемістер
Жемістер
Жемістердің түрлері мен таныстырып, оларды бір-бірінен түсі, пішіні, дәмі арқылы ажыратып білуге үйрету. Балалардың сүйіп жейтін жемістерімен жақын таныстыру, түстер туралы ұғымын бекітіп, ойлау қабілеті мен сөздік қорларын жетілдіру
Саппен жүгіру
Саппен жүгіру
ШҚО, Шүлбі орта мектеп –кешені дене шынықтыру пәні мұғалімі Тлеубаев Ғ.М.
Жоғары және төменгі сөре
Жоғары және төменгі сөре
Астана қаласы, №53 мектеп - лицей Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жанзаков Жетписпай Рахимович
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×