Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


4 санымен таныстыру

23 шілде 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: Таным.
Тақырыбы: 4 санымен таныстыру
Бөлімдері: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.

Мақсаты:
а) Ақпараттық - құзіреттілік Сандар туралы түсініктерін дамыту. 4 саны туралы ұғым беру. 4 цифр таңбасымен таныстыру.
б) Коммуникативтік - құзіреттілік
Логикалық ойлауын, есте сақтау қабілетін дамыту. Санамақ арқылы сөздік қорын дамыту.
в) Проблеманы шешу құзіреттілігі Балаларды достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі Сандар, суреттер.
Әдісі Саяхат, түсіндіру, сұрақ - жауап, жұмбақ.
Билингвалдық компоненті: Бір - один, екі - два, үш - три, төрт - четыре.

Іс - әрекет кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті:
Шаттық шеңбері.
Жарық болсын күніміз
Жарқын болсын үніміз
Елін сүйер ұлан боп
Біз болашақ гүліміз.

Балалар мен сендерді ертегілер еліне саяхатқа шақырғым келіп тұр.
- Барамыз ба?
Олай болса «Ұшқыш» кілемге отырып ертегілер еліне барайық.

Балалар біз «сиқырлы кілеммен» ұшып келеміз.
Балалар біз ертегілер еліне келдік. Қане «ұшқыш кілемнен» түсіп жайғасып отырайық.
- Нені сездіңдер?

- Нені көрдіңдер?
Жазық далада бір кіші үйшік тұрады. Сол жазық бойымен 1 саны келе жатып үйшікті көреді де есікті қағады?
1 саны: - Бұл үйде кім тұрады?
Ешкім дыбыс бермеген соң 1 саны ішке кіреді. Осында мен тұрайыншы,- деп отырады.
2 саны жазық далада тұрған үйшікті көріп жақын келіп есікті қағады.
2 саны: - Бұл үйде кім тұрады?
1 саны: - Мен 1 саны, өте нәзік жіңішкемін. Бір дегенім бала, санды дұрыс сана, сенің қанша атаң бар, сенің қанша апаң бар.
Ал сен кімсің?
2 саны: Мен 2 санымын. Қызыға сен қараған. Екі дегенім ешкі, таудан келер кешкі, лағы оның қанша, ізде келмей қалса. Мен сенімен бірге тұрайыншы? 2 саны үйге кіріп тұра бастайды.
3 саны келе жатып жазық далада тұрған үйшікке келіп есікті қағады.
3 саны: - Бұл үйде кім тұрады?
1 саны: Мен 1 саны, өте нәзік жіңішкемін.
2 саны: Мен 2 санымын. Қызыға сен қараған.
Екеуі бірге: - Ал сен кімсің?
3 саны: - Мен 3 санымын, құралған ек ілмектен 3 дегенім үйім, үйде жақсы күйің, бақшадан да қалма, тап - таза болып киін. Мен сендермен бірге тұрайыншы?
3 саны үйге кіріп сандармен бірге тұра бастайды.
Д/О: «Қандай сан жоқ?»
Жазық дала бойымен тағы 1 сан келе жатыпты. Үйшікті көріп есікті қағады.
- Бұл үйде кім тұрады?
1 саны: Мен 1 саны, өте нәзік жіңішкемін.
2 саны: Мен 2 санымын. Қызыға сен қараған.
3 саны: - Мен 3 санымын, құралған ек ілмектен.
Үшеуі бірге: - Ал сен кімсің?
4 саны: Мен 4 санымын. 4 дегенім түлік, жүргін мұны біліп, жылқы, сиыр, түйе, қой, сана мұны біліп қой. Мен сендермен бірге тұрайыншы.?
4 саны үйге кіріп тұра бастайды.

Сергіту сәті.
1, 2, 3 Жинап алып күш
Қолымызды жазамыз
Қолымызды созамыз
4 дегенде отырып, тұрып
Біз тынығып аламыз.
Міне балалар біздің бүгінгі танысатын санымыз – 4. Санды айтамыз, естиміз, ал ол санды цифрмен белгілейміз. Балаларға 4 цифрын көрсету.
Балалар орысша
бір – один
екі – два
үш – три
төрт – четыре,- деп атайды.

4 саны қалай пайда болды?
Жұмбақ.
Аяғы бар төртеу жүре алмайды
Не жатып бір демалмайды. Ол не?
Енді осы орындықты төңкеріп қояйық. Неге ұқсайды?
Төрт саны төрт бірліктен тұрады. Сондықтан қатарда төртінші тұрады. Балалар енді саяхатымызды одан әрі жалғастырайық.
Шаршамаймыз ешқашанда
Демаламыз бой жазып
Жүгіреміз, секіреміз.
Демалып ап жүреміз.
Балалар ертегілер еліне келдік, отырайық.
Жаңа жылдың алдында
Жарлық шықты жаһанда
Гүл бәйшешек көктесін
Біздің әсем шаһарда.
- Балалар қақаған қыс мезгілінде бәйшешек өседі ме?
Бірақ С. Я. Маршактың «Он екі ай» ертегісіндегі ерке ханшайыммен кім сөз таластыра алушы еді? Міне, сондықтан болар байғұс өгей қыз қақаған қыста орман ішінен бәйшешек іздеп кетеді. Бұл оқиға жаңа жыл қарсаңында болған.
Жаңа жылдық қарсаңда
Орындалмай қоймайды.
Жақсы тілек қашанда.

Қызға ағайынды он екі ай көмекке келіп, жылдың төрт мезгілі уақытша орын ауыстыруға келісті. Қысты көктем алмастырып, қар астынан мезгілсіз уақытша бәйшешек бүр атып шықты. Қуанған қыз бәйшешектерді теріп алып, ағайынды айларға ризашылығын білдірді. Он екі ай қызға жүзік сыйлады.
Қане, сиқырлы жүзіктің көмегімен осы қыздан бізді ағайынды он екі аймен таныстыруын өтінейік.
Жылжып жылдам жүзігім,
Домалашы бір бүгін
Келсін көктем алмассын,
Жаз бен алтын күзді күн
Қысқа да жетіп алайық.
Жылдың төрт мезгілі кіреді.
- Сәлеметсіздер ме балалар?
Үштен кейі төрт болар,
Бір жылда төрт мезгіл бар.
Қыс: Қыс мезгілі – күн суық,
Ақ қар жатыр жер жауып.
Көктем: Көктемде болар жер жаңа,
Егейік егін далаға.
Жаз: Жазғытұрым күн ұзақ,
Аптап тұрар күншуақ.
Күз: Алтын күз бізге берер нұр,
Жеміс - жидек пісіп тұр.
Балалар төрт жыл мезгілінің сіздерге арналған тапсырмасы бар екен. Қане орындайық.
- Қыс тапсырмасы.
Мына шана, шаңғышыларды санап, қанша екендігін білдіретін санды көрсет.
- Көктем тапсырмасы:
Менің мына әсем гүлдерімді топтастырып, санап, артық кем екендігін анықтаңдар.
- Жаз тапсырмасы:
«Дыбыс арқылы санды тап.»
Мақсаты: Есту мүшелері арқылы баланың ойлау қабілетін анықтау. Үнтаспадан жануарлардың дыбыстары естіледі.
- Күз тапсырмасы:
Үй жануарларына қатысты санамақ айту.
1 дегенім – баспақ, бұзауды жүр бастап
2 дегенім – ешкі, ешкі қойдан есті.
3 дегенім – үйрек, қолға жем бер үйрет.
4 дегенім – тайлақ, тайлақты қой байлап.

Жыл мезгілдері: Балалар тапсырманы жақсы орындадыңдар, енді біз қайтайық.
Тәрбиеші: Төрт жыл мезгілдері бір жылды құрайды. Олардың өзіне тән ерекшеліктері бар. Біз төрт мезгілді де жақсы көреміз. Сау болыңдар!
(Жыл мезгілдері кетеді.)
Балалар енді балабақшаға қайтайық.

«Тұлпарым» әні.
Ойын: «Түлкі мен қояндар.»

Қорытынды.
Тәрбиеші:
- Балалар біз бүгін қандай санмен таныстық?
- Төрт саны неге ұқсайды?
- Төрт санының көршісін тап

Қол ұстасып тұрайық,
Достық әнге салайық.
Көріскенше күн жақсы
Сау - саламат болайық.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
13 089
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ертегілер әлеміне саяхат
Ертегілер әлеміне саяхат
Балаларды ертегілер әлеміне саяхатқа апарып, театр түрлерін ажыратуға, театрға барғанда қалай отыру, өзін – өзі көпшілік ортада ұстай білуге үйрету. Ертегіні тындай білуге, ертегіні баяндауға дағдыландыру.
Ертегілер еліне саяхат
Ертегілер еліне саяхат
Ертегіні сахналау барысында кейіпкерлердің мінез - құлқын жеткізе білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету.
2 цифры және санымен танысу. Қысқа, ұзын. Сопақша (өзге фигуралардың арасынан табу)
2 цифры және санымен танысу. Қысқа, ұзын. Сопақша (өзге фигуралардың арасынан табу)
2 саны және цифрымен таныстыру: 2 цифрын жазып үйрену, «кеше», «бүгін», «ертең», түсініктерін айыра білуге үйрету: «алыс», «жақын» түсініктерін айыра білуге үйрету.
Ертегілер еліне саяхат
Ертегілер еліне саяхат
Халық ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын ертегілер арқылы арттыру. Өздері білетін ертегілерінің кейіпкерлерін атау арқылы, тілдерін жетілдіре отырып, ертегі кейіпкерлерін білуге үйрету.
Ертегі еліне саяхат
Ертегі еліне саяхат
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қалалық "№ 1бөбекжай балабақша" КҚМК Жұлдыз тобының тәрбиешісі: Ахметова Дания Кадировна
Сиқырлы гүлдер еліне саяхат
Сиқырлы гүлдер еліне саяхат
Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы №7 «Еркетай» МДҰ тәрбиешісі Курманбаева Гульнур Тастановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×