Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ардақтайық ананы

23 шілде 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Жүргізуші:
Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын ашайық!
Қош келдіңіздер аяулы аналар, ақ жаулықты әжелер, мейірі мол апалар! Жыл мезгіліндегі ең тамаша, ең шуақты мерекелердің бірі - 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз. Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер. Балаларыңыздың сіздерге арнаған «Ардақтайық ананы» атты ертеңгілігін қабыл алыңыздар.

Көктем келді – Ана күні, Әлем күні,
Әлемді тебірентер Ана күні.
Анасыз жан туған жоқ, жер бетінде,
Ұғып ал бөбектерім сендер мұны – деп ортаға «Ақбота» тобының бүлдіршіндерін ортаға шақырамын!

Жүргізуші:
- Балалар сіздерге жарық сыйлаған кім?
- Ана
- Жөргегіңді ауыстырған кім?
- Ана
- Жылатуға қимаған кім?
- Ана
- Сен ауырсаң жүдеген кім?
- Ол да Ана
Баланың да тірегі
Дананың да тірегі
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүрегі

Жүргізуші:
Өлең, айтып беремін,
Әдепті боп жүремін.
Өткенімен анамды,
Өте жақсы көремін – деп балалардың аналарына арнаған тамаша бір әнін қабыл алыңыздар!
ӘН: «Ақ мамам»

Жүргізуші: Ақ анашым, аппағым
Өзің жайлы тақпағым
Арналады сіздерге
Балалардың тақпағы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 093
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Ардақтысың сен – ана! мерекесі
Ардақтысың сен – ана! мерекесі
Музыкалық тақырыптық шығармаларды сауатты орындау арқылы балалардың рухани мәдениетін қалыптастыру. Анаға, әжеге деген сүйіспеншілікті ән құдіретімен жеткізу. аналарымызды сыйлауға тәрбиелеу.
Аяулы анашым! 8 - наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік
Аяулы анашым! 8 - наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік
Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын 8 - наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Келді,көктем құлпырып
Келді,көктем құлпырып
Құрметті аналар, әжелер, ару қыздар, әріптестер, балабақша бүлдіршіндері! Сіздерді көктемнің алғашқы қуанышы - 8 - наурыз төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Біздің сүйкімді бүлдіршіндеріміздің, яғни «Қарақия» тобының сіздерге арнаған «Келді, көктем
Ару ана - асыл ана
Ару ана - асыл ана
№3 орта жалпы білім беретін қазақ мектебінің мұғалімі Г.И.Есенова
Ана - бақыт, ана - нұр
Ана - бақыт, ана - нұр
ОҚО, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, Шолаққорған жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нарметова Рахима
Ана - гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы
Ана - гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы
Мұғалім:- Қош, келдіңіздер, аяулы аналар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×