Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


“Балақай” интеллектуалды топ аралық сайыс

26 шілде 2014, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
“БАЛАҚАЙ” интеллектуалды топ аралық сайыс
Қош келдіңіздер!
Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Алға қойған мақсатымыз бір екен.
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым
Армандарға қол созумен келеміз
Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз
Білімменен қаруланған тобымыз
Қарсылықты қалайда біз жеңеміз.

“Күншуақ” тобы
Сайысқа қатысушылар
Үй жақсы ма, бақша ма?..
(Ф. Оңғарсынова)
Қызықпын - ау өзім де
Мақтанарым шамалы
Үйге келген кезімде
Кеткім келмей қалады.
Мұнда қызық әрқашан
Келем сосын әрқашан
Үй жақсы ма, бақша ма?
Білмей жүрмін сол жағын.
Екеуіне сондықтан
Ортақ бала боламын
Күндіз ойнап бақшада,
Үйге келіп қонамын.

Таныстыру
Таныстырсам өзімді сізге бүгін
Азаматтың үш жасар бір гүлімін.
Абылғазы немересі ар - Кәусармын
Періштесі жеті рудың Табынымын.

Арман, қиял, асқан бақ
Сәби шақтан басталмақ
Балабақша білімге
Апаратын баспалдақ.
Қояр биік талабы
Ашық жарқын қабағы
Тәрбиеші апайдың
Қызықтырар сабағы.

Таныстыру
Менің атым Аружан
Еркесімін үйімнің
Әкімжанның айдай сұлу қызымын
Руым Жанғылыштың Шүйітімін

Мен бақшаға барамын
(Қадыр Әлімқұлов)
Шашымды да тарадым
Айнаға да қарадым
Ерте тұрдым ұйқымнан
Мен бақшаға барамын.
Қуыршақты аламын
Қол дорбама саламын
Әзір менің дәптерім
Қарындашпен қаламым
Балабақша байтағым
Күліп - ойнап қайтамын
Ән саламын, би билеп
Тақпақты да айтамын.

Таныстыру
Атым – болады Айда сұрасаңыз
Албан екен кешегі бір атамыз
Әкем аты - Арманбек асқар тауым
Пана болып біздерге жүз жасаңыз
Ұстазым Әдемі апай аяулы адам
Біздерден бар білгенін аямаған
Осындай ұстаздардың арқасында
Көпшіліктің көңілі тояр маған.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 355
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұшқыр ойлы топ атты сабақтан тыс өткізілген интеллектуалды сайыстың жоспары
Ұшқыр ойлы топ атты сабақтан тыс өткізілген интеллектуалды сайыстың жоспары
Балалардың ойлау қабілетін арттыру, ой - өрісін дамыту, жаңашылдық, ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалану. Математикаға ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.
Қазақстан халықтарының тілдері күні
Қазақстан халықтарының тілдері күні
Астана қаласы, №10 «Бөбек»балабақшасы Ботакоз Сағындыковна Аяпбергенова
Қызықты математика
Қызықты математика
Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Ө. Жолдасбеков атындағы №50 орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Урисбаева Жанат Алдамуратовна
“Миллион кімге бұйырады?” атты интеллектуалдық ойын
“Миллион кімге бұйырады?” атты интеллектуалдық ойын
Балқаш қаласындағы жалпы білім беретін типтік мектеп - интернатының математика пәні мұғалімі Баянбаева Айгул Нургалиевна
Озық ойлы тапқырлар сайысы
Озық ойлы тапқырлар сайысы
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Ақши орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі математик пәнінің мұғалімі: Смагулова Айгуль
Математикалық ралли
Математикалық ралли
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, ГКС - 12 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Мұқанова Маржан Қайратқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×