Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мен болашақты суреттеймін

20 тамыз 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Іс - әрекет мақсаты: Балаларды компьютерге үйрету, оқыту. Балалардың компьютерге деген қызығушылығын арттыру, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, қауіпсіздік ережелерін мұқият сақтай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: сиқырлы қобдиша, жүрекше, суреттер.

Сабақ барысы:
Тәрбиеші: Қане, балалар, «Әдепті елдің баласы ең алдымен сәлем берер» дегендей алдымен келген қонақтарымызбен амандасып алайық.
Балалар бәрі қосылып:
Армысың, шұғылалы алтын күн!
Армысың, қайырымды Жер - Ана!
Армысың, мейірімді Аспан – Ата!
Армысың, менің достарым!
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар!

Тәрбиеші: Балалар мен сендерді шын жүрегіммен «шаттық шеңберіне» шақырамын. Барлығымыз жақсы көңіл күйде бір - бірімізге тілегімізді айтайық!
Қол алысып, кәне, біз
Достасайық бәріміз
Айтарым бар сендерге
Тез тұрыңдар шеңберге
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!

М. Альбина: Мен күнмін, «Әрқашан күніміз сөнбесін!» деп тілеймін.
Есболсын: Мен тумын, «Ел байрағымыз көкте желбірей берсін!» деп тілеймін.
Нұршат: Мен гүлмін, «балабақшамыз жайнай берсін, балалар күліп жүрсін» деп тілеймін.
Рамазан: Мен бидаймын, «нанымыз көп болсын!» деп тілеймін.
Динара: Мен мұғаліммін, «білімді бала болып, даңқымыз биіктей берсін» деп тілеймін.
Сержан: Мен дәрігермін, «деніміз сау болсын, дастарханымыз мол болсын» деп тілеймін.
Майра: Мен жүрекшемін,«жүрегің таза адал болсын» деп тілеймін.
Жанарыс: Мен қыран құспын, «қанатың талмай, көкте самғай беріңдер!» деп тілеймін.
Ақтоты: Мен жапырақпын, «жапырақтай жайқалып өсе бер!» деп тілеймін.
Бахытжан: Мен елтаңбамын, «бейбіт өмір болып, жеріміз көркейе берсін!» деп тілеймін.
Нұрбек: «Әрдайым еліміз аман болсын!» (деп қолдарындағы суреттерін ортада тұрған жүрекшеге салып, ең соңғы бала жүрекшені тәрбиешіге береді).

Тәрбиеші: - Айтқандарың келсін, балалар, тілектерің қабыл болсын, - деп тәрбиеші оны жоғарыға қарай, бөлменің бір бұрышына іліп қояды.
Тәрбиеші: - Балалар енді орындарымызға отыра қояйық.
Балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Мен болашақты суреттеймін». Балалар біздер компьютер деген не, ол қалай пайда болған екен сол жөнінде шолып кетсек.
Алғашында компьютерлер өте үлкен болған екен. Үлкендігі сондай осы бөлмеміздей болыпты. Сондықтан ғалым ағаларымыз жұмыстарын жеңілдету үшін осындай кішкентай компьютерлер ойлап тапқан екен. Компьютерлер адамзат баласының теңдесі жоқ көмекшісі болып табылады екен.
Тәрбиеші: - Балалар біздер компьютерді барлығымыз білеміз, солай ма?
Тәрбиеші: - Балалар үйлеріңде компьютер барма?
Тәрбиеші:- Сендерге компьютер ұнай ма?
Тәрбиеші: - Компьютермен жұмыс жасағыларың келе ме?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 046
0
  • 60
1 дауыс


Жаңалықтар
Зообаққа саяхат
Зообаққа саяхат
Балаларға зообақ жайлы түсінік беру, жабайы аңдар туралы білімдерін тиянақтау
Жабайы аңдар
Жабайы аңдар
Балалардың жабайы аңдар туралы түсініктерін тереңдету. Олардың түрлерін бір-бірінен ажыратуға, дене мүшелерін дұрыс атай білуге үйрету.
Біздің Елбасы
Біздің Елбасы
Балаларға Президент туралы әңгімелеу, ұғымдарын кеңейту, сөздік қорын молайту.
Жер әлемі
Жер әлемі
Сабақта балалардың ғаламшар туралы білімдерін тиянақтау, судың қасиеттерін тәжірибелер көрсету арқылы білімдерін молайту.
Көбелек
Көбелек
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Жылтыр селосы, «Балбөбек» балабақшасы Қожабергенова Игілік Рыскелдіқызы
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Шалқар қаласы, № 6 орта мектебі № 6 орта мектебі Өткізген: Ешнияз Д. А
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×