Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алтын күз

23 қыркүйек 2012, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Мақсаты: Балаларды күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру, күз туралы алған білімдерін бекіту, әдемілікке, әсемдікке тәрбиелеу, бүлдіршіндердің бейімін дамыту.
Залдың іші мерекеге сай безендірілген. Балалар музыка әуенімен залға кіреді.

Жүргізуші:
Терістіктен желдетіп,
Жаңбырлатып, селдетіп,
Шаттандырып біздерді,
Шат шадыман күз келді.
Шатыр тікті сары алтын,

Шартараптың бәрі алтын.
Алып келді мереке,
Астық, жеміс береке.
Батырлыққа жараса,
Көбейді той тамаша
Ән салды өзен, тал-құрақ,
Шашу болды жапырақ.

Құрметті ата-аналар, қонақтар! Сіздерді «Балдырған» шағын орталығының «Күз - мереке» Ертеңгілігін тамашалауға шақырамыз.
Ән: «Күз жомарт»
Ж: - Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Күзде ағаш жапырақтары қалай өзгереді?
- Күз туралы қандай тақпақтар білеміз?

Назым:
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді
Дина:
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді

Арғын:
Күзім-ау, күзім-ау,
Мінезің бұзық – ау
Тоғжан:
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық - ау
Нұрділдә:
Алтын, сары, қызыл көк,
Алуан-алуан жапырақ

Жұлдызай:
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Аякөз
Ой, алақай тамаша,
Шашу шашты жапырақ.
Әлішер:
Сапырды дән алтын күз,
Сабан тойы салтымыз

Жансая:
Күздің салқын самалы,
Аймалайды маңдайдан,
Алып қашып барады,
Жапырақты сарғайған.
Алдияр:
Алтын, алтын, сары алтын,
Алтын күзде нұр жатыр.

Айзада:
Өрік, шие, балы бар,
Қауын, қарбыз, көбейді
Жегің келсе бәрін ал.

Гүлім:
Күз дос екен бізбенен,
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген
Жүргізуші:

Келесі кезекте «Қара жорға» биін тамашалаңыздар
Жүргізуші:- Күздің тағы қандай сыйы бар, балалар? Нан, жемістер, көкөністер
Ендеше күз сыйы туралы жаттаған тақпақтарымызды тарту етеміз
Қарлыға:
Көкөністі көп ектік,
Өссін, піссін деп ектік

Ерген:
Көктемде еккен көкөніс,
Күзде берді көп жеміс
Алуа:
Көктемде егін егетін,
Күзде жиып беретін,
Біздің дала бай дала,
Алтын астық айнала

Іңкәр:
Ел егінді жинайды,
Қырманға дән сыймайды
Біздің дала бай дала,
Алтын астық айнала
Асылай:
Астық дала сәулеті
Астық Отан дәулеті
Біздің дала бай дала
Алтын астық айнала

Нұрзада:
Астық жеміс жиылды,
Қамбамызға құйылды,
Ардақты күз мың алғыс
Алдық өнім сыйыңды
Мадина:
Қамба толды астыққа,
Алғыс саған, алтын күз,
Бір уыс дән шаштық та,
Арба қауын алдық біз!

Жібек:
Нан атасы – бидаймын,
Елге астық сыйлаймын
Айым:
Тіл үйірген шырыным,
Жемістердің бірімін
Мен маржандай шиемін
Ұнатамын күн нұрын

Шырай:
Мен алмамын, алмамын
Таңдайда қалар бал дәмім
Шынар:
Мен өрікпін, өрікпін,
Айналаға көрікпін

Ақнұр:
Мен жүзіммін, жүзіммін,
Моншақ болып тізілдім
Ерсұлтан:
Жеміске толып иінім,
Жұмсақ жасыл түйінім,
Бірте бірте қатайып,
Өзгерер сыртқы киімім

Балнұр:
Қара өрік деген атым бар,
Менен де дәм татыңдар,
Дәрі орнына жүруге,
Кейде менің хақым бар

Ойын: Жемістер мен көкөністер
Жүргізуші:Тамаша.Ендігі кезек әнге беріледі «Апорт деген тәтті алма»
Жүргізуші:Енді бишілер өнерін тамашалайық «Ақ бидай» биі
Хор: «Бала, бала балақан»
Би :«Табиғат»

Жүргізуші:
Осымен ертеңгілігіміз аяқталды, көңіл қойып, тамашалағандарыңызға рахмет!
55 079
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Берекелі, алтын күз! Утренник
Берекелі, алтын күз! Утренник
Береке бақ дарыған, Жомарт көңіл, жарқын жүз. Сары алтынға малынған, Жетті міне, алтын күз!
Күз сыйлықтары
Күз сыйлықтары
Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру.
Мерейлі күз, мырза күз
Мерейлі күз, мырза күз
Жүргізуші: Қош келдіңіздер құрметті ата - аналар, қонақтар! Бүгінгі «Қарлығаштар» тобының дайындаған «Мерейлі күз, мырза күз» атты ертеңгілігін тамашалауға шақырамыз!
Күз сыйы
Күз сыйы
Залдың іші күз мезгіліне қарай безендірілген. Балалар музыка әуенімен залға кіреді.
Алтын күз (ертеңгілік)
Алтын күз (ертеңгілік)
Құрметті қонақтар, балабақша қызметкерлері, балалар! Сіздерді «Айна» тобының «Алтын күз» мерекесін тамашалауға шақырамыз!
Арайлы - алтын күз
Арайлы - алтын күз
Зал іші мерекеге сай безендірілген. Қабырғаларға жапырақтар мен шарлар ілінген, жоғарыға құс макеттері, жеміс – жидек муляждары ілінген.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×