Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Балабақша көшбасшысы

22 қазан 2019, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: «Балабақша көшбасшысы»
Мақсаты: Балаларды заман талабына сай әр саладағы білімдерін кеңейте отырып,, білім деңгейін байқау. Ұлттық мәдениет құндылықтарын бойларына сіңіре отырып, тұлғалардың тапқырлығын, шеберлігін, танымдық қабілеттерін айқындау. Сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қадағалау. Ойлау қабілеттерін дамыта отырып, сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылдыру. Көшбасшылық қабілетін ояту, білімді, дарынды, озық болуға, алған білімдерін қолдана білуге тәрбиелеу.
Керекті құралдар: тапсырмалар бойынша слайдтар, суреттер, есеп амалдары жазылған карточкалар, әуенді музыкалар,

Ашық шараның жүру барысы:
Жүргізуші:
- Сәлеметсіздер ме құрметті сайыс қонақтары, балалар. Бүгінгі «Балабақша көшбасшысы» интеллектуалдық сайысына қош келдіңіздер. «Білімді ұрпақ - ел тірегі»- дегендей бүгін ересек, мектепалды даярлық топтар арасындағы білім додасын бастауға рұқсат етіңіздер. Сайысқа қатысушыларды қарсы алайық.
Сайысымызды бастамас бұрын сарапшылар алқасын сайлап алайық (әр бір тур бойынша балалардың алған ұпай сандарын санап қатерге беріп отырады, ал балалардың әр тур бойынша аз бал жинаған бір бала ойынан шығып отырады)

Жүргізуші:
Адам меңгермейтін білім бар ма?
Жойқын күшті тындырар күшің барда.
Оқы, үйрен, жас ұрпақ, бәрін меңгер
Алға қойған мақсатың, ісің барда! – деп сайысымызды бастаймыз.

Бүгінгі сайысымыз 6 бөлімнен тұрады:
І бөлім «Бәйге»
ІІ бөлім «Жеті жұрттың тілін біл.»
ІІІ бөлім «Қызықты тоғыздық.»
ІV бөлім «Көкпар»
V бөлім «Жорға»
VІ бөлім «Жүзден жүйрік»
Әр бөлімнің шартымен ойын барысында таныстырып отырамын.

І бөлім: «Бәйге»
Мықты болсаң - алдағыны басып оз,
Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң - тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт – деп, бәйге сайысына кезек береміз.

Қарап тұрмай бәйгіге еріңіз,
Шәкірттерге әділ баға беріңіз.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз.
Бұл бөлімде балалар қойылған сұрақтарға тез және нақты дұрыс жауабын беру керек. Берілген сұраққа жауапты білсеңіздер алдарыңызда тұрған тетікті басып жауап бере алатындарыңызды білдіресіңдер. Тетіктерді баспай жауап қабылданбайды. Жауап бере алмаса, келесі бала жауап бере алады. Сарапшылар назарына әр дұрыс нақты жауап үшін 5 ұпайдан беріледі. Ендеше сендердің білімге деген құштарлықтарыңызды дәлелдейтін «Бәйге» сайысын бастаймыз. Дайынбыз ба?

1. Біз қай Республикада тұрамыз? (Қазақстан Республикасында)
2. Бағдаршамның көздерін ата? (Қызыл, сары, жасыл.)
3. Бір аптада неше күн бар? (жеті)
4. Республикамыздың бас қаласы қалай аталады? (Астана)
5. 16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік алған күн)
6. Біз қай қалада тұрамыз? (Атырауда)
7. Дыбыстың жазба таңбасы қалай аталады? (әріп)

8. Алма, алмұрт, жүзім, өрік бұлар нелер, қалай аталады? (жеміс - жидектер)
9. Бір тәулікте неше мезгіл бар? (5 - таңертең, түс әулеті, бесін немесе түсқайта, кеш, түн)
10. Қияр, сәбіз, қызанақ, қызылша, картоп бұлар нелер, қалай аталады? (көкөністер)
11. Сөздер неге бөлінеді? (буынға)
12. Жыл басына нелер таласты? (хайуанаттар)
13. Адам тіршілігіне қажетті жылуды қайдан алады? (Күннің көзінен)
14. Мақалды жалғастыр: (Отан – оттан да...................)
15. Қ. Р. Президенті? (Н. Ә. Назарбаев)
16. Төрт түлік малды ата? (қой, жылқы, сиыр, түйе, ешкі)
17. Сөйлем неден құралады? (сөзден)
18. Дыбыстар нешеге бөлінеді? (екіге - дауысты, дауыссыз)
19. Түйенің төлі қалай аталады? (Бота)
20. Құйрығы екіге айырылған құс? (қарлығаш)
21. Адамның көру мүшесі? (көз)
22. Аяз ата қай мерекеде келеді? (жана жылда)
23. Қыста ұйқыға кететін аң? (аю)
24. Тудың түсі қандай? (көк)
25. Нанды қайда пісіреді? (наубайханада)

2 тур. «Жеті жұрттың тілін біл».

Ана тілің - арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тілінді құрметте» - деп Қадыр Мырзәлі ағамыз айтқандай, жас өркендердің тіл білімін тамашалайық.
Келді кезек жұмбақты шешуге,
Жауаптарын беруге үш тілдерде
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз
Жақсы баға шәкірт соған несібе.
Бұл турда жұмбақтар жасырылып, оның шешуін балалар үш тілде айту керек.
(Қазақша, орыс, ағылшын) Ойыншылардың есіне жауап тетікті баспай қабылданбайды. Жұмбақ шешуін екі тілде айтқан бала – 5 ұпайға ие болады, ал үш тілде айтқан бала – 10 ұпайға ие болады. Бұл сарапшылардың қатеріне береміз. Ал бастаймыз, мұқият тыңдаңыздар! Барлықтарыңа сәттілік тілеймін!

1. - Қыс бойы жатады, тәтті ұйқыға батады (аю - медведь - bear)
2. - Жылт - жылт етеді, жылғыдан өтеді. (су - вода - water)
3. Жайған жастық сөгілді, аппақ мамық төгілді. (Қар - снег - snow )
4. Жұдырықтай қызыл шар, тілді үрген шырын бал. (алма - яблоко - apple)
5. Онсыз астың дәмі жоқ, ассыз оның мәні жоқ (тұз - соль - salt )
6. Жеті қазынаның бірі - адамды күзетіп жүретін досы.(ит – собака - dog

Атырау қаласы,
№8 «Ақбота» шипа - жай типті бөбекжай - балабақшасы.
Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі
Гилажова Айгул Мауфихқызы

Толық нұсқасын жүктеу
22 284
0
  • 80
3 дауыс


Жаңалықтар
ХХI ғасыр көшбасшысы
ХХI ғасыр көшбасшысы
Дарынды оқушыларды анықтау, олардың қабілетін ашу, алған білімдерін өмірде қолдана білу шеберліктерін арттыру. Оқушылардың ойлау қабілетін, тапқырлығын, жылдамдығын, таным белсенділігін арттыру. Еркін сөйлеу қабілеттерін ашу.
Ғажайып алаң интеллектуалдық ойыны
Ғажайып алаң интеллектуалдық ойыны
Білімді, жан - жақты болуға үйрету. Білуге үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Дайын күнтізбелік жоспар, балабақша 2017
Дайын күнтізбелік жоспар, балабақша 2017
Дайын күнтізбелік жоспар, балабақша 2017. Балалардың қимылдық белсенділігін дамыта отырып, инновациялық әдістермен технологияларды қолданып, логикалық ойлауын, интеллектуалдық шығармашылық қабілеттерін қоршаған ортаға жағымды қарым - қатынасын
Жүзден жүйрік
Жүзден жүйрік
Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуға дамыту.
XXI ғасыр көшбасшысы
XXI ғасыр көшбасшысы
Интеллектуалдық ойын «XXI ғасыр көшбасшысы»
Тәуелсіздікке тарту ( XХІ ғасыр көшбасшысы)
Тәуелсіздікке тарту ( XХІ ғасыр көшбасшысы)
Абилхайрова Толқын Бисенбіқызы. Атырау обл, Исатай ауданы , Жанбай селосы. Х. Наубетов атындағы орта мектеп. Технология пәнінің мұғалімі.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×